Бухгалтерлік


БӨЛІМ. ӨНДІРІСТІК ЕСЕПКЕ АЛУ ШОТТАРЫ



бет123/139
Дата09.10.2024
өлшемі4,01 Mb.
#147265
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   139
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп лекция

БӨЛІМ. ӨНДІРІСТІК ЕСЕПКЕ АЛУ ШОТТАРЫ


Бұл бөлімнің активті екені және 1 (№ 80) бөлімшеден тұратынды- ғы кестеден көрініп тұр. Негізгі, меншікті және қосалқы өндірістер, сондай-ақ үстеме шығыстар активтер болып табылады, өйткені олар бар болуды білдіреді және активті шоттарда бейнеленеді. Өндірістік есепке алу шоттарын калькуляциялық деп те атайды, өйткені ол шоттарда шығындардың калькуляциялауы (жиынтығы) жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары саудада, сақтандыру ісі мен инвестициялық қызметте, яғни өндіріс жоқ барлық жерде болмайды.


Олардың пайда болын (көбеюін) қараймыз.


Бұл жағдайда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз өндірістік шығыстар қандай элементтерден пайда болатындығына назар аударуымыз керек.


а) Тауар-материалдық құндылықтарды өндірістік цехтардың мұқтаждықтарына шығыс ету. Бұл операциялар № 8011, 8021, 8031, 8041 «Өндірістегі материалдар» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар тауар-материалдық құндылықтардың жиынтығынын пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 1310—1317 шоттардың кредитінен № 8011,8021,8031,8041 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Құжаттар




8011, 8021, 8031 — 1310—1317 Материалдық есептер,
жүкқұжаттар, шоттар, карточкалар

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1310—1317) 1 типті


«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада материалдық ресурстардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: үстіміздегі жылдың 2-ші тоқсанында агрегат- тар цехының өндірістік мұқтаждарына 2007 жылы маусым айында- ғы цех бастығының материалдық есебі, шектеу-алу карточкалары
мен жүкқұжаттарына сәйкес, 8750000 теңге сомаға табақ темір шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:



Дт

Кт

Сома

Ескерту

8011
А (+)



— 1310
А (-)



=


8750000


1 типті операция





ә) Қосалқы цехтардың өнімін негізгі өндірістің мұқтаждықта- рына шығыс ету. Бұл операциялар № 8011 «Өндірістегі материалдар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар көмекші өндірістер шығындарының жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар кредитінен № 8030 шоттың кредитінен
№ 8011 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Құжаттар


8011 — 8030 Талаптар, жүкқұжаттар, шектеу-алу карточкалары


Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 8030) 1 типті «Активті- активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада көмекші өндірістер бойынша шығындардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: үстіміздегі жылдың 3-ші тоқсанында темір- бетон бұйымдарын құю цехының өндірістік мұқтаждықтарына 2007 жылы қазан айының 1 жұлдызындағы қазандықтың №183 жүкқұжатына сәйкес, көмекші өндірістен 860000 теңге сомада өндірістік бу мен су жұмсалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:



Дт

Кт

Сома

Ескерту

8011
А (+)



— 8030
А (-)



=


860000


1 типті операция



б) Негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысын есептеу. Бұл операциялар № 8012 «Өндірістік жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар өндірістік жұмысшылардың еңбекақысына шығындардан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 3350 шоттың кредитінен № 8012 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Құжаттар

8012

— 3350

Жүктелімдер, еңбекақы есептеу бойынша есептер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3350) баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еңбекақы есептеу бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: қыркүйек айының соңында шойын құю цехының жұмысшыларына 2007 жылдың қыркүйек айының жүктелімі мен есебі бойынша 2000000 теңге мөлшерде еңбекақы есептелінді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту


8012 — 3350 = 2000000 3 типті операция А (+) П (+)




в) Негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы есебінен әлеуметтік салық және әлеуметтік мұқтаждықтарға қаржылар есептеу. Бұл операциялар № 8013 «Еңбек ақы қорынан аударымдар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы есебінен қаржы бөлу мен әлеуметтік салықтан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 3150, 3210 шоттардың кредитінен № 8013 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар

8013 — 3150, 3210 Еңбекақы, әлеуметтік салық


пен әлеуметтік мұқтаждықтарға қаржы бөлу бойынша есептер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3150, 3210) баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға әлеуметтік салық пен әлеуметтік мұқтаждықтарға қаржылар есептеу бойынша кредиторлық қа- рыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет