93
мөлшері өнімді жеткізудің келісім шартында ескертілуге тиіс.
Олар № 7110 «Өнімдерді сату және
қызметтер көрсету бойынша
шығыстар» шотында есепке алынады. Бұл шотқа қаптау, сақтау,
тиеу,
тасымалдау, жарнама бойынша шығыстар апарылады.
Дебеті бойынша жоғарыда көрсетілген шығыстар бейнеленеді,
кредит бойынша — жылдың соңында № 5410 «Есептік
жылдың
пайдасы (залалы)» шотында жабылады.
Өнімнің жеке түрлері бойынша өткізу шығындарын шығыс ету,
әдетте олардың өндірістік өзіндік құнына үйлесімді түрде жасалады.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Өнімді (сату) өткізу бойынша шығындарға нелер кіреді?
2. Өнімнің өзіндік құнына олар енгізіле ме?
3. Өткізілген өнімнің жеке түрлері
арасында өткізу бойынша
шығыстар қалай үлестіріледі?
4. Дайын өнімнің тиеу мен тасымалдау бойынша шығыстары қай
шоттарға апарылады?
5. Бұл шот активті ме, пассивті ме?
48. Дайын өнім мен оны өткізудің есебі
Дайын өнім болып технологиялық процестің барлық кезеңдерінен
өтіп, бақылаушымен қабылданып және қоймаға тапсырылған
өнім саналады. Өнімнің өндірістен
қоймаға тапсырылуы акт және
жүкқұжат арқылы жасалады. Дайын өнімнің синтетикалық есебі
үшін № 1320 «Дайын өнім» шоты пайдаланылады. Бұл — активті
шот. Дебет бойынша қоймаға тапсырылған өнім бейнеленеді, кредиті
— оның өндірістік өзіндік құны бойынша сатудан түскен ақшасы-
ның мөлшерімен салыстыру үшін № 7010 «Өткізілген өнімнің және
көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотына шығыс етіледі.
Есеп нақты өндірістік өзіндік құн бойынша жүргізіледі.
Дайын өнімнің
синтетикалық есебімен қатар, оның жеке атау-
лары бойынша аналитикалық есебі ұйымдастырылуы тиіс. Соны-
мен, өнім түрлерінің қозғалысын есепті бағалар (жоспарлы өзіндік
құн, босату бағалары және т.б.) бойынша бейнелеуге болады.
Өнімге есепті бағалар кәсіпорынның
ағымдағы қаржылық жылға
қабылданған есеп саясаты негізінде анықталады.