1-МЫСАЛ. Наурыз айының бірінші аптасындағы ауаның тәуліктік орташа температурасы: 30, 40, 50, 80, 60, 40, 70 болды. Осы аптадағы ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымын табыңыз.
А ) 30 В) 70 С) 50 Д) 80 E) 40
Шешуі : Ең үлкен температурадан ең кіші температураны азайтамыз: Демек, осы аптадағы ауаның 80-30=50 тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымы 50.
Жауабы : С) 50 Медиана Берілген сандардың саны тақ болса, онда олардың медианасы – осы сандардың өсу (кему) ретімен орналастырғанда қақ ортасында тұрған сан. Берілген сандардың саны жұп болса, онда олардың медианасы – осы сандардың өсу кему ретімен орналастырғанда ортада тұрған екі санның арифметикалық ортасына тең болады. Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:
Сол сан берілген сандар қатарының медианасы болады.
1-МЫСАЛ. Қазан айының бір аптасындағы ауаның тәуліктік орташа температурасы: 140 С, 150 С, 160С, 140С, 170С, 170С , 200 С болды. Қазан айының осы аптадағы тәуліктік температуралардың медианасын табыңыз.
А ) 170С В) 200 С С) 150 С Д) 140 С E) 160 С
Шешуі : Апта ішіндегі ауаның орташа температураларын өсу ретімен орналастырып жазамыз: 140 С, 150 С, 160С,140С,170С, 170С, 200 С яғни, 14, 14, 15, 16, 17, 17, 20
Осы сандар қатарының қақ ортасындағы сан: 16. Қазан айының осы аптасындағы тәуліктік температуралардың медианасы 160 С.