«Бұрымды қыз» Мақсаты



бет7/7
Дата01.02.2022
өлшемі23,57 Kb.
#24664
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
бұрымды қыз байқауы

2-Жүргізуші:-Сайысымыздың  келесі шарты. «Шолпысы әсем жарасып белге» (Музыка ойнап тұрады сайыскерлер кезегімен ортаға шығады, аттарын атап шақыру) ұлттық киім кию шарт, қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады.

 

1-Жүргізуші:- «Бұрымды қыз» сайысымыз да мәреге келіп- жеткен сияқты. Ендігі сөздің кезегін әділ қазыларға берсек деймін.



Марапаттау:

 

2- Жүргізуші:- Осымен сайысымыз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сау-саламатта болыңыздар!



 

 

1билет



1.Сабақты жақсы оқисыз, сонымен қатар саз мектебіне барасыз. Анаңыз үй шаруасынан босатқан, бәрін өзі істейді. Сіз үйде көп болғаннан гөрі дос қызыңызбен бірге уақыт өткізгенді ұнатасыз. Сіздің іс-әрекетіңіз?

 2.Сүйінші деген не?

 

2-билет


  1. Мектептен келдіңіз. Шаршағансыз. Дос қызыңызбен ренжісіп қалдыңыз, мұғалімдер де сізді түсінбейтін сияқты. Сіз анаңызға «маңызды бір нәрсе айтқым келеді» дедіңіз,

бірақ анаңыз «сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма» деді. Сіздің жауабыңыз?

2.Сыбаға деген не?

 

3-билет


  1. Дүкеннен қымбат көйлек көрдіңіз. Кешке дискотека. Әдемі көйлек киіп, айна алдында тұрғаныңызды көз алдыңызға елестетіп, тәтті  қиялға  беріліп  кеттіңіз. Анаңызға «әпер» деп едіңіз, «ақша жоқ» деді. Сіздің іс-әрекетіңіз?

  2.  Тоқым қағар дегеніміз не?

 

4-билет


  1. Сізге кешкі астың ыдысын жуу керек, Сіз әлі теледидардан көптен күткен телекихая  көріп отырсыз. Сіңіліңіз келіп «анам ыдыс жусын деп шақырып жатыр»  деді. Сіздің әрекетіңіз?

  2. Байғазы деген не?

 

5-билет


  1. Құрбыңмен отырып, уақыт қалай өткенін байқамай қалдыңыз. Анаңыздың  «ертерек кел»  дегенін естен шығарып алдыңыз. Не істейсіз?

  2. Ит жейде деген не?

 

6-билет


  1. Сыныптас ұлдарыңыздың  төменгі сынып оқушыларынан ақша талап еткен іс әрекетін байқап қалдыңыз. Не істейсіз?

  2. Кіндік шеше деген кім?

 

7-билет


  1. Сіз туралы сыныптас қыздарыңыз лақап сөздер айтуын тияр емес. Көбі шындыққа жанаспайды. Сіздің іс әрекетіңіз?

  2.  Әмеңгерлік деген не?

 

8-билет


  1. Сіз туған күніңізге құрбыларыңызды шақырғыңыз келеді. Бірақ ата-аналарыңыз саяжайда болатынын айтып рұхсат етпеді.  Сіздің іс  әрекетіңіз?

  2.  Көрімдік деген не?

 

9-билет


  1. Абайсызда химия пәніне пайдаланатын приборды сындырып алдыңыз. Ешкім байқамаған сияқты. Ертесінде Химия пәні мұғалімі  бүкіл сыныпты тұрғызып қойып,

орнына  жаңасын әкелуді талап етті. Сіздің іс әрекетіңіз?

  1. Аластау деген не?

 

10-билет.



  1. Жақын құрбыңыз үнемі сабаққа кешігеді және сабақ үлгерімі де нашарлағанын байқап жүрсіз. Сіздің іс әрекетіңіз?

  2. Сәресі деген не?

 

11-билет


  1. Жоғары сыныптың бір оқушысы Сіздің жақын құрбыңызды ұнататынын айтты. кездестіру ұйымдастыруды өтінді. Бірақ ол бала Сізге ұнайды. Не істейсіз?

  2. Қалжа деген не?

 

 

 



 

12-билет


  1. Сыныптастарыңыз жаңадан келген оқушыны қабылдағысы келмей, күлкіге айналдырып, келемеждейді, кемсітеді. Сіздің іс әрекетіңіз?

  2. Балдыз деген кім?

 

13-билет


  1. Көңіл күйіңіз онша емес, сабақ қарауға мүлдем зауқыңыз жоқ. Уақыт та кеш болып қалды,  сабақ қарамасаң пән мұғалімдері нашар баға қоятыны белгілі. Не істейсіз?

  2. Бажа деген кім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет