«Ботай-дала өркениетінің бастауы» Ғылыми жобаның орындаушысы: Ахмет Қуандық
Ғылыми жетекшісі:Райқұлова А
тарих пәнінің мұғалімі
2019 жыл.
Кіріспе Өзектілігі: Өрлеу мен өркендеу жолындағы еліміздің даму стратегиясы Қазақстан халқының өзара қарым-қатынасының бай тарихи тәжірибесіне негізделген. Бұл Еуразия жолы - экономика , мәдениет және рухани өмір салаларында әртүрлі ұлттар арасындағы қарым-қатынас Қазақстандағы археологиялық зерттеулердің нәтижесінде еуразияландыру тарихы көне заманғы мыс-тас дәуірінен (б.з.д. IV-III мыңжылдық) басталатындығы анықталып отыр .
Бірден-бір энеолиттік Ботай қоныс-мекенінде 30 жыл бойы (1980-2010жж.) жүргізілетін Солтүстік Қазақстан және Көкшетау археологиялық экспедицияларының ғылыми зерттеулері, сондай-ақ бірқатар елдер ғалымдарының ізденістері жалпы Еуразия құрлығы мен Қзазақстанның ежелгі тарихында бірталай ғылыми жаңалықтар ашуға мүмкіндік берді .
Өзектілігі:
Ботай мәдениеті жөнінде деректер.Ботай (Көкшетау, Қызылжар, Қостанай атырабындағы) мәдениетінің (б.д.д. ІV–ІІІ мыңжылд.) қалыптасуына еткен әсері қомақты болды. Бұл мәдениеттің өкілдерінің әлемде жылқыны алғаш қолға үйретумен кеңінен айналысқандығы жөніндегі мәліметтер бізге дейін жеткен.1983 жылы жылқы малы алғаш рет Қазақстанда қолға үйретіліп бағылғандығы жөніндегі жаңалық жарияланған еді. Енді, міне 2008 жылдың сәуір айында Көкшетау маңынан қымыз сақталатын ыдыс табылып, оның жасын археологтар (В. Зайберт) 6000 ж. деп белгілеп отыр. Бұл – неолит дәуірі деген сөз. Міне, сол дәуірдің тағы бір қомақты тарихи жәдігерлерінің (тасқа қашалып, суреті бедерленген домбыра) табылуы жоғарыда жасалған тұжырымызды нықтай түседі. Ұлы Далада мезолит пен неолиттік дәуірлерде Атбасар, Маханжар, Усть-Нарым және т.б. мәдениеттер өркен жайса, энеолитте мәдениетінің әсері Минусинск ойпатында қылаң берді. Зерттеушілер Ботай мәдениетін Атбасар мәдениетінің тікелей ізбасары ретінде таниды.