Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет62/243
Дата22.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#26137
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   243
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Қайталау үшін сұрақтар:
1.  №  1050  «Ағымдағы  банктік  шоттардағы  валютамен  ақша 
қаражаты» шоттардың дебеті бойынша нелер бейнеленеді?
2. Қандай жағдайларда № 1050 «Ағымдағы банктік шоттардағы 
валютамен ақша қаражаты» кредиттеледі?
3. № 1050 «Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қара-
жаты» шоттарға аналитикалық есепті жүргізу қандай жағдайларда 
ұсынылады?


63
4.  Бағамдық  айырма  пайда  болу  жағдайында  қай  шоттар 
дебеттеледі және кредиттеледі?
28. Кассалық операциялар жүргізудің тәртібі
Қолма-қол  ақшаны  қабылдау,  сақтау  және  жұмсау  үшін 
кәсіпорында  касса  болады.  Қолма-қол  ақшамен  жұмыс  істеу 
ережелері ҚР Ұлттық банкінің нұсқауымен бекітілген.
Нұсқау мыналарды ұйғарады:
— ҚР банк мекелерінде барлық ақша қаражаттарын сақтау;
— чекте көрсетілген мақсаттарға, банктерден алынатын қолма-
қол ақшаларды жұмсау;
—  банк мекемелерімен бекітілген лимиттер шегінде кәсіпорын-
ның кассасында қолма-қол ақшаны сақтау;
— кассалық құжаттарды дайындау және қолма-қол ақшаны қа-
былдау мен беру тәртібі;
— ақша қаражаттарын сақтау мен тасымалдау кезінде олардың 
түгелдігін қамтамасыз ету бойынша көрсетулер;
— кәсіпорын кассаларының орнын жабдықтау тәртібі.
Кассир  жұмысқа  орналасқан  кезде  кассалық  операцияларды 
жүргізу  ережелерімен  танысып  және  кәсіпорын  әкімшілігімен 
толық  жеке  материалдық  жауапкершілік  туралы  келісім  шартқа 
отыруға тиісті. Ол өзі қабылдаған құндылықтардың түгелдігі үшін 
Материалды жауапты болады. 
Кассалық операцияларды дайындау кезінде төмендегі құжаттар 
пайдаланылады:
кіріс кассалық ордерлер;
шығыс кассалық ордерлер;
— кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы;
— кассалық кітап.
Кассаға қолма-қол кіріс кассалық ордер бойынша қабылданады, 
ал  шығыс  етілуі  —  шығыс  кассалық  ордерлер  арқылы  жасалады. 
Оларға ақша алу немесе беруге негіз болған құжаттар қоса тігіледі.
Ақша  өткізетін  түлғаға  кіріс  кассалық  ордердің  бөлігі  болатын 
жыртылмалы квитанция беріледі.
Қолма-қол ақша беру кезінде шығыс кассалық ордер немесе оған 
қоса тігілетін құжаттарда қаржы басқарушының қолтаңбасы болуы 
тиіс. Құжаттарға келсек, олар қайта пайдалану мүмкіндігін болдыр-


64
майтын күні, айы, жылы белгіленген «Алынды» немесе «Төленді» 
таңбасымен  жойылады.  Кіріс  және  шығыс  кассалық  ордерлерде 
ешқандай өшірулер мен түзетулерге жол берілмейді. 
Егер ақша бұл кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғаға берілетін 
жағдайда, сол шығыс ордерінде реквизиттері жазылатын төлқұжат 
немесе оның орнына жүретін құжатын көрсетуге тиіс.
Кіріс және шығыс ордерлер, оларға кезекті нөмір беріледі, тіркеу 
журналында есепке алынады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет