Ботаника өсімдіктер туралы ғылым


Альгология – ботаника ғылымының балдырларды зерттейтін саласы. Микология



бет5/6
Дата24.11.2022
өлшемі39,2 Kb.
#52367
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ботаниканың негізгі бөлімдері

Альгология – ботаника ғылымының балдырларды зерттейтін саласы.
Микология – саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым. Микологияның негізгі мақсаты саңырауқұлақтыңморфологиясын, түрлік құрамын, жүйелік топтарын, биологиясын, экологиясын, физиологиясын, филогениясын, т.б. сондай-ақ табиғатта таралуы мен адам тіршілігіндегі маңызын зерттеу.
Саңырауқұлақ (шампиньон, трюфель, бүріспе) туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. 4 ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Теофрастың еңбектерінде кездеседі. Б.з. 1 ғасырында итальяндық ғалым Плиний саңырауқұлақтардың дамуына сипаттама беріп, бірінші рет олардың жіктелімін жасамақшы болды. 1578 жылы голландық ғалым К.Клаузиус саңырауқұлақтардың 221 түріне арналған түрлі-түсті атлас жасады.
Микология ғылымның дамуын 3 кезеңге бөлді.
Бірінші кезеңі 19 ғ-дың ортасына дейін – әр түрлі саңырауқұлақтарды сипаттау, олардың жіктелімін жасау жұмыстары жүргізілді. Бұл кезеңде белгілі болған еңбектер – голландық миколог Х.Персонның “Саңырауқұлақтарға сипаттама” (1801) атты 2 томдығы және швед ботанигі Э.Фристің“Саңырауқұлақтар жүйесі” (1821 – 32) атты еңбектерін атауға болады.
Екінші кезең – 19 ғ-дың ортасынан аяғына дейін. Бұл кезде француз ғалымдары ағайынды Л. және Ш. Тюландар бір саңырауқұлақ түрінің әр түрлі спора түзетінін (плеоморфизм құбылысын) анықтады. Ал неміс ботанигі А. де Бари паразитті саңырауқұлақтарды зерттеудің тәжірибелік әдістемесін ұсынды.
Үшінші немесе жаңа кезең 19 ғ-дың аяғынан басталады. Бұл кезең саңырауқұлақтардың физиологиясы мен биохимиясының дамуымен сипатталады.
Бриология – мүкті зерттейтін ботаника ғылымының саласы; мүктерді зерттейтін ботаниқаның бөлімі.
Дендрология – ағаштар, бұталар, олардың құрылысы, жүйеленімі,филогенезі, физиологиясы, экологиясы, шаруашылық мәні туралы ғылым; ботаниканың бір саласы.
ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, қазіргі уақытта ботаника үлкен көп салалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан-жақты зерттеу жатады. Өсімдіктердің структурасы мен өсу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен байланысын, жер шарындағы жекеленген түрлердің және тұтастай өсімдіктер қауымдастықтарының таралуымен, сол жерлерде қаншалықты жиілікте кездесетіндігін; өсімдіктер дүниесінің себептерін және классификациясын; шаруашылыққа қажеттілігі жағынан құнды өсімдіктердің (малға азық болатын, дәрілік, жеміс-жидек, көкөністік, техникалық және басқа да өсімдіктерді) табиғи қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің жолдарын қарастыру болып табылады. Осы жоғарыда келтірілгендердің өзі ботаника ғылымы зерттейтін проблемаларды толық қамтиды деп айтуға болмайды.


Алайда ботаника ғылымының алға қойған міндеттерінің ең бастыларына қоршаған ортаны (табиғатты) және өсімдіктер ресурстарын қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Әсіресе «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді зерттеуге көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені кез келген түрді жоғалту ол табиғаттағы өсімдіктердің алуан түрлілігін азайту ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер қауымдастығының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тұрақтылығын бұзу болып табылады.
Ботаника агрономия, топырақтану, орман шаруашылығы, геология, химия, зоология, өсімдіктердің физиологиясы, өсімдіктердің биохимиясы және биологиялық математика секілді ғылымдармен тығыз байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет