Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет15/74
Дата09.10.2024
өлшемі1,51 Mb.
#147318
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74
Байланысты:
Электронды Казахстан тарихы

Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). 
Қарлұқтар туралы алғашқы деректер (759-940 жж.) 
«бұлақ» деген атпен мәлім болған. Көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің 
деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың 
оңтүстігі мен солтүстігі жағынан қоныс тепкен «үш қарлұқ» тайпалық бірлестігі ретінде 
мәлім. Қарлұқ тайпаларының көсемі Елтебер деген атпен аталған. Монғолияда Шығыс түрік 
қағанаты құрылғаннан кейін қарлұқтар оған тәуелді болып жүрді. 
Орхон жазуларында айтылғандай Қарлұқтар түрік қағанаттарына қарсы бірнеше рет 
қарсы соғыс жорықтарын ұйымдастырып отырған. 742 жылы Монғолия даласындағы саяси 
жетекшілік Шығыс түріктерінің өкіметін қиратқан үш тайпаның қарлұқтардың ұйғырлар мен 
басмылдардың одағына көшеді. Аз уақыт басмылдардың бағы жанып, олардың көсемі қаған 
болады. 
Х-ХІІ ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның 
орта ағысына дейінгі кең аумақта қоныстанды. Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік 
тайпалық жүйенің дамыған түрлерінің болуымен сиппатталады. Қарлұқтардың жабғуының 
билігі сөз жүзінде ғана болды. Жікіл, Тухси және Ягма сияқты ірі тайпаларды басқарып 
отырған үлестік билеушілер өздерінің жартылай дербес және іс жүзінде тәуелсіз иеліктерін 
нығайтуда ұмтылды. 
Қарлұқ қағанатының үлестік тайпалық одағы, бір орталықты мойындамай, билік 
жолындағы күрестің күшеюіне себепші болды. Х ғасырдың алғашқы жартысында қарлұқ 


26 
бірлестігінің ұлан-байтақ аумағында батыраңқылық күшейеді. Қашқардың түрік билеушілері 
пайдаланып, 940 жылы Баласағұнды басып алады да содан кейін Қарлұқ мемлекеті құлайды.
Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғғ.).
Оғыз мемлекеті Сырдария өңірінде шамамен ІХ ғ. соңы - 
Х ғ. бас кезінде пайда болған. Ал, VIII ғасырдың ортасына дейін оғыздар Жетісуда, 
Ыстықкөл маңында мекендеген. Түркештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте 
жеңілген оғыздардың басты бөлігі батысқа қарай ығысып, Шу алқабына қоныс аударады. ІХ 
ғ. ортасына таман оғыз көсемдері қарлұқтармен және қимақтармен одақтасып, Сырдария 
бойын мекендеген қанғар-пешенег бірлестігін күйретеді, соның нәтижесінде олар 
Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі даласына ие болады. ІХ ғ. аяқ шенінде 
хазарлармен одақ құрып, оғыз тайпалары пешенектерге (печенег) соңғы рет қатты соққы 
береді. Қанды шайқастардың нәтижесінде пешенектер жеңіліп, көп қырғынға ұшырайды, 
қалғандары батысқа қарай шегінуге мәжбүр болады. Сөйтіп, оғыздар Жайық пен Еділ 
өзендерінің арасындағы территорияны өздеріне қаратады. Қаңғар-пешенектер тайпалық 
одағымен ұзаққа созылған соғыстар оғыздардың шыңдап, саяси топтаса түсуіне әсер етті. 
Сырдария өңіріндегі оғыздар мемлекеті туралы мәліметтер араб-тіліндегі тарихи-
жағрафиялық шығармаларда ІХ ғ. аяғы- Х ғ. бас кезінен бастап кездеседі (әл-Якуби, Ибн әл-
Факих, Идриси т.б.).
Этникалық жағынан оғыздар түркі тілдес және антропологиялық белгілері бойынша 
моңғолоид нәсіліне жатқаны белгілі. Оғыз одағының ұйытқысы – Жетісу өңіріндегі түркі 
тайпалары болды. Махмұд Қашқаридың мәліметтері бойынша оғыз бірлестігі әуелгі кезде 24 
тайпадан құралған. Конфедерация 12 тайпадан тұратын екі фратрияға/қанатқа/ – боз-оқтар 
мен үш-оқтарға – бөлінген (оқ деген сөз – оқ, сонымен қоса ру, тайпа дегенді білдірді). 
Бозоқтар аға бірлестік мәртебесін иеленіп, оң қанатты құрады, ала үш оқтар – «кішің рулар 
болып, сол қанатқа кірді. Оғыз руларының қатарында, М.Қашқаридің тізіміне қарағанда, 
мысалы, қынық, қайық, байұндур, йуа, салур, афшар, бектілі, бүгдүз, байат, йазғыр т.б. 
тайпалары болды. Сонымен қатар оғыз конфедерациясына Оңтүстік және Батыс Қазақстан 
жерін мекендеген өзге де түркі тілдес рулар, қимақтар мен пешенектердің жеке рулары 
кірген(мәселен, бажанақ деген оғыз руы аталады), оғыздар өз құрамына кейбір үнді-
еуропалық және финн-угор тектес этникалық топтарды да кіргізіп, оларды ассимиляцияға 
ұшыратқан. Оғыздардың кей топтары, әсіресе отырықшылыққа, қалалық өмір салтына көшу 
барысында Сырдария бойын ежелден мекендеген иран тектес еуропеоидтік нәсілге жататын 
тұрғындармен араласып кетті. Мұсылман дінін қабылдаған оғыздардың осы бөлігін ХІ ғ. 
түркмендер деп атай бастады. ХІ ғ. бастап оғыздардың белгілі бөліктері батыс бағытында - 
Еділ асып, Кіші Азия арқылы үлкен миграцияларға ілігеді. Оғыз тайпалары кейін қазақ, 
қырғыз, татар, башқұрт, түркмен, өзбек, қарақалпақ, сол сияқты әзірбайжан, түрік 
халықтарының этногенезін қалыптастыруға қатысты. 
ІХ ғ. аяғы мен ХІ ғ. бас кезінде оғыздар Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі 
бойына дейінгі кең территорияны иеленеді. Негізгі шоғырланған аймақтары – Сырдарияның 
төменгі ағысы, Арал өңірі, Каспийдің солтүстігінде жатқан далалар болды. Оғыздардың 
жайылымдары Ырғыз, Жайық, Ембі, Ойыл өзендерінің бойын, Арал, Сырдария, Қаратау 
маңын, Шу өзені бассейнін алып жатты. Шығысында жеке рулар Балқаш көлінің оңтүстік 
жағалауына дейін жетті. Мемлекеттің саяси орталығы Сыр өзенінің төменгі ағысында 
орналасқан Янгикент (Жаңакент) қаласы болған. Ол деректерде Жаңа Гузия деп те аталады. 
Мемлекеттің ең жоғарғы билеуші Ябғу (жабғы) деп аталды. Мұсылман авторлары
оғыздардың билеушілерін «малик», яғни патша деп атауы оғыз қоғамының саяси-әлеуметтік 
дамуының белгілі бір дәрежеге жеткенін білдіреді. Жабғының орынбасарларын «күлеркін» 
деп атаған. Оғыз хандарын халық жиналысында сайлады. Сол сияқты, мемлекет өмірінде 
оғыз әскерінің бас қолбасшысы – «сюбашидің маңызы зор болды. Х ғасырдың соңында Оғыз 
мемлекеті Еуразияның саяси тарихында елеулі рөл атқарды. 965 жылы олар Киев Русімен 
одақтасып, Хазар қағандығын талқандады. 985 жылы оғыз билеушісі орыс княздарымен 
бірлесіп, Еділ Бұлғариясын ойрандайды. Оғыздардың Қазақстан далаларындағы күш-қуаты 


27 
артқандықтан осы территориялар Х ғасырда мұсылман-шығыс жазба ескерткіштерінде 
«Мафазат әл ғұзз « (Оғыз даласы) деп аталды. 
Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы Янгигент немесе жаңа Гузия деп аталған. 
Янгигент кимек даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл және Нұра бойларына баратын керуен 
жолының үстінде болды. 
Оғыздар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. 
Көшпенділікпен қатар елде жартылай отырықшы және отырықшы тұрғындары болды. Сол 
кездегі Жент, Жаңакент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақ сияқты қалалар мен 
кенттер оғыздар тарихына тікелей қатысы бар. Ол жерлерде егіншілік, қолөнер, сауда 
дамыды. Қала тұрғындарының басым көпшілгі - Х ғасырда мұсылмандар болды, 
исламданған ежелгі соғды-ирандық этникалық топтармен қоса, олардың арасында мұсылман 
оғыздардың да үлесі өсіп жатты. Оғыз елі Мауереннахр, Хорезм, Жетісу аймақтарымен 
тығыз сауда, мәдени байланыстарда болды. Құл саудасы кең тарады. ІХ ғ. Хорасан 
билушілері жыл сайын Бағдат халифаларына салық ретінде 2 мың оғыз құлдарын жөнелтіп 
отырғаны туралы мәлімет бар. Ол құлдар ғұламдар немесе мәмлүктер, яғни әскери құлдар 
санатына жатқызылды. Саманилер мемлекетінде, Таяу Шығыста оғыз мәмлүктеріне үлкен 
сұраныс туды. Патшалардың жеке гвардиясына алынған оғыз-қыпшақ ғұламдары біртіндеп 
саяси өмірге араласып, атақты қолбасшылар мен ірі феодалдар қатарына қосылып жатты. 
Х-ХІ ғғ. аралығында Оғыз мемлекетінің дағдарысқа ұшырауының бір себебі алым-
салық жинау саясатының тым аяусыз жүргізілгендігі және осыған қарсы бұқара 
көтерілістерінің әсері болды (Әли ханның тұсында). Ол наразылықты Селжүктер 
пайдаланып, Жент облысын басып алып, біраз уақыт оны имеденді. Селжүктер - оғыздар 
арасынан шыққан мұсылманданған әулет болатын, олар кейіннен дербес қуатты мұсылман 
Селжүк мемлекетін құрады. Шахмәлік патша тұсында Сырдария оғыздары тағы да күшейіп, 
1041 ж. Хорезмді басып алады. Алайда, екі жылдан соң, Шахмәлікті Селжүктер 
тұтқындайды. Оғыздардың басты бөлігі қыпшақтардың қысымына шыдай алмай, батысқа 
қарай жылжып, ақыры, Шығыс Еуропа мен Кіші Азия шебінен де асып кетеді. Оғыздардың 
тағы бір бөлігі Қарахандар қол астына және Хорасан селжүктері мемлекетінің қарауына 
өтеді. Оғыздардың кейбір қалдықтары кейіннен Дешті-Қыпшақ тайпаларымен араласып 
кетеді. 
Діни наным-сенімдері жағынан оғыздар Аспан Тәңіріне (басты тәңір), сонымен қатар 
басқа да, жалпы саны 12 тәңірлерге құлшылық еткен (су тәңірі, жер тәңірі, жаңбыр 
тәңірі,т.с.с.). Біртіндеп, Хорезм, Мауераннахр, т.б. дамыған аймақтардың ықпалымен 
оғыздар ислам дініне кіре бастады. Ибн Фадлан (Х ғ.) оғыздардың рухани дағдарысқа 
ұшырап, олардың арасына ислам дінінің келуіне қажетті алғышарттар пісіп жетілгенін 
көрсеткен. Оғыздар қоғамында алауыздықтың, соғыстардың өршуі, қандастарын тұтқынға 
алып, құл базарларына апарып, сатып пайда табуға дағдылану, сол сияқты, оқу-білімнің 
жоқтығы, көптеген өркениеттік қағидалардан бейхабар болуы айқын көрініс берді. 
Сондықтан, оғыз қоғамының алдыңғы қатар топтары, көсемдер мұсылмандықты қабылдауға 
шешім қабылдады. Әсіресе бұл үдеріс Х ғ. екінші жартысында – ХІ ғ. күшейеді. Исламдануға 
сопылық жолды ұстанған дәруіштердің кең көлемде жүргізген насихаттары шешуші фактор 
болды. Оғыз дәуірінің тамаша мәдени ескерткіші - «Қорқыт Ата кітабы». Қорқыт Ата туралы 
аңыздар топтамасы Сырдария өңірінде пайда болып, кейін түркі халықтары мекендеген 
көптеген аймақтарға тарады. Қорқыт Ата – көне түркілік мәдени-эпикалық, музыкалық 
дәстүрмен исламдық-сопылық жолды ұштастырып, халық арасында даналығымен, 
әулиелігімен аты шыққан тұлға ретінде бейнеленеді. 
Сонымен, оғыздардың құрамында Сырдария алқабы мен Арал өңірінің, Каспий 
далаларының үнді-еуропа және финн-угор тектес ежелгі этикалық компоненттер және 
Жетісу мен Сібірдің Халаджулар, Жагарлар, Чуруктер, Қарлұқтар көшпелі және жартылай 
көшпелі тайпалары болды. Ертедегі феодалдық мемлекеттер сияқты Оғыздар мемлекеті 
тұтас топтасқан мемлекет дәрежесіне жеткен жоқ. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және 
әлеуметтік табиғаты жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды.


28 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет