Таныстыру. Ортаға 1-ші сайыскерімізді шақырайық!
2-Жүргізуші:Әділ қазылар бағасы:
1-Жүргізуші: ________________ орындауында Алтынбек Қоразбаевтың «Үкілі қыз» әнін қабыл алыңыздар!
2- Жүргізуші:-Рахмет, өнерің өрге жүзсін! Қазақ халқы әйелдердің сұлу шашын ертеден-ақ жоғары бағалаған. Осыған байланысты әдет-ғұрыптар, тыйымдар туған. Шашыңды отқа тастама, шашыңды жайма, шашыңды қима деген тыйымдар бар. Жас әйелдің шашын маңдайдан айырып, екі бұрым етіп өрген соң оның арасын бір сүйемдей етіп ұшынан бір-біріне жалғайды, бұл «жұбымыз жазылмасын» деген ақ тілек белгісі. Ал, қыздар бұрымын дара өреді, бір-біріне жалғамайды.
1- Жүргізуші:-Қыздарға Алтыншаш, Қарашаш, Сұлушаш деген ат қоюдың өзі шаш қасиетін көрсетеді емес пе?Қазақтың қылмыс заңында да шаш туралы бірнеше бап бар. Егер әйелдер өзі қылмыс жасаса олардың шашын кесіп жазалаған. Ол әйелдер үшін өлім жазасымен тең қаралған. Шаштың ұшын қиған қыздарға шапалақ беріледі. Демек, әйелдерге тән шаш бағасы мен құнын халқымыз ерте білген.
2-Жүргізуші:_Сайысымыздың_2-ші_шарты_бойынша,_Жарнама.'>2-Жүргізуші: Сайысымыздың 2-ші шарты бойынша, Жарнама. (шарты: шаш күтуге байланысты бұйымдарды жарнамалау, видеоролик )
(Экраннан видеоролик тамашалау.)
2-Жүргізуші:Әділ қазылар бағасы:
1-Жүргізуші: Күй
2-Жүргізуші: - Пай-пай, домбыраның күмбірлеген дауысына не жетсін!
Достарыңызбен бөлісу: |