Бухгалтерлік



бет125/139
Дата09.10.2024
өлшемі4,01 Mb.
#147265
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   139
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп лекция

Контрарлы шоттар


Бұл шоттардың аталуы латын тілінен алынған. «Контра» — бұрынырақ жасалған жазу өзінің маңызын жоғалтатын бухгал- терлік есепте бұрын жазылған жазудың қарсы алдында жасала- тын бухгалтерлік жазу. Бұдан контрарлы шоттар, яғни қайсыбір шоттардың қажетті көрсеткіштерін реттеу (жою) үшін пайдаланы- латын бухгалтерлік шоттар келіп шығады.


Бұл шоттар бізге нарықтық экономиканың келуімен енгізілді. Атап айтқанда, олар сауда саласындағы (сатылған тауарларды қайтару, сату жеңілдігі немесе бағаны түсіру кезінде), төтенше жағдайлар, тоқтатылған операциялар және басқа ұйымдардағы үлестік қатысудан болған (бір-біріне қарама-қарсы келетін «тіріс» көрсеткіштері пайда болған кезде) шаруашылық операцияларды реттеу үшін қолданылады.
Сонымен, контрпассивті шоттар — пассивті шоттардың (№ 6020, 6030 шоттар) көрсеткіштерін реттеу үшін арналған бух- галтерлік есептің шоттары. (Бухгалтерлік шоттарды жіктеу кестесін қараңыз).
Бұл жерде біз бұрынғы шоттардың Типтік жоспарында № 862, 863, 864 «Төтенше жағдайлар мен тоқтатылған операциялардан түскен табыс (залал)» пен № 871 «Басқа ұйымдардағы үлестік қатысудан түскен табыс (залал)» контрактивті шоттар болғанын атап өтуіміз керек. Бұл активті де, пассивті де бола алатындығын, яғни оның балансының активін реттейтінін білдіреді. Сондықтан, олар контрактивті деп аталған. Қазіргі уақытта оларға қажеттілік болмағандықтан, Жұмыс жоспарында көрсетілмейді.
Енді контрпассивті шоттар туралы айтайық. Нарықтық қаты- настар келген соң, келісім шарттарға сәйкес сатылған тауарлар- ды қайтару, сату жеңілдігі, бағаны түсіру сияқты ұғымдар біздің өмірімізге ене бастады. Бұл жағдай сатып алушыларға өзінің мұқтаждықтарына тауарларды таңдау мен сатып алуда оның құқығын қорғауға мүмкіндік береді, ал сатушының өткізетін тауа- ры үшін оның жауапкершілігінің дәрежесін күшейтеді.
Контрпассивті шоттардың 6-шы (пассивті) бөлімнің шоттары бола тұра, есептеу кезінде шаруашылық операцияның дебеттік жағында орналасып, тауарлар, өнім өткізудің бұрынғы көрсеткіштерін рет- тейтін жағдайына назар аударайық.

274
Мысалдар келтіреміз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет