Бөлшектердің бұрамасұқпа арқылы қосылысы
Бекіту бөлшектерінің өлшемлері қосылыстың шартты байланыстарынан анықталады. Бөлшекке диаметрі 0,85d және l+0,5d болатын қуыс тесіледі. Тереңдігі 0,5d артық орын, ұя түбіне бұранда дұрыс түсірілмегендіктен жасалады. Ұяға бұранда жасалғаннан кейін бұрамасұқпаны бір ұшымен шегі жеткенше бұрап енгізеді. Қосылатын бөлшекке d0=1.1d диаметрімен қуыс тесіледі де, бұрамасұқпаға кигізіледі. Содан соң шығырық кигізіліп, сомын бұралады.
Сомын негізгі көріністе қырымен көрсету керек; бекіту бөлшектерін қиылмаған түрде салады. Бір-бірімен шектес бөлшектердің қимасын, әр жаққа көлбеген штрихпен белгілейді. Штрих түсіруді бұрамасұқпа бұрандасының тұтас сызығына және ұядағы бұрамасұқпаға дейін жүргізеді.
Сурет 41
Достарыңызбен бөлісу: |