Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет45/74
Дата09.10.2024
өлшемі1,51 Mb.
#147318
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74
Байланысты:
Электронды Казахстан тарихы

Әкімшілік реформалар.
ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында Орта және Кіші жүздің 
территориясы Ресей империясының ықпалында, Ұлы жүздің территориясы Қоқан 
хандығының қол астында болды. 
 
ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты 
патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан әрі нығайту басты 
міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының және Қытай 
аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. 
Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор 
қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. 1822-1824 жылдардағы Жарғының 
қабылдануымен Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір әскери 
губернаторы М. Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта 
жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы П. Эссен болған «Орынбор 
қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды.
 
«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір 
қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да 
орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін 
Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған 
қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: 
Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 
ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).
 
Әр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын 
генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің 
басшылығында округтік приказдар тұрды және оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға 
сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды 
сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды 
ауыл старшындары басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз 
округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін 
жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды.
 


92 
Жаңа әкімшілік бөлініс қазақтардың дәстүрлі жер қатынасын күйретті де – рулық 
қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, 
казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де әсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына, 
омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді және егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша 
дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі 
болды.
 
Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір әкімшілік 
басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, 
Семей және Өскемен уездері Том губерниясына берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет