Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы электронды оқу құралы


ж.  Жарғы бойынша құрамында төраға, төрт кеңесші және төрт ауқатты қазақтан тұратын  шекаралық комиссия құрылды



Pdf көрінісі
бет47/74
Дата09.10.2024
өлшемі1,51 Mb.
#147318
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74
Байланысты:
Электронды Казахстан тарихы

 
1824 ж. 
Жарғы бойынша құрамында төраға, төрт кеңесші және төрт ауқатты қазақтан тұратын 
шекаралық комиссия құрылды.
 
1822 ж. Жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап аға 
сұлтандарға дейін сайланбайтын болды, оларды шекаралық комиссияның ұсынысымен 
Орынбор генерал-губернаторы тағайындады.
 
1831 ж. дистанциялар мен старшындықтар 
ұйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте – 8, Ортада – 20, Шығыста – 28 дистанция құрылды. 
1837 ж. 1 сом 50 тиын күміс ақшамен түтін салығы енгізілді. Сұлтандар, старшындар және 
молдалар салықтан босатылды.
1844 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылданды да, ол бойынша 
орыс шенеуніктерінен жергілікті әкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі 
енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі 
мүмкін болмай қалды. 
Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық билікті, 
яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың әкімшілік-территориялық басқару 


93 
жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал 
Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы 
Орынбор және Сібір ведомстваларының территориясында тұратын Кіші және Орта жүз 
қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады.
 
Осы және одан кейін жалғасқан ХІХ 
ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан әрі 
отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы
тұтастай Ресей империясына бағынышты болды және жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік 
басқару жүйесіне қарай жақындатылды.
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
ХІХ ғ. қазақ даласында болған көтерілістердің себептерін жүйелеп көрсетіңіз. 
2.
Тентек төренің Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі қашан болды және ол қалай 
аяқталды? 
3.
Ақмола бекінісі үшін Кенесары бастаған шайқас қашан болды? 
4.
1841-1842 жылдары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін азат ету 
үшін болған күресте Кенесары қандай қалаларды азат етті? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет