Шаянтәрізділер (лат. Crustacea) — буынаяқтылардың бір класы. Зерттеушілердің бір тобы шаянтәрізділер трилобиттерден, екіншілері буылтық құрттардан шыққан деген болжам жасайды. Бұлардың қазба қалдықтары кембрийден белгілі. Жер шарында кең тараған, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кездеседі.
Шаянтәрізділер класы
Шаян тәрізділер класының 35000-нан астам түрлері бар. Теңіз және тұщы су жануарлары. Олардың планктондық, отырықшы, еркін жүзіп жүретін теңіз түбін мекендейтін, құрылық және паразит түрлерін ажыратуға болады.
Шаянтәрізділердің 30000-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бен- тосты (су түбінде мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.

Шаянтәрізділер денесі 3 бөлімнен тұрады: бас (серһаlоп), көкірек (tогах) және құрсақ (аЬdоmеп). Бас белігі акроннан және үш сегменттің бірігуінен тұрады. Онда бес жұп өсінді бар: антеннулалар, антенналар, мандибула, максилла І, максилла ІІ. Бастың алдыңғы бөлігі, яғни акрон мен антенналық сегменттің бірігуінен протоцефалон түзіледі. Барлық сегменттерінің қосылуынан (мандибұла, максилла I, максилла II) - гнатоцефалон түзіледі. Бұл бөлік көкіректің алғашқы бірнеше сегменттерімен бірігеді де көкірек - гнатоторакс түзеді.