БӨЛІМ. КАПИТАЛ МЕН РЕЗЕРВТЕР
Бұл бөлімнің пассивті екені және 5 (№ 50, 51, 52, 53, 54) бөлімшелерден тұратындығы кестеден көрініп тұр. Капиталдың түрлері пассив болып табылады, өйткені ол шаруашылық құралдар, ақша қаражаттарының және т.б. пайда болу көзін бейнелейді.
Капитал элементтерінің пайда болуын (есептелуін) қараймыз. Бұл жағдайда олар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз капи-
талдың қандай элементтерден ұйымдастырылатынын немесе ол қандай баптарға алып барылуына назар аударуымыз керек.
а) Капитал ды жариялаудан (тіркеуден). Бұл шаруашылық операциялар № 5 «Капитал мен резервтер» бөлімінің пассивті шоттарында бейнеленеді. Жарияланған капитал құрылтайшылар мен қатысушылардың салымдары есебінен жарияланатындықтан, шаруашылық операция № 5010 шоттың кредитінен № 5020 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
-
Дт
|
Кт
|
Құжаттар
|
5020
|
— 5010
|
Құрылтай құжаттары, жалпы жиналыстың хаттамалары
|
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан жарғылық капитал жарияланады (тіркеледі), екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның пайда болу көздері бойынша міндеттемелер келіп шығады. Бұл жағдай жазудың дұ- рыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: жаңадан ұйымдастырылған кәсіпорында 2007 жылы мамыр айының 17 жұлдызындағы ұжымның жалпы жиналысының № 29 хаттамасына сәйкес, құрылтайшылар мен қатысушылардың салымдары есебінен 10000000 теңге мөлшерде жарғылықкапиталжарияланды (тіркелді). Бұлжағдайдабухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
-
Дт
|
Кт
|
Сома
|
Ескерту
|
5020
П (-)
|
— 5010
П (+)
|
= 10000000
|
2 типті операция
|
ә) Жарияланған капиталға салымдар есебінен. Бұл шаруашылық операциялар № 2710, 2730 «Материалдық емес активтер», 2410—2417, 2510, 2520, 2930 «Негізгі құралдар», 1310—1317 «Тауар-материалдық
қорлар», 1330, 1350 «Тауарлар», 1010, 1020, 1040 «Ақшалар» активті шоттарында бейнеленеді. Салымдар жағдайында жоғарыда көр- сетілген тауар-материалдық құндылықтар дебеттік жағында орна- ласқандықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 5020 шоттың кредитінен жоғарыдағы шоттардың дебетіне жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар 2710, 2730
2410—2417 5020 Құрылтай құжаттары, көшірмелер,
1310—1317 жүкқұжаттар, қабылдау-өткізу актілері, 1330, 1350, 1010, 1020, 1040 кіріс кассалық ордерлер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын активтері мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жарғылық капиталының мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |