Патогенді факторлары. Барлық биологиялық улардың арасында C. botulinum экзотоксині ең күшті у. Экзотоксиннің 0,3 мкм мөлшері адамды өлтіреді. Ботулизм экзотоксині нейротоксикалық геммаглютинациялық әсер көрсетеді. Оның ерекшеліктері – жоғары температураға (100⁰C 10 -15 минут шыдайды), қышқыл реакцияға, ас тұзының жоғары концентрациясында, тоңазытуға, тағам ферменттеріне жоғары тұрақтылық байқатады.
Эпидемиологиясы. Ботулизм қоздырғышы табиғатта кең таралған. Оны жануарлардың, балықтардың, сушаяндардың ағзасынан табады, солар арқылы топыраққа, суға түседі.