Бухгалтерлік



бет115/139
Дата09.10.2024
өлшемі4,01 Mb.
#147265
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   139
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп лекция

Мысалдар келтіреміз: 1) қыркүйек айында шойын құю цехының жұмысшылары мен қызметтегі персоналға 2005 жылы қыркүйек айындағы есептеу-төлеу ведомосына сәйкес, 1900000 теңге сомада еңбекақы берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту





3350

— 1010

=

1900000

4 типті операция

П (-)

А (-)













  1. шойын құю цехы персоналының еңбекақысынан тамыз айында жеке табыс салығы 2005 жылы қыркүйек айының 23 жұлдызындағы

№ 113 төлем тапсырмасы мен есептеріне сәйкес, 38000 теңге сома-да аударылды (төленді). Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмен- дегіше болады:

Дт

Кт




Сома

Ескерту

3120
П (-)

— 1040
А (-)

=

38000

4 типті операция




  1. 2005 жылы қыркүйек айындағы кешенді бригаданың дәне- керлеушісі А. Сәрсенбаевтың еңбекақысынан сол жылы қазан айының 5 жұлдызындағы № 125 төлем тапсырмасына сәйкес, 4500 теңге сомада жинақтаушы зейнетақы қорына 10 %-дық мөлшерінде төлемдер аударылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмен- дегіше болады:




Дт

Кт




Сома

Ескерту

3220
П (-)

— 1040
А (-)

=

4500

4 типті операция




  1. 2005 жылы қыркүйек айында цех бастығы Р. Абдуллаевтың еңбекақысынан сол жылы қыркүйек айының есептеріне сәйкес, 2800 теңге сомада жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталды. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:




Дт

Кт




Сома

Ескерту

3350
П (-)

— 3120
П (+)

=

2800

2 типті операция



  1. 2005 жылы қыркүйек айында цех бастығы Р. Абдуллаевтың бекітілген есепті сомалары сол жылы қыркүйек айындағы аванстық есепке сәйкес, 24750 теңге сомада негізгі өндіріске шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:




Дт

Кт




Сома

Ескерту

3390
П (-)

— 1250
А (-)

=

24750

4 типті операция

Сонымен, біз 3 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық операцияларды құрудың үлгілерін қарап, талдадық.


    1. БӨЛІМ. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР


Бұл бөлімнің пассивті және 5 (№ 40, 41, 42, 43, 44) бөлімшелерден тұратындығы кестеден көрініп тұр. Ұзақ мерзімді міндеттемелер пассив болып табылады, өйткені олар ұзақ мерзімді инвестициялар, материалдық емес активтер, негізгі құралдардың есептелуі және басқа ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздардың келіп шығу көздерін бейнелейді.


Олардың келіп шығуын (есептелуін) қараймыз.


Ұзақ мерзімді міндеттемелердің келіп шығуы (есептелуі)


Аталмыш жағдайда олар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз кредиторлық берешектердің қандай элементтерден пайда болуына назар аударуымыз керек.




а) Ұзақ мерзімді қарыздар (несиелер) алудан. Бұл операциялар
№ 4010—4020 «Банктік ұзақ мерзімді қарыздар» пассивті шотта- рының кредиті бойынша бейнеленеді. Активтер несие берушілерден келгендіктен, шаруашылық операцияның жазуы № 1010, 1040 шоттардың дебетіне № 4010—4020 шоттардың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:



Дт

Кт

Құжаттар

1010, 1040

4010—4020

Келісімдер, несиелерді есептеу бойынша есептер, төлем тапсырмалары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның несие берушіге кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: кәсіпорын банктен 2005 жылы тамыз айының 28 жұлдызындағы № 1326 төлем тапсырмасы мен банктің келісім шарттарына сәйкес, 3000000 теңге сомада ұзақ мерзімді қарыз (несие) алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

1040
А (+)

— 4010
П (+)

= 3000000

3 типті операция



ә) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздардан. Бұл операциялар № 4120—4140 «Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қа- рыздар» пассивті шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді. Қарыздардың есептелуі еншілес (қауымдастырылған) ұйымдардың есебінен болатындықтан, шаруашылық операция № 4120—4140 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне жасалады:



Дт

Кт

Құжаттар

2411—2930
1315, 1317







1010, 1040

4120—4140

Келісімдер, шот-фактуралар,

4010—4020 төлем тапсырмалары, жүкқұжаттар 4110

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 2411—2930) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті


«Активті-пассивті» операцияорыналады. Біржағынан кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздары көбейеді.
Пассивті шот (№ 4010—4020, 4110) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан жеткізіп берушіге кредиторлық қарыздар кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздар көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет