Бухгалтерлік



бет7/139
Дата09.10.2024
өлшемі4,01 Mb.
#147265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   139
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп лекция

II. ұзақ мерзімді активтер










Ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар

020







Кестенің жалғасы

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

021







Үлес қосу әдісімен есептелінетін
инвестициялар

022







Инвестициялық жылжымайтын мүлік

023







Негізгі құралдар

024







Биологиялық активтер

025







Барлау және бағалау активтері

026







Материалдық емес активтер

027







Кейінге қалдырылған салықтық
активтер

028







Өзге де ұзақ мерзімді активтер

029







Ұзақ мерзімді активтердің жиыны

200



















Теңгерім (100-жол + 200-жол)













ПАССИВтеР

Жол коды

есептік кезеңнің
соңында

есептік кезеңнің
басында

III. Қысқа мерзімді міндеттемелер










Қысқа мерзімді қаржылық
міндеттемелер

030







Салықтар бойынша міндеттемелер

031







Басқа да міндетті және ерікті
төлемдер бойынша міндеттемелер

032







Қысқа мерзімді кредиторлық
берешек

033







Қысқа мерзімді бағалау
міндеттемелері

034







Өзге де қысқа мерзімді
міндеттемелер

035







Қысқа мерзімді міндеттемелердің
жиыны

300







IV. ұзақ мерзімді міндеттемелер










Ұзақ мерзімді қаржылық
міндеттемелер

040







Кестенің жалғасы

Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

041







Ұзақ мерзімді бағалау
міндеттемелері

042







Кейінге қалдырылған салықтық
міндеттемелер

043







Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер

044







Ұзақ мерзімді міндеттемелердің
жиыны

400







V. Капитал










Шығарылған капитал

050







Эмиссиялық кіріс

051







Сатып алынған жеке меншік үлестік
аспаптар

052







Резервтер

053







Бөлінбеген пайда (жабылмаған
залал)

054







Аздық үлесі

055







Капитал жиыны

500



















Теңгерім (300 жол + 400 жол + 500
жол)






















Басшы ______________________


Бас бухгалтер _________________


Активтердің бірінші бөлімінде қысқа мерзімде пайдаланатын шаруашылық құралдар көрсетіледі. Мұнда қысқа мерзімді активтер (ақша қаражаттары, қысқа мерзімді инвестициялар, қорлар, қысқа мерзімді дебиторлық берешек және т.б.) кіреді. Одан басқа фили- алдар мен алушылар (тапсырысшылар), сондай-ақ басқа да заңды тұлғалар арасындағы қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар бейне- ленеді.


Активтің екінші бөлімінде кәсіпорынның өндірістік циклын- да ұзақ уақыт ішінде бірнеше рет қолданылатын шаруашылық құралдардың, яғни ұзақ мерзімді активтердің жағдайы бейнеленеді.
Бұлар: негізгі құралдар, биологиялық және материалдық емес акти- втер.
Баланстың пассивінің бірінші бөлімінде қысқа мерзімді міндет- темелер келтіріледі. Бұлар: салықтар, басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша, сондай-ақ өзге де қысқа мерзімді міндеттеме- лер.
Екінші бөлімде ұзақ мерзімді (мерзімі 1 жылдан асатын) міндет- темелер көрсетілген.
Баланстың пассивінің үшінші бөлімінде капитал келтіріледі. Бұлар: шығарылған капитал, эмиссиялық кіріс және резервтер. Оларға қоса бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) да бар.
Баланста баптар бойынша берілген сомаларды біз шоттарды ашу мен күнделікті есеп жүргізу үшін пайдаланамыз.


Қайталау үшін сұрақтар:





  1. Баланстың бабы мен шоттың арасында қандай байланыс бар?

  2. Баланстың активінде қандай бөлімдер көрсетілген?

  3. Баланс қандай бөлімдерден құрастырылады?

  4. Баланста неге активтің жиынтығы пассивтің жиынтығына тең болады?

  5. Баланстың пассиві қандай бөлімдерге бөлінеді?

  6. Материалдық емес активтерге нелер жатады?



5. Шоттар мен қосарлы жазу


Қосарлы жазу. Қосарлы жазу үшін арнайы бухгалтерлік шоттар қолданылады. Оларды дүкенде тауарларды сату кезінде жазылатын шоттармен шатастыруға болмайды.


Бухгалтерлік шоттар есепті регистрлар болып санала- ды. Оларда шаруашылық операциялар жазылады. Құралдар мен олардың көздерінің әрбір түрі үшін жеке шот қарастырылған.
Өзінің тәсілі бойынша — бұл сол жағы «дебет» деп, ал оң жағы «кредит» деп аталатын кесте түрінде көрсетіледі.

Сызба түрінде оны төмендегіше көрсету қалыптасқан:




Шоттың нөмірі мен аталуы



Дт

Кт

Баланстан (тиісті бап бойынша) шотқа біз жазатын сома айдың басындағы «қалдық» немесе «сальдо» деп аталады. Одан соң ай бойы шотта шаруашылық операцияларды жазамыз, айдың соңында дебет пен кредит бойынша айналымдарды есептейміз және жаңа қалдық шығарамыз. Оны біз келесі айдың (кезеңнің) басына баланс құрастыруда пайдалануымыз мүмкін.
Шоттар активті және пассивті болып бөлінеді.
Активті шоттар, бұл — кәсіпорынның құралдары мен дебитор- лық қарыздарының есебі жүргізілетін шоттар.
Пассивті шоттар — сол құралдардың көздері мен кредиторлық қарыздың есебі жүргізілетін шоттар.
Активті шоттарда кәсіпорынға құралдардың келуі дебет бойын- ша, ал шығыс етілуі кредит бойынша бейнеленеді (жазылады).
Пассивті шоттарда, керісінше, құралдар көзінің (немесе ша- руашылық құралдары үшін алынған қарыздың) көбеюі кредит бойынша, ал кемуі дебет бойынша бейнеленеді.
Шатасып қалмау және есеп айырысулардың мерзімдерін өткізіп жібермеу үшін әрбір дебитор мен кредитор бойынша қосымша есеп ұйымдастыру қажет.
Шоттарда шаруашылық операцияларды бейнелеуден алдын, оларды ашу қажет. Ол үшін шоттардың дебетіне немесе кредитіне баланстан алынған бастапқы қалдықтар жазылады. Активті шот- тарда бастапқы қалдық (бастапқы сальдо) дебетке, ал пассивті шот- тарда кредитке жазылады.
Бухгалтерлік есеп шоттарының кеңестік дәуірдегі жоспарын- да (егер онымен таныс болсаңыз) активті-пассивті шоттар болған. Олардың дебеттік жағында дебиторлық қарыз немесе шығыстардың, ал кредиттік жағында есептеу бойынша айналымдардың көбеюі есепке алынатын.
Мысалы, № 46 «Өткізу» шотын алайық. Оның дебеттік жағында шығындар, ал кредиттік жағында табыстардың есептелуі бейнелен- ген. № 80 «Пайдалар мен залалдар» шотының дебеттік жағында пай- даны қолдану, ал кредиттік жағында оның есептелуі бейнеленген.
№ 76 «Әртүрлі дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысулар» шотының дебеттік жағында кәсіпорынның дебиторлық қарыздары, ал кредиттік жағында кредиторлық қарызы бейнеленген.
Шоттардың Бас, Типтік жоспары, ал одан соң Жұмыс жоспа- рының негізгі ерекшеліктерінің бірі, ол тапсырыс берушілер мен мердігерлердің арасындағы нақты қатынастарға негізделген.
Сондықтан, бұл шоттар өзінің маңызы бойынша активті және пассивті болып бөлінеді. Мысалы, өнім, жұмыс немесе қызмет өткізу фактісі төмендегіше:

  • кірістер келтіру бойынша VI бөлімнің шоттарында;

  • нақты шығыстар бойынша VII бөлімнің шоттарында бейне- ленеді.

Кәсіпорынның дебиторлық және кредиторлық қарыздары да екі шотта:

  • қысқа мерзімді дебиторлық берешек 12 «Қысқа мерзімді де- биторлық берешек» кіші бөлімінің шоттарында;

  • қысқа мерзімді міндеттемелер 3 «Қысқа мерзімді міндеттеме- лер» бөлімінің шоттарында бейнеленеді.

Жалғыз ерекшелік, бұл — № 5410 «Есепті жылдың пайдасы (залалы)» шоты болып табылады. Бірақ, ол қалдықсыз сипатқа ие болып, жылдың соңында бір рет қана жабылады. Оның дебеттік жағында жұмсалған шығыстар мен жиынтық табыстың пайда- ланылуы, ал кредиттік жағында есептелуі бейнеленеді.
Қосарлы жазу, бұл — әрбір шаруашылық операциясының екіден кем емес өзара байланысты шоттарда, біреуінің дебеті бойынша және екіншісінің кредиті бойынша бір сомада бейнеленуі. Мысалы, 1000 теңге мөлшерінде есеп айырысу шотынан кассаға қолма- қол ақша алу операциясы № 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары» шотының дебеті бойынша және № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» шотының кредиті бойынша бірдей сомада жазылады. Қосарлы жазу баланспен қоса, бухгалтерлік есептегі бақылаудың қорытындылаушы жүйесінің басты элементтері болып табылады.
Келесі шаруашылық операцияны шоттарда бейнелейік.
Қоймада 20000 теңге соманы құрайтын, әлі ақысы төленбеген материалдар бар. Одан басқа 30000 теңгеге материалдар келіп түсті, бірақ жеткізушілердің қойылған шоттары төленген жоқ.
С әрпімен 20000 теңге сомасындағы материалдардың бастапқы сальдосын белгілеп, №1310 «Шикізат пен материалдар» шотын ашамыз. Бұл шоттың дебетінде кәсіпорынға келген материалдардың сомасын жазамыз:

1310 «Шикізат пен материалдар» шоты





Дт

Кт

С. 20000




1) 30000




Материалдарды біз алып қойдық, бірақ олардың ақысы жөнінен әлі есептескен жоқпыз. Кәсіпорынның осы пайда болған қарызын көрсетуіміз қажет, бірақ ол енді № 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында бейнеленеді.
Бұл пассивті шот, сондықтан бастапқы сальдо (20000 теңге сомасындағы жеткізушілерге қарыз) кредит бойынша көрсетілуі қажет. Бұл шоттың кредитіне бірінші операцияның нәтижесін де жазуға тиістіміз, өйткені жеткізушілерден материалдарды ала отырып, біз оларға қарызымызды және 30000 теңгеге көбейтеміз. Біз № 3310 «Төленуге тиісті шоттар» шотын ашып және бірінші операцияны жазғаннан соң, ол төмендегіше көрсетіледі:

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек»





Дт

Кт




С. 20000




1) 30000

Біз байқағандай, бірінші операция екі шотта — № 1310 шоттың дебеті бойынша және № 3310 шоттың кредиті бойынша бірден бей- неленеді.


Айдың соңына қалдықтардың есебін мына мысалдардан көрейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет