С.б. 20000
|
3) 60000
|
1) 30000
2) 20000
|
Айн. 50000
|
Айн. 60000
|
С.с. 10000
|
|
Дт Кт Бір ай ішінде 20000 теңгеге мате- риалдар алдық (2), ал өндірістік мұқтаж- дықтарға 60000 теңгеге материалдар босаттық (3) делік. Айналымдарды есеп- тейміз. Дебет бойынша: 30000 + 20000 = 50000, кредит бойынша: 60000.
Соңғы (жаңа) қалдық: 20000 + 50000 — 60000 = 10000 теңге
Бұл жерде: С.б.— бастапқы сальдо С.с.— соңғы сальдо Айн.— айналымдар
Пассивті шотта қалдықты есептеп шығару
|
С.б. 20000
|
4) 50000
|
1) 30000
2) 20000
|
Айн. 50000
|
Айн. 50000
|
|
С.с. 20000
|
Дт Кт Бір ай ішінде біз жеткізушілердің қарыздары бойынша 50000 теңгеге есеп
айырыстық (4), оған қоса және 20000 теңгеге материалдар алдық (2), бірақ олар жөнінен есеп айырысқан жоқпыз. Айналымдарды есептейміз. Дебет бойынша: 50000, кредит бойынша: 30000 + 20000 = 50000.
Соңғы (жаңа) қалдық: 20000 + 50000 — 50000 = 20000 теңге
Қайталау үшін сұрақтар:
Сальдо деген не?
Шот ашу деген не?
Шоттағы айналымдар қалай есептеледі?
Активті шотта соңғы қалдықты қалай есептейді?
Пассивті шотта соңғы қалдықты қалай есептейді?
Шоттарда не жазылады?
Шот қандай жақтардан тұрады?
Қосарлы жазудың есептегі маңызы қандай?
6. Синтетикалық және аналитикалық шоттар. Субшоттар
Тәптіштеудің дәрежесі бойынша шоттар синтетикалық, анали- тикалық және субшоттар болып бөлінеді.
Синтетикалық шоттар, бұл — есептегі қорытындылаудың ең жоғарғы деңгейі. Синтетикалық шоттарда құралдар немесе олардың көздерінің түрлері бойынша есеп тек қана құндылық көрінісінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында есептегі бірлікті қамтамасыз ету үшін 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындарда қолданылып жүрген синтетикалық шоттардың арнайы тізімі (номенклатурасы) келтірілген, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгал- терлік есеп шоттарының Бас жоспарына енгізілген болатын. Одан соң, 2003 жылдың 1 қаңтарынан оның орнын шоттардың Типтік жоспары басты. Ал, 2006 жылдың 5 қаңтарынан бастап олардың ор- нын бухгалтерлік есеп шоттарының Жұмыс жоспары басты.
Құралдар мен олардың көздерін одан әрі тәптіштеу үшін аналитикалық шоттар қолданылады. Мысалы, № 1310 «Шикізат пен материалдар» синтетикалық шотында кәсіпорында бар барлық материалдар ақшалай түрде есепке алынады. Бірақ, бұл шоттан біз алатын ақпарат жеткіліксіз, өйткені қоймада қандай материалдар бар екенін, мөлшsерде дұрыс жұмыс жүргізу үшін дәл қандай мате- риалдар және қанша жетіспейтіндігін біз біле алмаймыз.
Бұл сұрақтарға жауабын алуға мөлшерлі сипаттары, бірліктің бағасы мен т.б. көрсеткіштермен қоса, шаруашылық құралдардың (немесе олардың көздерінің) әрбір аталуына жүргізілетін (ашыла- тын) аналитикалық шоттар жәрдем етеді.
Мысалы, материалдың екі түрі: кабель мен сым бар делік. Онда
№ 1310 «Шикізат пен материалдар» шоты бойынша екі аналитикалық шот ашамыз.
КАБЕЛЬ
Өлшем бірлігі — ұзындық/метр. Бір ұ/м-ң бағасы — 250 теңге
-
Дебет
|
Кредит
|
№
|
Операция мазмұны
|
Мөл- шері
|
Сома- сы
|
№
|
Операция мазмұны
|
Мөл- шері
|
Сома- сы
|
1.
|
20…ж. 1 қаң- тарына С.
|
40
|
10000
|
|
2.
|
Ташкенттен келіп түсті
|
120
|
30000
|
1.
|
Өндірістік мұқтаждар-
ға осатылды
|
238
|
59500
|
3.
|
Семейден келіп түсті
|
80
|
20000
|
|
4.
|
Қаңтар айының айналымы
|
200
|
50000
|
2.
|
Қаңтар айының айналымы
|
238
|
59500
|
5.
|
20…ж. 1 ақ- панына С.
|
2
|
500
|
|
|
|
|
СЫМ
Өлшем бірлігі — ұзындық/метр. Бір ұ/м-ң бағасы — 100 теңге
-
Дебет
|
Кредит
|
№
|
Операция мазмұны
|
Мөл- шері
|
Сома- сы
|
№
|
Операция мазмұны
|
Мөл- шері
|
Сома- сы
|
1.
|
20…ж. 1 қаң- тарына С.
|
100
|
10000
|
|
2.
|
Қаңтар айында келіп түсті
|
—
|
—
|
1.
|
Өндірістік мұқтаждарға босатылды
|
5
|
500
|
2.
|
Қаңтар айының айналымы
|
—
|
—
|
2.
|
Қаңтар айының айналымы
|
5
|
500
|
3.
|
20…ж. 1 ақ- панына С.
|
95
|
9500
|
|
Аналитикалық шоттардың мәліметтері синтетикалық шоттардың мәліметтерімен салыстырылады.
1. Айдың басына сальдо: 10000 + 10000 = 20000
2. Дебет бойынша: 50000 + 0 = 50000
3. Кредит бойынша: 59500 + 500 = 60000
4. Айдың соңына сальдо: 500 + 9500 = 10000
Аналитикалық есеп мөлшерлі сомалық есептің карточкаларын- да (келтірілген мысалға қараңыз) немесе, егер мөлшерлі бейнелеуді талап етпеген жағдайда, контокоррентті (күнделікті) карточкаларда жүргізіледі. Сол себептен оларда жеткізушілермен есеп айырысудың аналитикалық есебін жүргізуге болады.
Контокоррентті (күнделікті) карточка
-
200… г.
|
Шоттың аталуы
|
Карточканың №
|
Шоттардың шифры
|
Проводка
|
|
Дебет
|
Кредит
|
Күні
|
№
|
|
|
Синтетикалық және аналитикалық шоттардан басқа, есепте субшоттар да қолданылады. Субшоттар синтетикалық және ана-
литикалық шоттардың арасындағы аралық орынға ие болады. Мысалы, № 1310 «Шикізат пен материалдар» синтетикалық шоты- на қосымша № 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар», 1312
«Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», 1314 «Қосалқы бөлшектер» және т.б. субшоттарды ашқан жөн саналады.
Субшоттардың түрлері мен олардың саны туралы мәселені кә- сіпорын қызметінің сипатына байланысты бухгалтердің өзі шеше алады.
Қайталау үшін сұрақтар:
Аналитикалық шоттар не үшін қолданылады?
Субшоттар есепте қандай орын алады?
Бухгалтерлік есеп шоттарының Жұмыс жоспары дегеніміз не?
Мөлшерлі аналитикалық есеп қандай карточкаларда жүргізі- леді?
Аналитикалық есепте мөлшерлі өлшеу талап етілмеген жағ- дайда қандай карточкалар қолданылады?
Аналитикалық шоттардағы жазулардың дұрыстығы қалай тексеріледі?
Достарыңызбен бөлісу: |