2-жүргізуші: Сайысымызды танысудан бастасақ:_____________________________________
1-жүргізуші: _______________________________________________
Ендігі кезек әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
1._____________________________________________
2._____________________________________________
3._____________________________________________
«Бұрымды қыз» сайысының шарттарымен таныстыралық:
Таныстыру. (өз қалауымен)
Жарнама (шарты: шаш күтуге байланысты бұйымдарды жарнамалау, видеоролик )
Үй тапсырмасы: 5 фото шаш үлгісі ( шарты: фото суретте қатысушы болу керек)
Жағдаят. (қатысушының ақылы, ой-өрісінің тереңдігі сарапталады.)
Шаш күтімі жайлы кеңес.
Ең шашы ұзын қызды анықтау.
«Шолпысы әсем жарасып белге» (ұлттық киім кию шарт, қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады.)
2-Жүргізуші: « Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.
Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?» деп Абай атамыз жырлағандай ортаға бүгінгі сайыскерлерімізді шақырамыз!
-
-
-
1-Жүргізуші:-Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз сұлудың көркі –шаш, шаштың көркі шаштеңге деп есептеген.Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалаған.
2-Жүргізуші:- Иә, дұрыс айтасың. Шаш тек сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, ол-әйелдер қауымының, яғни Хауа ана мен Бибі Фатима анамыздан бастап берілген Алланың айрықша сыйы, құрметі, сәні, еншісі. Шолпы, шашбау, шаштеңге, шашқап-сол сый құрметке сай, әрі әйелдің әсем табиғаты мен нәзік жаратылысына лайықталған қазақтың талғампаздық үлесі, әрі ұлттық сыр-сыйпаты.
1-Жүргізуші: - Ендеше, көп күттірмей сайысымыздың 1-ші шартына көшелік
Достарыңызбен бөлісу: |