Бухгалтерлік



бет116/139
Дата09.10.2024
өлшемі4,01 Mb.
#147265
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   139
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп лекция

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыздар есебінен 2005 жылы шілде айының 30 жұлдызындағы № 124 шот-фактура мен жүкқұжаттарына сәйкес, 2700000 теңге сомада материалдар сатып алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

1310
А (+)

— 4120
П (+)

= 2700000

3 типті операция




  1. кәсіпорында бағынышты ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыздар есебінен 2005 жылы мамыр айының 31 жұлдызындағы № 2 келісімі мен 6 маусымдағы № 1339 төлем тапсырмасына сәйкес, 2000000 теңге сомада банктің ұзақ мерзімді қарыздары жабылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:




Дт

Кт

Сома

Ескерту

4010
П (-)



— 4140
П (+)



=


2000000


2 типті операция






  1. кәсіпорында бірлесіп бақыланатын ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыздар есебінен 2005 жылы ақпан айының 28 жұлдызындағы

№699 төлем тапсырмасына сәйкес, 1800000 теңге сомада жеткізіп берушілердің шоттары төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту




4110 — 4130 = 1800000 2 типті операция П (-)


в) Ұзақ мерзімді аванстар алудан. Олар бойынша есептер № 4410
«Алынған ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шоттарында бейнеленеді. Активтер кредиторлардан алынатындықтан, шаруашылық операция
№ 4410 шоттардың кредитінен № 1010, 1040 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Құжаттар




1010, 1040 4410 Келісімдер, төлем тапсырмалары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.


Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға алынған аванстар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын тауар-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін 2005 жылы наурыз айының 21 жұлдызындағы
№ 933 төлем тапсырмасы мен келісіміне сәйкес, 2000000 теңге сомада ұзақ мерзімді аванс алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Сома

Ескерту

1040
А (+)

— 4410
П (+)

= 2000000

3 типті операция



г) Жеткізушілерге болған ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз- дардан. Бұл операциялар № 3310 «Жеткізушілерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» пассивті шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Активтер жеткізіп берушілерден келетіндіктен, шаруашылық операция № 3310 шоттың кредитінен № 1310— 1315, 1317, 1330, 1420, 7210, 8010 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Құжаттар





1310—1315




Келісімдер, шот-фактуралар,

1317, 1330

3310

жүкқұжаттар

1420







7210, 8010









Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның материалдық ресурстары мен шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға жеткізіп берушілер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет