Ботаника өсімдіктер туралы ғылым


Өсімдіктердің географиясы (фитогеография)



бет4/6
Дата24.11.2022
өлшемі39,2 Kb.
#52367
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ботаниканың негізгі бөлімдері

Өсімдіктердің географиясы (фитогеография) — ботаниканың ең үлкен бөлімдерінің бірі, оның негізгі міндеттеріне өсімдіктердің жөне олардың қүрлықтағы жөне судағы қауымдастықтарының (ценоздарының) таралуы мен белгілі бір кеңістікте қаншалықты жиілікте кездесетіндігінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.
Фитогеографияның шеңберінде жекелеген пәндердің тұтастай сериясы бөлініп шықты. Оларға мыналар мысал болады: географияның тарихы — бұрынғы геологиялық кезеңдердегі өсімдіктердің таралу заңдылықтары туралы ғылым; фитоценология (геоботаника) — тарихи қалыптасқан өсімдіктер қауымдастықтары (фитоценоздар) туралы, олардың құрылыстары, дамуы, таралуы, пайдалануы және қайта жақсартудың мүмкіндіктерінің зандылықтары туралы ғылым. Фитоценологияның жайлымдарды, шабындықтарды, шалғындарды пайдалану мен жақсартудың ғылыми негізі ретінде маңызы зор.
Өсімдіктердің экологиясы. Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен тікелей байланысты (климатқа, топыраққа, рельефке және т.б.), бірақта өсімдіктер өз кезегінде осы ортаны түзуге қатысады. Мысалы, топырақтың түзілуіне қатысады, климатты өзгертеді. Экологияның міндеттеріне — өсімдіктердің құрылысы мен тіршілігін қоршаған ортамен байланыстыра отырып зерттеу жатады. Егін шаруашылығы практикасында бұл ғылымның маңызы аса зор. Өсімдіктердің физиологиясы — өсімдіктердің тіршілік процестерін, негізінен олардың зат алмасуын, қозғалуын, өсуін, даму ырғақтылығын, және т.б. зерттейтін ғылым.
Микробиология — негізінен бактериялар мен кейбір саңырауқұлақтардан тұратын микроорганизмдердің өмірлік циклдарын зерттейтін ғылым. Топырақ микробиологиясыньщ жетістіктері ауылшаруашылық практикасында кеңінен қолданылады.
Палеоботаника — бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен өсімдіктер туралы ғылым. Ботаниканың басқа бөлімдері алдарына қойылған арнайы міндеттерді атқаруына және жаңа тәсілдерді қолдануьша байланысты көптеген ерекше пәндер ретінде дербес қалыптасқан. Оларға биофизика, биохимия, генетика және т.б. мысал бола алады.
Ботаниканың зерттеу объектісіне қарай бөлінуі:

Альгология, лихенология, микология, бриология, дендрология, карпология, полинология, ризология, фитопатология.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет