Бордың шығу тарихы, қасиеттері, қолданылуы



бет11/11
Дата07.01.2022
өлшемі233 Kb.
#16916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
0002e390-4334275c

Оқушылардың аты-жөні

Диагнозы

Нурушева Диана

Асқанған тонзилит

Олифер Ксения

Туб.бен ауырған,емделуді жалғастыруда

Алиева Асия

Туб.бен ауырған,емделуді жалғастыруда

Землянов Дмитрий

Туб.бен ауырған,емделуді жалғастыруда

Волкорезов Андрей

Туб.бен ауырған,емделуді жалғастыруда

Алиев Рафик

Бронхиттің асқынған түрі

Бекмағамбетов Азамат

Бронхиттің асқынған түрі

Жаңбыршы Бекасыл

Бронхиттің асқынған түрі

Жаксылыков Ербол

Орта дәрежедегі бронхиалды демікпе

Мингужин Серик

Орта дәрежедегі бронхиалды демікпе

Старченко Людмила

Орта дәрежедегі бронхиалды демікпе

Кабдуалиев Бауржан

Асқанған тонзилит

Шаповалов Рамиль

Гипербронхиалды аденоид

Полешко Нина

Гипербронхиалды аденоид

Апонасенко Ольга

Гипербронхиалды аденоид

Бреславская Лаура

1,2-дәрежелі Гипербронхиалды аденоид

Звягинцев Виктор

1,2-дәрежелі Гипербронхиалды аденоид

Асқарбекұлы Ислам

1,2-дәрежелі Гипербронхиалды аденоид

Бадингер Вероника

1-дәрежелі Асқанған тонзилит аденоид

Звягинцев Виктор

Асқанған тонзилит

Садовничая Вероника

Асқанған тонзилит

Дробков Игорь

Асқанған тонзилит

Лунина Татьяна

Асқанған тонзилит

Мектепте тыныс алу жүйесімен ауыратын балалар бар.

Көпшілігінің ата-аналары туберкулезбен ауырғандықтан,бұл балаларды осында жібереді.

Кейбір балалар туберкулез ауруымен ауырған,қазіргі жағдайда олардың денсаулықтарын жақсартуда.

Аталған балалар денсаулықтарын жақсарту мақсатында оқып жатқандықтан,барлық жағдай болуы керек,әрине жағдай жасалып жатыр,дегенмен де аурулары тыныс алу жүйесімен қатысты болғандықтан, мектеп борының орнына басқадай заттар қолдану қажет.



Диаграмма арқылы мектептегі оқушылардың тыныс алу жүйесімен ауыратыны белгілі болғандықтан,денсаулықтарына зиян келмейтіндей жағдайлар ойластырылса.


2- Қосымша. Сауалнама талдауы

Бордың адам денсаулығына тигізетін қандай әсері бар екенін білу мақсатында мектеп мұғалімдерінен сауалнама алған болатынбыз.



Мұғалімдерден алынған сауалнама

1.Сіз қалай ойлайсыз,күнделікті мектеп борымен жұмыс жасау сіздің ағзаңызға зиян келтіреді ме?

1.Ия


2.Жоқ

3.Білмеймін



2.Бордың жағымсыз салдары болды ма,болса,қандай ?

а) қолдың терісін:

1.құрғатады

2.аллергиялық реакция береді

3.басқа


4.жағымсыз салдары жоқ

б) тыныс алу жүйесіне:

1.жөтел


2.демікпе пайда болды

3.басқа


4. жағымсыз салдары жоқ.

3.Мектеп тақтасын,борды басқа затпен ауыстыруға болады ма?Болса немен? Ойыңызды жазсаңыз.

Мұғалімдерден алған сауалнаманы талдап мынандай қорытындыға келдік.

Мұғалімдердің 90%-ы мектеп борының сапасына көңілдері толмайды,бор қолдың терісін құрғатады,киімге тисе,дақтар қалады,тақтаға жазғаннан кейін тақтаны сызып,ізін қалдырады.

Кейбір мұғалімдердің жауабынан бордың тыныс алу кезінде аллергиялық реакция беретінін,жөтелу,түшкіру сияқты, кері әсерлерін байқап жүргендерін атап өтті.Дегенмен 10%-ы әлі де болса,мектеп борын ешқандай затпен ауыстыруға болмайтынын жазған.Көпшілігінің талабы барлық сыныпта маркерлі, интерактивті тақталар болса.



Сауалнама мәліметтері диаграмма түрінде көрсетілді

Мұғалімдер қойып отырған талап-тілектері алдағы уақытта орындалатын шығар.Заманымыз жаңарып,ғылым мен техника дамып жатқанда,мектеп борын мүмкін пайдаланбайтын болармыз.Әзірше барлық сыныптар толық интерактивті тақталармен жабдықталғанша біздің айтар ұсынысымыз бар.



Біздің ұсынысымыз:

мектеп мұғалімдеріне айтарымыз,мектеп борынан туындайтын кері әсерді азайту үшін кеңестер айтқымыз келеді:



  1. Жұмыс кезінде борды пайдаланған соң,қолды жұмсартатын сабынмен үнемі жуып отыру;

  2. Қолды жұмсартатын жақпа майды жиі пайдалану;

  3. Тақтаны тек ылғалды шүберекпен тазартып,жуу;

  4. Тақта сүртетін шүберекті әр сүрткен сайын жуып тазартып отыру;

  1. Тақтаның шүберегін жиі ауыстырып отыру.

Қорытынды

Мектеп боры- оның құрамында әк, ғаныш(гипс), крахмал, ПВА,БФ,казейн желімдері,бояғыш тәрізді қаншама химялық заттары, ағзаға зиянды.

Зерттелген бордың үлгілерінің құрамында кальций карбонатының 40 тан 80%-ға дейін ғаныш(гипс) бар . Сыртқы түр-түсі бірдей болғанымен,зерттей келе химиялық құрамындағы қоспаларында айырмашылық бар екенін байқадық.

Ақпараттарды жинастыру кезінде бор туралы мағлұматтар алынды. Мектеп борын зияны жоқ,экологиялық таза,қолданылуға болатын зат ретінде

пайдаланғанымен де құрамындағы көптеген зиянды заттарын анықтай

отырып, тигізетін бірнеше зияны бар екенін,оның оқушыларға,мұғалімдер

үшін де кері әсерінің бар екенін білдік.Кейбір оқушылар борды жазып қана

қоймай, оны жейтінін де білеміз,дегенменде қазіргі борлардың құрамында

желім тәріздес заттар,гипс,крахмал,әкті заттар бар екенін көпшілігі біле

бермейді.

Әсіресе біздің мектептің оқушылары денсаулықтарын түзеп жатқанда,осындай ұсақ-түйек іспеттес заттарды да қолданудың пайдасы мен зияны жөнінде білгендері жөн деп білемін.Қазіргі әлемдегі болып жатқан,білім саласындағы жаңа өзгерістермен бірге,осындай мәселелерді де басшыларымыз қарастырса екен деп ойлаймын.Сонда ғана елімізде дені сау ұрпақтар өніп-өсер еді.

Қазіргі мектептерде интерактивті,маркерлі тақталар шығып жатыр.Әрине бұндай тақталар әр сыныпта тұрса игі еді. Біздің мектепте 13 сынып бөлмесі бар,ал интерактивті тақта төртеу ,қалған сыныптар мектеп борын пайдаланады.

Біздің ұсынысымыз да осы бордың орнын басатын маркерлі,интерактивті тақталар әр сынып бөлмесінде болса,кез-келген оқушының өміріне қауіпсіз болар еді. Зерттеу жүргізу мен үшін қызықты болғанымен,химияның қыр-сырын білдім,түрлі зерттеу жүргізу арқасында жоспар құруды,нақты нәтиже жасауды үйрендім.Барлық тәжірибенің қорытындысын математикалық мәліметтерге жүгіне отырып,қорытынды жасалынды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Химия без формул. / А.А. Карцова,1954,93-бет.

2.Оқушы анықтамасы./М.С.Сәулебекова,224-225-бет.

3.Оқушы анықтамасы./ М.С.Сәулебекова,2-кітап,220-221-бет.

4.Справочник школьника. Химия / Сост. М. Кременчугская, С.

Васильев. М.: Филолог, 1995. 380-бет

4.Б.А.Введенский.Большая советская энциклопедия./

Б.А.Введенский; -1954.2 басылымы.93-бет.

5.Я познаю мир: Детская энциклопедия: Химия / Авт.-сост. Л.А.

Савина. – М.АСТ, 1995. – 448 бет.



Интернет қорынан:

http://kk.wikipedia.org/

http://www.toybytoy.com/

http://ulitka.my1.ru/forum/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет