II.Негізгі бөлім 2.1.Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы Біздің планетамыздағы континенттер 150 млн.км.кв. жерді алып жатады, олардың көпшілігін өсімдіктер жауып түрады. Тіптен климаты ең қатал ш өлдердің өзінде өсімдіктердің тіршілігі тоқтальш қалмайды. Тек полюстердің мұз басқан кеңістіктері мен таулардың ең биік шыңцарында ғана өсімдік болмайды. Теңіздер мен мұхиттар жер бетінің шамамен 360 млн.км.кв.-дей кеңістігін алып жатады. Бүл жерлерде су өсімдіктері (негізінен балдырлар) көптеп кездеседі. Олардың біреулері, микроскопиялық ұсақ болып келеді және судың бет жағында жүзіп жүретін планктонды қүрайды, ал екіншілері су астында субстратқа бекініп шалғын түзетін — бентос болып табылады.
Олардың кейбіреулері ересен үлкен болып келеді және 100 м үзыңдыққа дейін жетеді, кейде тіптен одан да асып кетеді. Өсімдіктердің басым көпшілігінің түсі жасыл болады, ол бұлардың клеткаларындағы хлоропластар деп аталынатын ерекше органеллаларыңда немесе органоидтарында жиналатын жасыл пигмент хлорофиллге тікелей байланысты болады. Хлорофиллдің ерекше қасиеті сол, ол күн сәулесінің электромагнитгік энергиясын тасымалдаудағы күрделі процестерге қатысады. Яғни өсімдік хлорофилл пигменттерінің көмегімен күн сәулесінің электромагниттік энергиясын пайдалана отырып ауадан өз бойына көмірқышқыл газын сіңіреді де, судың қатысуымен органикалық заттардың химиялық энергиясын түзеді (фотосинтез). К.АЛимирязев өзінің бір ашық лекциясьшда былай деген екен: “Бір кездерде, бір жерге күннің сәулесі құлаған, бірақ ол құнарсыз топыраққа емес, бидайдың биіктігіндей болатын жасыл шөптердің өркендерінің үстіне түскен, дәлірек айтқанда хлорофилл дәндеріне түскен.
Осылайша жасыл өсімдіктердің өркендеріне соғылған сәуле өшіп, жарық беру қабілетінен айырылған, бірақ мүлдеп жоғалып кетпеген. Ол тек ішкі жүмыстарға жұмсалған, ол крахмалды түзген. Осы крахмал қанттың ерітіндісіне айналып, өсімдіктің бойын ұзақ уақыттар аралағаннан кейін барып, оның бір жеріне жиналады. Көбіне ол өсімдік дәндерінде крахмал түрінде немесе клейковина (астық дәніндегі белоктік зат) түрінде жиналады. Ол қандай да бір формада бізге тамақ болатьш нанның құрамына кіреді. Ол біздің бұлшық еттерімізге, нерв жүйелерімізге айналады. Осыдан кейін барып көміртегінің атомдары біздің организмімізде қан арқылы денеміздің барлық жеріне таралатын оттегімен қайтадан қосылуға ұмтылады. Бұл жерде күннің сәулесі химиялық энергия түрінде, қайтадан нағыз күштің формасына келеді. Бәлкім осы минутта ол біздің миымызда ойнап тұруы мүмкін” Қысқасы: “Тамақ біздің организміміздегі қуат (энергия) көзі, сондықтанда басқа нәрсе емес, сол ғана күн сәулесінің консервасы”болып табылады. Фотосинтез процесінің барысында органикалық заттардың түзілуімен қатар, ауаға оттегі бөлініп шығады. Онымен біздер тыныс аламыз. Атап өткен жөн фотосинтез процесі аса үлкен көлемде (колосальных масштабах) жүзеге асады, өйткені бір өсімдіктің жапырақ тақталарының алып тұратын ауданы, осы өсімдікітің алып тұрған жер көлемінен бірнеше есе артық болады, ал бір жапырақтың хлоропласттарының алып тұратын ауданы осы жапырақтың алып тұратын ауданынан 10 есе артық болады, ал хлоропласт мембраналарының алып жататын ауданы, осы өсімдіктің фотосинтез процесі жүретін жалпы ауданын тағы да 100 есеге арттырады. Өсімдіктер түзген көп қабатты жасыл эвглена алып тұрған ауданы біздің планетамыздың жер көлемінен бірнеше есе артық болады. К.А.Тимирязевтің берген анықтамасы бойынша, хлорофилл дәні әлемдік кеңістіктегі күн сәулесінің химиялык энергияға ауысып, жер бетіндегі барлық тіршіліктің көзіне айналатын орталығы болып табылады. Аса көрнекті прогрессивтік көзқарастағы физиктердің бірі Ф.Жолио-Кюри мынадай қызық ой айтқан: “мен атом энергиясының болашағына сенемін және осы жаңалықтың маңыздылығына күмән келтірмеймін, бірақта менің ойымша энергетика саласында нағыз өзгеріс, тек сол жағдайда ғана болады, егерде біздер хлорофилл секілді немесе сапалығы оданда жоғары болып келетін молекулалардың көп мөлшерде тұрақты түрде синтезделуіне қол жеткізер болсақ” Оған қол жеткізу үшін молекуланың осы типін және фотосинтездің іс-әрекетін жан-жақты зерттеу керек”. Осы сөзден кейін бірнеше жыл өткен соң бір мезгілде екі лабораторияда (ГФР және АҚШ ) хлорофилл жасанды жолмен синтезделді. Бірақта ғылымның осындай даусыз қомақты жетістігінің маңызын асыра бағалаудың қажеттігі шамалы. Өйткені өсімдіксіз фотосинтез процесін іске асыру мүмкін емес.
Фотосинтездің құпия сыры әлі күнге дейін толық ашылмай келеді. Өсімдіктердің атқарып отырған жүмыстарының көлемінің қаншалықты екендігін дәл анықтау қиын, тіптен мүмкін де емес. Шамамен есептегенде, өсімдіктер фотосинтез процесінің нәтижесінде жыл сайын 400 млрд.т. органикалық заттар түзеді және сол үшін олар 175 млрд.т. көміртегін (бөлкем одан да көп мөлшерде) пайдаланады. Сонымен, эволюцияның барысында жер бетіндегі тіршілік осыдан миллиондаған жылдар бүрын пайда болтан, ал өсімдіктер болса хлорофиллдерінің болуына байланысты органикалық емес заттардан, органикалық заттарды синтездеуге қабілетті жалғыз организм ретінде дараланған..