Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет14/74
Дата09.10.2024
өлшемі1,51 Mb.
#147318
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74
Байланысты:
Электронды Казахстан тарихы

Түргеш қағанаты (704-756 жж.). 
Батыс түрік қағанатындағы өзара тартыстар
Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери әрекеттері 
қаған билігінің әлсіреуіне алып келді. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы 
тибеттіктермен одақтаса отырып, қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған 
кезде, Жетісуда Нарзұқ-Иркин, Тургеш Чиқан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған 
тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған. Түрік Хусэлонның бастауымен армия 
құрылады. Бұл армия халқын тыныштандыру үшін ұйымдастырылған еді. Қағанатта үлкен 
күш пайда болып, мұның қуаттылығы соншалық, Хусэло жорық жасаудың орнына асығыс 
түрде тайып тұрады. Түргештің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға еместі – қағанаттың 
сол жақ құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер ҮІ ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені 
аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісу керуен жолдарының көбі солардың 
бақылауында болған делінеді. Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 
жж.) болды. Ол ордасының Шу бойындағы Суябқа орналастырып, ал екінші ордасы Хунгіт 
қаласы болды. Үш-Елік қалған елді 20 түтіктікке (елшілікке) бөлді, оның әрқайсысында 7 
мыңнан әскері бар еді.
Түркештер билікке келгеннен кейін біраз күрделі саяси үдерістер болғаны тарихтан 
белгілі. Ең бастысы 692 жылы Шығыс Түрік қағанатында Құтлық қаған қайтыс болып, оның 
тағына інісі Бөгі чор Қапаған қағанның отыруы еді.
Ал Үшелік болса, өзінің баласы Жануды 699 жылы Таң патшалығына елші етіп 
жіберіп, түрлі сый-сыбаға жасап, бұрынғы Батыс Түрік қағандығына қарасты ұлыстарды 
басқаруды қолға алады. Алайда, осы кезде күшейіп алған соңғы Шығыс түрік қағандығы 
түркілер мекендейтін барлық аймақтарға үздіксіз жорық жасады. Бұл жорықтың басым 
көпшілігін Қапаған қаған деген атпен белгілі болған Бөгі чор жүзеге асырды. Осымен қатар 
тибеттер (тоғандар) күшейіп, Тянь-Шаннің оңтүстік өлкелереріне басып кірген болатын.
Түргеш Үшелік қағанның қайтыс болуы да жағдайды күрделендіре түсті. Қытай 
деректерінде оның Қытай елінің аға басқағы Го Юанжынмен келіссөз жүргізуден соң көп 
кешікпей ауырып қайтыс болғаны жазылған. Одан 706 жылдың желтоқсанына жататын 
мынандай деректі оқимыз: «Желтоқсанда Әнша аға басқағы Го Юанжын Түргеш Үшеліктің 
қолбасшылық шатырының алдына келіп, онымен соғыс жайында кеңескен кезде, қарлы 
боран борап тұрса да, Го Юанжын Үшелікпен сөйлесе берді. Екеу ара сөз ұзаққа созылып, 
қар қалың түссе де Го Юанжын былқ етпей тұра берді. Бірақ жасы ұлғайған Үшелік бұл 
кездесуден кейін көп ұзамай қайтыс болды. Үшеліктің ұлы Саға ел тізгінін қолына алды да, 
Го Юанжынға шабуыл жасамақ болды» (Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының 
деректері (б.з. 275-840 жылдары). Екінші кітап. -288-289 бб.). 
Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып баласы Сақал қаған (706-
711 жж.) таққа отырған. Түргеш қағанатында талас-тартыс туып ішкі бірлік болмайды. 
Мемлекеттің сыртқы жағдайына мәз еместі. Сол уақытта зор қауіп төндіріп тұрған Таң 


25 
әулеті, Орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктері Қапаған қаған 
бастаған әскери одағы, 711 жылы Болучу өзені бойында түргештерді ойсырата жеңеді. Бұл 
жеңілістен кейін түргештер өз ордасын Таласқа көшіреді. Қаған тағына Шапыш тайпасының 
өкілі Сұлықты отырғызады. Түргеш қағанатының ішкі саяси жағдайы бірнеше жылдар бойы 
құбылып отырады. Бірақ Сұлық қаған (715-738 жж.) таққа отырғаннан кейін қағанаттың 
жағдайы қайта күшейе түседі. Сұлық қаған айлакер қолбасшысы екі майданда күрес 
жүргізеді. Ол олжаларды бөліске салмай өз қолында ұстады. Дау–жанжалдар қара және сары 
түргештер арасында күреске ұласты. Сұлық қаған өлген соң күрес шиеленісе түсті. 756 жылы 
қағанат түрік тілді қарлық тайпасының тегеурініне шыдамай құлады.
Сұлу билеген кезде Түркеш қағанатының және оның қол астындағы Он оқ елінің нығая 
түсті. Түргештер Таң патшалығымен, яғни Қытаймен қарым-қатынасы болған. Н. Мыңжан 
қытай деректері негізінде 717-734 жылдардың аралығында, яғни 17 жыл ішінде 
Түргештердің Қытайға жеті рет елші аттандырып, сый-тарту беріп қайтқанын анықтаған еді. 
Тарихи деректерге қарағанда Сұлудың Орта Азияны жаулап, дулулар мекендеген Талас 
бойына қауіп төндірген арабтарға қарсы белсенді күрескен.
Өзі де, халқы да манихейлік 
дінді ұстанған Сұлу мұсылмандықты түсінген жоқ. Оның арабтарға қарсы күресінде қол 
астындағы қолбасысы, сары түргештер көсемі Күлі чор арабтарды Соғдыға ығыстырды. 
Арабтар Сұлу қағанды сондықтан да Абу Музахим (төпелегіш, сүзеген) деп атады. 
Соғдылықтардың өтінішімен 728-729 жж. түргештер арабтарға қарсы көтеріліс жасаған 
Самарқанд пен Бұқара халқына көмектесу үшін осы қалаларға басып кірді. Ақыры, 
Самарқандтан басқа Соғда аймағы түгелдей дерлік азат етілді. 730-731 жылдары біресе 
арабтар, біресе түргештер жеңіске жетіп отырды. Тек 732 жылдың соңында ғана Джунейб 
Абдаллах түргештерді талқандап, Бұқараны қайтадан басып алды. Арада бес жыл өткен соң 
Сұлу бастаған құрамында дулулар бар түргеш әскерлері Тохарстанға тағы да басып кірді, 
алайда арабтардан жеңіліс тапты. 
Осы кезде арабтардан қашқан соғдылар Түркеш қағандығының территориясы аумағына 
көптеп келіп қоныстанды. Осының бәрі Түркеш қағандығының саяси және шаруашылықтық 
жағдайына әсер етті. Сұлу қаған да өзінің билік басындағы саясатын өзгерте бастады. Ол 
енді алым-салықты көбейтіп қана қоймай, соғыстан түскен олжаларды бұрынғыдай 
рубасыларға үлестірмей, мемлекеттің қазынасында ұстауға тырысты. Бұған нүшбеден және 
дулудан шыққан ақсүйектер наразы болды. Наразылықтың нәтижесі 738 жылы Сұлуды 
өлтіруімен аяқталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет