Шаянтәрізділер денесі 3 бөлімнен тұрады: бас (серһаlоп), көкірек (tогах) және құрсақ (аЬdоmеп). Бас белігі акроннан және үш сегменттің бірігуінен тұрады. Онда бес жұп өсінді бар: антеннулалар, антенналар, мандибула, максилла І, максилла ІІ. Бастың алдыңғы бөлігі, яғни акрон мен антенналық сегменттің бірігуінен протоцефалон түзіледі. Барлық сегменттерінің қосылуынан (мандибұла, максилла I, максилла II) - гнатоцефалон түзіледі. Бұл бөлік көкіректің алғашқы бірнеше сегменттерімен бірігеді де көкірек - гнатоторакс түзеді.
Ескекаяқты шаянтәрізділер-тұщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін, планктонның және су түбі фаунасының ең маңызды және тұрақты құрамы. Паразитгік түрлері де бар. Ұзындығы 0,1 мм-ден 3 см-ге дейін, кейбір паразит түрлері 30 см-ге дейін.
Тұщы суларда ең кең тарағаны Cyclops туысының өкілдері, олар көптеген су жануарларына, балық шабақтарына қорек бола тұрып, сондай-ақ жалпақ таспа құрттардың, риштаның аралық иесі болып табылады. Ескекаяқты шаяндардың Lamproglena, Lemaco cera, Achteres, Tracheliaster туыстарының өкілдері балықтардың аса көп тараған паразиттері. Олардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты дене пішіні де үлкен өзгерістерге ұшыраған не қапшық тәрізді, не өте созылып, ұзарып келген, сегментациясын жоғалтқан, тек екі жұмыртқа қапшығының болуы, оларды Copepoda-ның өкілі екендігін дәлелдейді