VII. БӨЛІМ. ШЫҒЫСТАР Бұл бөлім активті және 8 (№ 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77)
бөлімшелерден тұратындығы кестеден көрініп тұр. Шығыстардың
барлық түрлері актив болып табылады және активті шоттарда
бейнеленеді.
Олардың келіп шығуын (көбеюін) қараймыз.
Бұл жағдайда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз шығыстар
қандай элементтерден пайда болатындығына назар аударуымыз
керек.
а) Дайын өнім, тауарлар өткізудің өзіндік құнын анықтау.
Бұл операциялар № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген
қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді.
Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 1320, 1330 шоттардың
кредитінен № 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7010 — 1320, 1330 Жұмсалған шығындардың
жиынтығы, № 10 журнал-ордер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек
қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1320) 1 типті
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде
тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнім өндіру
шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның
материалдық ресурстарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.