Бухгалтерлік



бет122/139
Дата09.10.2024
өлшемі4,01 Mb.
#147265
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   139
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп лекция

БӨЛІМ. ШЫҒЫСТАР


Бұл бөлім активті және 8 (№ 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77) бөлімшелерден тұратындығы кестеден көрініп тұр. Шығыстардың барлық түрлері актив болып табылады және активті шоттарда бейнеленеді.


Олардың келіп шығуын (көбеюін) қараймыз.


Бұл жағдайда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз шығыстар қандай элементтерден пайда болатындығына назар аударуымыз керек.


а) Дайын өнім, тауарлар өткізудің өзіндік құнын анықтау. Бұл операциялар № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 1320, 1330 шоттардың кредитінен № 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Құжаттар

7010

— 1320, 1330

Жұмсалған шығындардың жиынтығы, № 10 журнал-ордер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1320) 1 типті


«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнім өндіру шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның материалдық ресурстарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 1-жарты жылдықта өткізілген өнімнің өзіндік құны 2007 жылы маусым айындағы № 10 журнал- ордердің мәліметтері бойынша 8350000 теңгені құрады. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:



Дт

Кт

Сома

Ескерту

7010
А (+)



— 1320
А (-)



=


8350000


1 типті операция



ә) Жұмыстар, қызметтер өткізудің өзіндік құнын анықтау. Бұл операциялар да № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан келіп шыға- тындықтан, шаруашылық операциялар № 8010 шоттың кредитінен
№ 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Құжаттар


7010 — 8010 Жұмсалған шығындардың


жиынтығы, № 10 журнал-ордер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 8010) 1 типті «Активті- активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнім өндіру шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның негізгі өндірісінің мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: кәсіпорында 9 ай ішінде өткізілген жұмыстардың өзіндік құны 2007 жылы қыркүйек айындағы №10 журнал-ордерінің мәліметтеріне сәйкес, 12350000 теңгені құрады. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту





7010

— 8010

= 12350000

1 типті операция

А (+)

А (-)









б) Сақтандыру ісіндегі шығындардың өзіндік құнын анықтау. Бұл операциялар да № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 1010, 1040 шоттардың кредитінен № 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Құжаттар

7010

— 1010, 1040

Сақтандыру келісім шарттары, төлем құжаттары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1010, 1040) 1 типті
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның қызмет ету шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: «Сенім» сақтандыру компаниясында 2007 жылы тамыз айының 20 жұлдызындағы № 1 реестрі мен келісім шарттарына сәйкес 4500000 теңгеге сақтандыру төлемдері жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту





7010

— 1040

= 4500000

1 типті операция

А (+)

А (-)









в) Дайын өнім, тауарларды өткізу бойынша шығыстарға мате- риалдар шығыс ету. Бұл операциялар № 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар өткізу бойынша жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар
№ 1310—1317 шоттардың кредитінен № 7110 шоттың дебетіне жа- салады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Құжаттар


7110 — 1310—1317 Материалдық есептер,


жүкқұжаттар Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1310—1317) 1 типті
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнімді өткізу бойынша шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында тігілген аяқ киімдерді орау үшін 2007 жылы маусым айындағы цех бастығының материалдық есебіне сәйкес, 18000 теңгеге қағаз қорапшалары шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

7110
А (+)

— 1310
А (-)

= 18000

1 типті операция



г) Өнім, тауарларды өткізумен айналысатын жұмысшылардың еңбекақысын есептеу. Бұл операциялар № 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар персоналға еңбекақы есептеуден пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 681 шоттың кредитінен № 7110 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Құжаттар


7110 — 3350 Еңбекақы есептеу бойынша есептер


Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3350) баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның өнімін өткізу бойынша шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді.


Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында ағаш жәшіктерге цехтың өнімін жайғастырумен айналысатын жұмысшыларға 2007 жылы шілде айындағы еңбекақы есептеу мен жүктелімдерге сәйкес, 168000 теңгеге еңбекақы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту




7110

— 3350

= 168000

3 типті операция

А (+)

П (+)









ғ) Көмекші өндірістердің қызмет ету шығындарының өзіндік құнын анықтау. Бұл операциялар № 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар көмекші өндірістердің жұмсаған шығындарының жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 8030 шоттың кре-
дитінен № 7210 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Құжаттар


7210 — 8030 Кәсіпорын бойынша бұйрық,


материалдарды шығыс ету актілері, материалдық есептер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 8030) 1 типті «Активті- активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның жалпы және әкімшілік шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада көмекші өндірістердің қызмет ету шығындарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: кәсіпорында жалпы шаруашылық шығыстарға 2007 жылы қазан айының 3 жұлдызындағы материалдарды шығыс етудің № 2 актісі мен кәсіпорын бойынша бұйрыққа сәйкес, 480000 теңге сомада қосалқы өндірістердің қызмет ету шығындары шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:


Дт

Кт

Сома

Ескерту

7210
А (+)

— 8030 = А (-)

480000

1 типті операция



д) Әкімшілік-басқару персоналының іссапар шығыстарын шы- ғыс ету. Бұл операциялар № 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жұмсалған шығындар мен үстеме шығыстардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 3340 шоттың кредитінен № 7210 шот- тың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Құжаттар


7210 — 3340 Кәсіпорын бойынша бұйрық,


аванстық есептер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3340) баланстың


активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның жалпы және әкімшілік шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға шығындар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында Астана қаласына директордың қызметтік іссапары жөнінен шығыстар 2007 жылы мамыр айының 18 жұлдызындағы № 23 аванстық есеп пен кәсіпорын бойынша бұйрығына сәйкес, 37000 теңге сомада шығыс етіледі. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту





7210

— 3340

= 370000

3 типті операция

А (+)

П (+)









е) Қаржылық ресурстар немесе несиелерді пайдаланғаны үшін сыйақылар есептеу. Бұл операциялар № 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жұмсалған шығындар мен үстеме шығыстардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 3380 шоттың кредитінен № 7310 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:


Дт

Кт

Құжаттар

7310

— 3380

Банктің келісімдері, сыйақылар есептеу бойынша есептер

Жазудың

дұрыстығын

тексереміз: кредиттік жағында тек

қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3380) баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның қаржыны пайдаланғаны үшін сыйақылар есептеу шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға аталған шығыстар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында үстіміздегі жылдың 1 жарты жылдығында банктің несиесін пайдаланғаны үшін 2007 жылы маусым айында сыйақы есептеу бойынша банктің келісім шарттары
мен есептеріне сәйкес 42000 теңге сомада сыйақы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:



Дт

Кт

Сома

Ескерту

7310
А (+)

— 3380
П (+)

= 42000

3 типті операция



ж) Өткізілген (жойылған) негізгі құралдардың қалдық құнының сомаларын шығыс ету. Бұл операциялар № 7410 «Активтердің шы- ғуынан алынатын шығыстар» шотының дебеті бойынша бейнелене- ді. Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 2410—2417 шоттар- дың кредитінен № 7410 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Құжаттар

7410

— 2410—2417

Негізгі құралдарды өткізу (жою) туралы актілер, жүкқұжаттар

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 2410—2417) 1 типті


«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның негізгі құралдарды өткізу (жою) бойынша шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада негізгі құралдардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2007 жылы маусым айының 18 жұлдызындағы № 6 шот-фактура мен негізгі құралды өткізу актісіне сәйкес, 240000 теңге сомада қалдық құн бойынша диірменнің жабдығы өткізілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту





7410

— 2413

=

240000

1 типті операция

А (+)

А (-)












з) Кәсіпорынның корпоративтік табыс салығын есептеу. Бұл операциялар № 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша
шығыстар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар корпоративтік табыс салығы бойынша жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар
№ 3110 шоттың кредитінен № 7710 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар 7710 — 3110 Корпоративтік табыс
салығының есептелуі

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3110) баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға аталған шығыстар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2006 жылы жылдағы қаржы- шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша 2007 жылы наурыз айының 29 жұлдызындағы салық салу мөлшерлемелері бойынша есептеріне сәйкес, 184000 теңге сомада корпоративтік табыс салығы

есептелді.
болады:

Бұл жағдайда

бухгалтерлік

проводка төмендегіше

Дт

Кт

Сома

Ескерту

7710
А (+)

— 3110 = П (+)

184000

3 типті операция

Енді шығыстардың кему (жабылу) жағдайларын қараймыз. Аталмыш жағдайларда шығыстар кредит бойынша өтеді.
Бұл жерде біз шығыстар жабылуының ерекшеліктеріне назар аударуымыз керек.


а) Жиынтық табыс (залал) шотына шығыстарды жабу. Бұл операциялар № 7010, 7110, 7210, 7310, 7410, 7710, 7610, 7620 «Шы-

259

ғыстар» шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жыл соңында жабылатындықтан, шаруашылық операциялар жоғарыда
көрсетілген шоттардың кредитінен тек қана № 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шотының дебетіне жабылады. Бұл операциялардың ерекшелігі олардың жыл соңында тек қана 1 рет жасалатындығынан тұрады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар 5410 7010, 7110, 7210, 7310
7410, 7710, 7610, 7620 Нұсқаулардың ережелері

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын шығыстарының мөлшері жабылады, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға жиынтық табыстың есебі кемиді (жұмсалады). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: кәсіпорында жыл соңында өткізілген өнімнің өзіндік құны бухгалтерлік есеп шоттары Жұмыс жоспарының нұсқауларына сәйкес жиынтық табысты анықтау үшін 4400000 теңге сомада № 5410 шотқа жабылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту





5410

— 7010

= 4400000

4 типті операция

П (-)

А (-)







Сонымен, біз 7 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық опера- циялар құрудың үлгілерін қарап, талдадық.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет