ЖОСПАР
I.Кіріспе...............................................................................................................2
1.1 Ботаника өсімдіктер туралы ғылым........................................................2
II.Негізгі бөлім..................................................................................................3
Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.......................................................3
Ботаниканың бөлімдері..........................................................................5
III.Қорытынды...................................................................................................9
IY.Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................10
Кіріспе
Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін, Тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшін өсімдіктерді танып, олардың жеуге келетіндерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің өсетін жерлерін анықтап, оларды жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсілдерін меңгеру қажет болған.
Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бүрын қальптгасқан. Оның алғашқы негізін салған көрнекті, ертедегі грек философы Аристотель (біздің эрамызға дейін 384— 322 жж.) мен оның оқушысы және жақын досы Теофраст болтан (біздің эрамызға дейін 371—286 жж.). Олар өсімдіктердің алуан түрлілігі мен қасиетгері, егудің тәсілдері, көбею жолдары және шаруашылықта қолданылуы, географиялық таралуы жөніндегі мәліметтерді жинақтап кітап етіп жарыққа шығарды. Теофрастқа пайдалы өсімдіктердің 600-дей түрі белгілі болтан, олардың қатарьша европаның өсімдіктерінен басқа шығыс елдерінен альш келген осімдіктерде кірген. Қазіргі уақытта ботаника үлкен көпсалалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан-жақты зерттеу жатады.
Осы өсімдіктер қауымдастықтары орманның, шалғынның, шөлейггің өсімдіктер жабынын түзеді. Өсімдіктердің структурасы мен өсу зандылықтарын, олардың қоршаған ортамен байланысын, жер шарындағы жекелеген түрлердің және тұтастай өсімдіктер қауымдастықтарының таралуымен, сол жерлерде қаншалықты жиілікте кездесетіндігін; өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, оның алуан түрлілігінің себебтерін және классификациясын; шаруашылыққа қажетгілігі жағынан құнды өсімдіктердің (малға азық болатын, дәрілік, жеміс-жидек, көкөністік, техникалық және басқа да өсімдіктерді) табиғи қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің (интродукция) жолдарын қарастыру болып табылады. Осы жоғарыда келтірілгендердің өзі ботаника ғылымы зерттейтін проблемаларды толық қамтиды деп айтуға болмайды. Алайда ботаника ғылымының алға қойған міндеттерінің ең бастыларына қоршаған ортаны (табиғатты) және өсімдіктер ресурстарын қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Әсіресе “Қызыл кітапқа” енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді зерттеуге көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені кез келген түрді жоғалту ол табиғатағы өсімдіктердің алуан түрлілігін азайту ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер қауымдастығының мындаған жылдар бойы қалыптасқан түрақтылығын бүзу болып табылады. Ботаника агрономия, топырақтану, орман шаруашылығы, геология, химия, зоология, өсімдіктердің физиологиясы, өсімдіктердің биохимиясы және биологиялық математика (биометрия) секілді ғылымдармен тығыз байланысты. Ботаниканың жаңа салалары бойынша эксперименттік зертгеулерді жүйелі түрде жүргізу мақсатында әртүрлі жаңа тәсілдерді және техниканың мүмкіндіктерін пайдаланады. Әсіресе микроскопиялық техниканың (оптикалық және электрондық), есептеу машиналарының, компьютерлердің, физикалық приборлардың мүмкіңдіктерін пайдалануға көп көңіл аударылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |