Мысалкелтіреміз:кәсіпорында былтырғы жылы жұмыстың
нәтижелері бойынша 2007 жылы сәуір айының 10 жұлдызындағы
жалпы жиналысының №6 хаттамасына сәйкес, 350000 теңге сомада
есепті жылдың залалы резервтік капиталдың есебінен жабылды.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5340 — 5430 = 350000 2 типті операция
П (-) П (+)
Сонымен, біз 5 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық опе-
рациялар құрудың мүмкін болған үлгілерін қарап, талдадық.
Ескерту: № 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» және
5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» бөлімшелерінің шоттарын
толығырақ қарау және талдау үшін осы оқу құралында жеке бөлім
қарастырылған.