Бордың шығу тарихы, қасиеттері, қолданылуы


Карбонат - аниондарды (СО



бет6/11
Дата07.01.2022
өлшемі233 Kb.
#16916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
0002e390-4334275c

Карбонат - аниондарды (СО32-)анықтау.

Сынауыққа ұсақталған борды салып,үстіне аздаған мөлшерде HCl тұз қышқылын құямыз.Тез арада сынауықты тығыны бар газ өткізгіш құралға бекітіледі. Құралдың бір ұшын 2-3 мл әк суы бар сынауыққа жібереміз. Бірнеше минут бақылаймыз,егер әк суында көмірқышқыл газының көпіршіктері пайда болса,әк суы лайланып кетеді.Тәжірибе арқылы бордың құрамынадағы карбонат – анионды (СО32-) анықтаймыз.



Крахмалды анықтау. Крахмалды анықтау үшін борды спиртшамның жалынына ұстаймыз. Бордың Құрамындағы көмірсуды (крахмалды) анықтаймыз (көмірсуларды қыздырған кезде көмірленеді). Крахмалдың сапасын анықтағанда иод ерітіндісін де қолдануға болады. Зерттелетін бордың түйіршіктеріне 2-3 тамшы иод ерітіндісін тамызамыз.Иод ерітіндісінің әсерінен түсі көк түске боялу керек.

Ғанышқа микрокристаллдық реакция жүргізу.

Микрокристаллдық реакция арқылы құрамындағы ғаныш тәрізді

байланыстырғыш заттарды анықтауға болады.Зерттелетін әр сынамадан 1 граммнан алып, келіде ұсақтап, 2 мл дистильденген су құйып,шыны таяқшамен араластырамыз.Алынған ерітіндіні сүзгі қағазынан өткізіп,сүзіп алу керек.Алынған сүзіндіні отқа қойып,суын буландырып, криссталлдарын аламыз.

Дайын препаратты микроскоппен қарау арқылы (егер бордың құрамында ғаныш болса,пішіндері ине тәрізді) ғаныштың криссталлдарының өскенін көруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет