Булгакова Д. А



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата18.01.2017
өлшемі1,67 Mb.
#2136
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Үшінші бөлім 
 
ЖАҢА ДƏУІР КЕЗЕҢІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТ  
ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХЫ (БУРЖУАЗИЯЛЫҚ  
МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ) 
 
1.
 
Ұлыбритания 
 
ХVІІ  ғасырдың  басында  Англия  Еуропаның  басқа  елдеріне 
қарағанда  əлдеқайда  жақсы  дамыды.  Ауқымды  колониалдық 
отарлау  саясаты,  дамыған  мануфактуралық  жəне  жеңіл  өнер-
кəсіп  мемлекеттің  əлемдік  нарықтағы  алғашқы  орындардың 
бірін иеленуіне жағдай жасады. Елде екі шаруашылық нысаны 
сақталды: капиталистік жəне феодалдық. Капиталистік шаруа-
шылықтың  артықшылықтары  көп  болды,  себебі,  қауымдық 
жерлерді  жинақтаудың  нəтижесінде  шаруаларды  жаппай 
жерінен  айыру  процесі  жүргізілді  (феодалдардың  шаруаларды 
жерлерінен  күштеп  қууы).  Абсолютизм  жерінен  айырылған 
мыңдаған  шаруаларды  жұмыс  орындарымен  қамтамасыз  ете 
алмады. Ол əлеуметтік тұрғыда былай көрініс тапты: мемлекет 
халқының оннан тоғыз бөлігі парламенттік сайлауларға қатысу 
құқығынан айырылған тұлғаларды құрады. Ер адамдардың тек 
оннан  бір  бөлігін  ғана  басқаруға  қатыса  алатын  джентель-
мендер, бюргерлер жəне ауқатты шаруалар құраған. Дворяндар 
табы да өз құрамы бойынша біртектес болған жоқ: оларды ескі 
дворяндар жəне жаңа дворяндар немес джентри құрады. Жаңа 
дворяндар  өзінің  шаруашылық  нысанына  байланысты  бур-
жуазия болып табылды. Халықтың əртүрлі таптары тартылған 
революцияның болуына жағдай туды.  
Халықтың көпшілік бөлігінің жəне қалыптасып келе жатқан 
буржуазияның  көңілі  толмауының  себептерінің  бірі  болып  І 
Карл  Стюарттың (1600-1644 ж.ж.)  католик  дініне  сенетін 
француз ханшайымына үйленуі болды. Протестанттық Англия 
патшаның бұл əрекетін  Рим Папасымен одақтасуға ұмтылысы 
деп түсінді.  
Шиеліністің  қатысушылары  болып,  бір  жағынан,  патша, 
екінші  жағынан,  патшаға  буржуазиялық  оппозицияны  білдір-
ген парламент табылды. 1628 жылы парламент патшаға Құқық 
 
100

туралы  петицияны  ұсынды.  Құжатта  І  Эдуард  пен  ІІІ  Эдуард-
тың  заңдары  бұзылғандығы  аталып  өтті,  бұл  заңдарға  сəйкес 
парламенттің  келісімінсіз  ешқандай  салықтарды  енгізуге 
болмайтын.  Сонымен  қатар,  петицияда  жерге  жеке  меншікті 
патшаның  шенеуніктерінің  қол  сұғуынан  қорғалмау  фактісі 
көрсетілді.  Ұлы  еркіндік  хартиясына  сілтеме  жасай  отырып, 
петицияда  ешбір  ағылшындық  азаматтың  сот  үкімінсіз  ұста-
луына, түрмеге қамалуына, жерінен айырылуына жəне қудала-
нуына  жол  берілмейтіндігі  аталып  өтті.  Бесінші  бапта, “Жұл-
дызды  палата”  мен  “Жоғарғы  комиссияның” (саяси  трибуна-
ның)  қызметтері  де  жалпы  құқық  соттарына  бағынбастан, 
Хартияға  қайшы  келетіндігі  көрсетілді.  Сонымен  қатар, 
петицияда  солдаттар  мен  матростардың  бейбіт  халықтың  жа-
нында  орналасуына  жəне  əскери  жағдайды  енгізуге  қарсылық 
білдірілді.  Мемлекеттің  əдет-ғұрпына  қайшы  шығарылған 
көптеген  өлім  жазалары  жəне  жоғарғы  шенеуніктердің  жаза-
сыздығы да Петицияда көрініс тауып, сынға алынды.  
Оныншы  бапта  қорытындылай  келе,  төменгі  палата  пар-
ламенттің  келісімінсіз  ешбір  салықтарды  енгізбеуді  жəне 
ешкімді  сотсыз  қамауға  алмауды  сұрады.  Негізгі  мазмұны 
бойынша  Петицияда  жаңа  артықшылықтарды  бекіту  емес, 
бұрынға құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру талап 
етілді.  
І  Карл  петицияны  бекітуге  мəжбүр  болды — ол  заңға 
айналды. 1629 жылы  патша  мен  парламенттің  арасында  жаңа 
қақтығыс  орын  алды.  Осы  кезде  І  Карл  парламентті  таратып, 
мемлекетті  өзі  жалғыз  басқара  бастады.  Патшаның  үстемді-
гінің күшеюі елде революциялық жағдайдың туындауына алып 
келді. 
Революциялық  қозғалыстың  идеологиялық  негізі  болып 
пуританизм  нысанындағы  Реформация  идеологиясы  табылды. 
Пуританизм  діни  ағым  ретінде  елдегі  революциялық  жағдай-
дан  əлдеқайда  ертерек  пайда  болған,  алайда,  ХVІІ  ғасырдың 
20-30 жылдарында абсолютизмге қарсы оппозицияның идеоло-
гиясына айналды. Революция барысында пуританизм біртіндеп 
жойылды.  
Пресвитерианство  ірі  буржуазия  мен  ақсүйектерді  біріктір-
ді, конституциялық монархия идеяларын уағыздады. Индепен-
 
101

дентство орта жəне ұсақ буржуазия қатарынан жақтаушыларды 
тапты. Жалпы алғанда олар конституциялық монархия идеясы-
на қарсы болмады, бірақ, парламенттегі өз жақтаушыларының 
санын  көбейту  жəне  еркін  адамның  ар-ождан  жəне  сөз 
бостандығын  тану  үшін  сайлау  округтерін  қайта  бөлуді  талап 
етті.  Левеллерлердің  қозғалысы  айрықша  радикалдық  сипатта 
болды,  бұл  қозғалыс  қолөнершілер  мен  еркін  шаруаларды  бі-
ріктірді, олар республиканың орнауын жəне барлық азаматтар-
дың теңдігін талап етті. 
Қысқа парламент. 1629-1640 ж.ж. патша билігінің үстемдік 
құруымен сиаптталды, себебі, бұл кезде парламент таратылған 
болатын.  Мұның  нəтижелерінің  бірі  ретінде  Шотландиядағы 
қарулы көтерілісі табылды, шотландықтардың Англияға басып 
кіру қауіпі туды. 
Əскери  сəтсіздіктер  жəне  қаржының  жетіспеушілігі  І 
Карлды  парламентті  шақыруға  мəжбүр  етті,  бұл  парламент 
1640  жылдың 13-сəуірінен 5-мамырына  дейін  жұмыс  істеді 
жəне  ол  тарихта  Қысқа  парламент  деген  атқа  ие  болды. 
Қауымдар  палатасы  патшаның  шотландықтармен  соғысын 
қаржыландырудан бас тартты жəне І Карлдың саясатын талдап 
қарастыруға  көшті.  Жалғызілікті  басқару  жылдарында  І  Карл 
парламентті  таратып  жіберді,  осы  əрекеті  арқылы  ол  өз 
жағдайын одан əрі нашарлата түсті. 
Ұзақ  парламент.  Бұл  парламентті  патша 1640 жылдың 
қараша  айында  шақырды,  ол 1652 жылға  дейін  жұмыс  істеді, 
сол  себепті  де,  ол  Ұзақ  парламент  деген  атқа  ие  болды. 
Парламент  Конституциялық  деп  аталған  революцияның (1640 
ж. 3-қараша — 1642 ж. 22-тамыз) бірінші кезеңінің басталуына 
əсер етті. Ұзақ парламент парламенттің патшаның еркіне қара-
мастан əрбір үш жыл сайын шақырылуын көздеген үшжылдық 
акт  жəне  парламентті  оның  (парламенттің)  келісімінсіз  тара-
туға тыйым  салған  акт  сияқты  маңызды  құжаттарды  қабылда-
ды.  Арнайы  актімен  “Жұлдызды  палата”  мен  “Жоғарғы  ко-
миссия” таратылды.  
1641 жылы 1-желтоқсанда  Ұлы  Ремонстрация  қабылданды, 
мұнда  Англиядағы  дін  мен  мемлекеттік  құрылымды  өзгертуге 
талпыныс  жасаған  “жаман  ниетті  партиямен”  байланысты  қа-
уіп  аталып  өтті.  Бұл  “партияның”  əрекеттері  ретінде  Шотлан-
 
102

диядағы соғыс, Ирландиядағы көтеріліс жəне патша мен парла-
менттің  арасындағы  шиелініс  түсіндірілді.  Ремонстрацияда 
епископтарды  лордтар  палтасынан  аластату  жəне  шіркеуге 
қатысты  реформалар  жүргізу,  сонымен  қатар,  қауымдық  жер-
лерді  жинауға  жəне  салық  алудағы  патша  билігінің  кемшілік-
терін жоюға тыйым салу талап етілді. 
Ұзақ  парламент  қабылдаған  барлық  актілер  патша  билігін 
шектеді,  оларды  патша  бекіткенімен,  шиелініс  шешілмеді. 
Нəтижесінде  патша  мен  парламенттің  арасындағы  азаматтық 
соғысқа  алып  келді.  Патша  Оксфордқа  көшіп  кетті,  сөйтіп, 
мемлекетті  іс  жүзінде  Лондон  мен  Оксфордтағы  екі  үкімет 
басқарды. 
Азаматтық  соғыс.  Бұл  соғыс  екі  кезеңге  бөлінді: 1) пар-
ламенттік  əскерді  басқару  пресвитериандардың  қолында  бол-
ған  кезең  жəне 2) индепенденттердің  қолында  болған  кезең. 
Парламенттік əскердің патша əскерімен соғысындағы алғашқы 
сəтсіздіктер  оны  генерал  О.  Кромвельдың (1599-1658) “Жаңа 
үлгісі”  бойынша  қайта  құрылуына  əкеп  соқты.  Индепендент 
болғандықтан, О. Кромвель жоғарғы лауазым орындарын инде-
пенденттік  қауымға  берді.  Əскери  басшылықтан  ақсүйектерді 
аластату  үшін  парламент  мүшелеріне  əскерде  басшылық 
қызмет атқаруға тыйым  салатын “ Өздігінен бас  тарту туралы 
биль” қабылданды. 1645 жылы патша əскері соғысты жеңілді. І 
Карл Шотландияға қашып, ол жақтан парламентке берілді. 
Парламент  пен  əскер  арасындағы  қақтығыс  пресвитери-
андар  мен  индепенденттердің  жəне  басында  көсемі  Джон 
Лильберн  тұрған  олардың  радикалды  қанаты  левеллерлердің 
революцияның  мақсатына  жету  жолдарына  қатысты  əртүрлі 
көзқарастарының нəтижесінде өрши түсті. 1648 жылы көктем-
де  патша  мен  пресвитериандық  парламенттің  арасындағы 
екінші  азаматтық  соғыс  басталды.  Индепенденттік  əскер 
левеллерлердің  (радикалық-революциялық  қанат)  арқасында 
жеңіске  жетті.  О.  Кромвель  парламенттен  пресвитериандарды 
қуды,  ал  парламенттің  қалған  мүшелері  толығымен  оған 
бағынды.  
 Индепенденттік  республика  жəне  Кромвельдің  протекто-
раты. 1649 жылы  патшаны өлтірілген соң парламент Англия-
ны  республика  ретінде  жариялады.  Лордтар  палатасы  жойыл-
 
103

ды, ал қауымдар палатасы өздерін жоғарғы биліктің иесі ретін-
де  жариялады.  Атқарушы  жоғарғы  орган  ретінде  Мемлекеттік 
кеңес құрылды.  
Индепенденттер  мен  левеллерлердің  арасында  бұл  оқиға-
ларға  дейін  бекітілген  “Халықтық  келісімде”  келесі  əрекеттер 
мақсаттар  ретінде  көзделді:  Ұзақ  парламентті  тарату,  барлық 
ер  адамдардың  қатысуымен  жаңа  сайлауларды  ұйымдастыру, 
барлығының  заң  алдындағы  теңідігі  жəне  т.б.  Алайда, 
Кромвель үшін “Халықтық келісім” əрекеттердің шынайы бағ-
дарламасы емес, айлалық мойын ұсыну болып табылды. Мұны 
білген  левеллерлер  бірнеше  əскери  бөлімдердің  қолдауымен 
көтеріліс  бастады.  Бірақ,  Кромвель  көтерілісті  басып  тастады. 
1653  жылы  парламенттен  қолдау  таппаған  Кромвель  оны 
таратып жіберді.  
1653 жылдың соңында О.Кромвельдің диктатурасын нығай-
та түскен “Басқару қаруы” атты конституция қабылданды. Бұл 
актіге  сəйкес  жоғарғы  заң  шығару  билігі  лорд-протектор  мен 
бірпалаталы  парламентке  тиесілі  болды.  Атқарушы  жоғарғы 
билік  лорд-протектор  мен  құрамында 13-тен 21-ге  дейін  мү-
шесі  бар  Мемлекеттік  кеңеске  берілді.  Кейінірек  Кромвель 
парламентті  шақыруды  тоқтатты  жəне  Мемлекеттік  кеңестің 
мүшелерін  өз  қалауы  бойынша  тағайындайтын  болды. 1657 
жылы  парламенттің  жоғарғы  палатасы  қалпына  келтірілді. 
Осылай, Кромвельдің өзіндік диктатурасы революциялық көте-
рілістерді  басып  тастады — мемлекетте  республиканың  ор-
нына монархияға ұқсас жалғызілікті билік орнады. 
Стюарттар  реставрациясы. 1658 жылы  Кромвель  қайтыс 
болған  соң  билік  оның  ұлы  Ричард  Кромвельге  өтті.  Оның 
қоғамда  беделі  жоқ  болатын. 1659 жылы  Ұзақ  парламенттің 
“қалдығы” таққа өлтірілген патшаның ұлы — ІІ Карлды (1630-
1685)  отырғызды.  Алайда,  ІІ  Карл  сөз  бергеніне  қарамастан 
ескі  тəртіптерді  орната  бастады.  Бұл  жылдары  Англияда  екі 
саяси партия пайда болды: торри — патшаны жақтаушыларды 
біріктірді,  виги — патшаға  оппозициялық  қатынастағы 
буржуазия мен орта дворяндарды біріктірді. 
1679  жылы  вигилар  парламентта  көпшілік  дауысқа  ие  бо-
луының  нəтижесінде  “Хабеас  корпус  акт”  немесе  “Азамат-
тардың  бостандығын  жақсы  қамтамасыз  ету  жəне  теңіздің  ар 
 
104

жағында  қамауға  алудың  алдын  алу  актісін  қабылдады.  Бұл 
заңға  сəйкес,  қамауға  алынған  адам  өзі  немесе  туыстары 
арқылы  “Хабеас  корпусты”  туралы  бұйрық  беру  талабымен 
Англияның  жоғары  соттарының  біріне  жолдану  құқығын 
иеленді.  Бұл  бұйрыққа  сəйкес,  қамауға  алған  тұлға  оны  сотқа 
əкелуі тиіс болатын жəне, мүмкін болса, ол үшін ақшалай құн 
төленсе, оны босатуға тиіс болатын. “Хабеас корпусты” ІІ Карл 
бекітті, алайда ол вигилердің ІІ Яковтың таққа отыруына қарсы 
болмауын шарт етіп қойды. 
“Революция  жəне  оның  салдары.”  Жаңа  патша  ІІ  Яков 
(1633-1701)  буржуазияға  қарсы  саясатты  жүргізді,  сөйтіп, 
парламент  вигилармен  біріге  тырып  (парламенттің  құрамында 
негізінен  торилар  болатын), “революцияны”  жүзеге  асырды. 
1689  жылы  таққа  Нидерланды  штатгальтері  Вильгельм  Оран-
ский (1650-1702) отырды. Осы кезден бастап Англияда консти-
туциялық  монархия  түбірімен  орнады.  Жаңа  патша,  таққа 
отырған  соң, “Құқықтар  туралы  биллді”  бекітті,  оның  негізгі 
мəні  парламенттің  заңнама  саласындағы  үстемдігін  бекітуде 
болды.  Алайда,  патшада  парламенттің  заң  жобаларына  абсо-
люттік вето құқығы сақталып қалды.  
1701 жылы конституциялық заң — “Тақты мұрагерлікке алу 
туралы заң” қабылданды. Бұл заң екі маңызды ережені орнық-
тырды:  контрассигнатура  ережесі,  оған  сəйкес,  патшаның  заң 
шығару  актілері  тек  министр  бекіткенде  ғана  күшіне  енетін, 
жəне соттардың ауыстырылмайтындығы.  
 
ХVІІ ҒАСЫРДАҒЫ АНГЛИЯ 
Парламент  екіпалаталы  болды:  жоғарғы  палата  (лордтар 
палатасы),  өз  орнын  мұрагерлік  бойынша,  немесе  лауазымы 
бойынша,  немесе  патшаның  тағайындауы  бойынша  иеленген 
тұлғалардан  құралды;  төменгі  палата  (қауымдар  палатасы), 
сайлау құқығының негізінде құрылды.  
1710  жылы  арнайы  заң  қабылданды,  оған  сəйкес,  жылы-
жымайтын  мүліктен  селолық  жерлерде 500 фунт  стерлинг, 
қалалық  жерлерде 300 фунт  стерлинг  табыс  табатын  тұлғалар 
ғана  парламентке  сайлана  алатын. 1707 жылы  патшаның  вето 
құқығы  тоқтатылды,  сөйтіп,  заң  шығару  билігі  толығымен 
парламентке  тиесілі  болды. 1716 жылы  парламенттің  төменгі 
 
105

палатасының  өкілеттіктерінің  мерзімін 3 жылдан 7 жылға 
ұзартқан  заң  қабылданды.  Осы  кезде  министрлер  кабинеті — 
мемлекеттік  құрылымда  ерекше  орынды  иеленген  орган 
құрылды,  себебі,  бұл  орган  патшаның  атқарушылық  билігін 
шектейтін болды.  
Патшаның  министрлер  кабинетіне  əсер  етуін  əлсіреткен 
маңызды  ереже  болып  патшаның  жоғарғы  мемлекеттік  лау-
азымды  тұлғаларды  тағайындау  жəне  қызметінен  босату 
құқығын  шектеу  табылды,  бұл  парламент  пен  саяси  пар-
тиялардың  күшеюіне  алып  келді.  Патша  парламенттік  көпші-
ліктің  көзқарасымен  санасуға  мəжбүр  болды.  Мысалы, 1727 
жылы  ІІ  Георг 1721-1742 ж.ж.  премьер-министрді  қызметінен 
босатты,  алайда,  бұл  əрекетті  парламент  қолдамаған  соң  оны 
қайтадан билікке шақыруға мəжбүр болды.  
Патшаның  министрлер  кабинетіне  қатысты  билігінің  əлсі-
реуімен  қатар  парламент  тарапынан  бақылау  күшейе  түсті. 
ХVІІІ  ғасырдың  ортасында  мынадай  маңызды  қағида  қалып-
тасты: министлер кабинеті парламенттен қолдау тапқанда ғана 
билік басында болатын. Құрамына парламенттік  көпшіліктің ( 
партияның) бетке ұстарлары кірген кабинетке парламент тара-
пынан қолдау қамтамасыз етілетін. Осылай, кабинет партиялық 
негізде  құрылатын  болған.  Үкіметтің  құрамына  кірген  парла-
менттегі партияның лидерлері қауымдар палатасының алдында 
ұжымдық  түрде  жауапкершілікте  болатын. “Жауапкершілікті 
үкімет” — ХVІІІ ғасырдың соңындағы Англияның парламент-
тік жүйесінің айрықша белгісі болған. 
 
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ АНГЛИЯ 
Ірі өндірістердің күшеюімен бірге өнеркəсіптің жылдам өсуі 
жүзеге  асты.  Қалада  өнеркəсіптік  буржуазия  мен  проле-
тарийлер  табы,  ал  ауылда  үш  тап — лэндлордтар ( жер  иеле-
нушілер),  жалға  алушылар  (арендаторлар)  жəне  батырақтар 
қалыптасты. 
ХІХ  ғасырдың  басында  екі  саяси  партия  үстемдік  құрды: 
тори — консервативтік  тарихи  əдет-ғұрыптардың  көрінісі 
ретіндегі помещиктер мен қаржылық буржуазия, виги — өнер-
кəсіптік  буржуазия.  ХVІІІ  ғасырдың  ауқымында  аталған  екі 
партия билік басында кезектесіп отырды. “Ұлы революциядан” 
 
106

бастап  ХVІІІ  ғасырдың  ортасына  дейін  парламаентте  виги 
ерекше  орынды  иеленді. 1783 жылы  тори  қауымдар  палата-
сының көп бөлігін құрады жəне 1830 жылға дейін билік құрды. 
Саяси  жүйенің  ең  маңызды  элементі  болып  парламент 
табылды,  феодалдық  өкілдік — қауымдар  палатасы  ерекше 
рөлді  иеленді.  Сайлаудың  ескі  жүйесі  аристократия  мен 
буржуазияны  орнықтырды,  алайда  қоғамның  жаңа  күштерінің 
талаптарын  қанағаттандыра  алмады.  Бұл  сайлау  реформасы 
үшін  күреске  алып  келді.  Ұсақ  буржуазия  мен  жұмысшылар 
саяси  құрлымды  демократияландыруды  жəне  жалпы  сайлау 
құқығын  енгізуді  талап  етті.  Саяси  күрес 1830 жылы  өрши 
түсті,  оған  белгілі  бір  дəрежеде  Франциядағы  Шілде  рево-
люциясы əсер етті. 
1830  жылғы  парламенттік  сайлаулар  реформаны  жақтау-
шылардың жеңісін алып келді. 
1831 жылы қауымдар палатасы Грейдің виг үкіметі енгізген 
“Реформа  туралы  билльді”  қабылдады. 1832 жылы  лордтар 
палатасы  жеңілуге  жəне  “Реформа  туралы  билльді”  бекітуге 
мəжбүр болды. 
1832  жылғы  сайлау  реформасы 21 жасқа  толған,  салық 
төлеуші  жəне  жылына 10 фунт  стерлингтен  кем  емес  табыс 
беретін  жылжымайтын  мүлкі  бар  барлық  ер  адамдарға  сайлау 
құқығын берді. Реформаның нəтижесінде сайлаушылардың са-
ны 652 мыңға  өсті.  Алайда,  жұмысшылыр  мен  ұсақ  буржу-
азияда  сайлау  құқығы  болмады. 1832 жылғы  сайлау  реформа-
сының маңызды саласы болып саяси партиялардың өзгеруі та-
былды.  Тори  консерваторлар  партиясына,  виги  либералдар 
партиясына айналды. 
Мемлекеттік  бақарудың  жүйесі  толығымен  өзгерді.  Мыса-
лы, қаржы минстрлігінде бірқатар лауазымдар жойылды. 
Чартистік  қозғалыс. 1832 жылғы  реформа  Ұлыбритания-
ның  жұмысшыларын  қанағаттандырмады,  ал 1836-1838 жыл-
дардағы  экономикадағы  қиындықтар  жұмысшы  саяси  қозға-
лысы — чартизмнің пайда болуына себепкер болды. 
1836  жылы  Лондонда  жұмысшылар  асссоциациясы  құрыл-
ды, ол келесі талаптарды қойды: 
1) 21 жасқа  толған  жəне  өз  приходында 6 айдан  кем  емес 
уақыт тұрған ер адамдарға жалпы сайлау құқығын; 
 
107

2)  Парламентке  депутаттыққа  үміткерлер  үшін  мүліктік 
цензді алып тастау; 
3) сайлау округтерін теңестіру; 
4) парламентте жыл сайын сайлаулар өткізу; 
5) депутаттардың еңбегіне ақы төлеу; 
6) құпия дауыс беру. 
Чартистер бұл талаптарды халық хартиясы туралы петиция ( 
чартер)  түрінде 1838 жылы  парламентке  ұсынды.  Қауымдар 
палатасы  петициядан  бас  тартып,  қозғалыстың  қатысушы-
ларына  қатысты  қуғын-сүргінді  ұйымдастырды. 1842 жылы 
чартистер  парламентке  екінші  петицияны  ұсынды,  бұл  пети-
цияға  жоғарыда  аталған  алты  талаптың  негізінде 3 млн. 300 
мың адам қол қойды. 1848 жылғы 10 сəуірде жəне сол жылдың 
шілдесінде  чартистер  парламентке  халық  партиясы  туралы 
петицияны ұсынудың тағы да екі талпынысын жасады, алайда, 
парламент  олардан  бас  тартып,  чартистерге  қарсы  қуғын-
сүргінді бастады. 
Чартизмнің  жеңілуімен  Англиядағы  жұмысшы  қозғалысы 
таза  экономикалық  бағытты  иеленді.  Білікті  жұмысшылардың 
кəсіптік  одақтары — тред-юнион  құрылды,  олар  жұмысшы-
сайлаушылардың санының өсуі өздерінің қауамдар палатасына 
əсерін  күшейтеді  деп  үміттенді.  Екі  партия  да,  жұмысшы 
қозғалысының  кең  таралуын  негізге  ала  отырып,  реформалар 
жасауға  көшті.  Б.Дизраэлидің  консервативтік  кабинеті 1867 
жылы келесі реформаларды жүзеге асырды: депутаттық орын-
дар  “шіріген  жерлерге” (парламентте  көп  орынды  иеленген, 
халык  саны  аз,  алайда  аумағы  үлкен  графтықтар)  емес,  өнер-
кəсіптік  қалалар  мен  графтықтарға  қатысты  бөлінетін  болды. 
Салық  төлеушілер  үшін  мүліктік  ценз  қала  тұрғындары  үшін 
10  фунт  стерлингке,  графтықтарда:  жер  иеленушілер  үшін 5 
фунт  стерлингке,  жалға  алушылар  үшін 12 фунт  стерлингке 
азайды.  Осылай  сайлау  тізімдері  ұсақ  буржуазияның,  жұмыс-
шылардың  жəне  қолөнершілердің  есебінен  өсті.  Сайлаушы-
лардың  саны  миллионнан  асып  кетті.  Алайда,  ер  адамдардың 
2\3-і жəне əйелдер бұрынғыша сайлау құқығын иеленбеді. 
 
ХІХ-ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ — ХХ-ҒАСЫРДЫҢ  
БАСЫНДАҒЫ САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР 
 
108

Бұл  кезеңдегі  Ұлыбританияның  саяси  жүйесінің  негізін 
либералды  жəне  консервативтік  партия  құрады.  Либералдар 
1877  жылы  Ұлттық  либералдық  ассоциацияны  құрды.  ХІХ 
ғасырдың 80-жылдарына дейін консервативтік партия либерал-
дарға  қарағанда  əлсіздеу  болды  жəне  либералдардың  үлгісі 
бойынша 1883 жылы консервативтік ассоциациялардың ұлттық 
одағын құрды. 
1876  жылы  Ұлыбританияда  өнеркəсіптің  негізгі  салалары 
бойынша  шиелініс  басталды,  осыған  байланысты  либерал-
дардың  жағдайы  да  əлсірей  бастады.  Осы  қиындықтардың 
болуына  байланысты  Ұлыбритания  Германия  мен  АҚШ-тан 
артта  қалып  қойды.  Сөйтіп,  ағылшындық  буржуазия  жұмыс-
шылардың  өмір  сүру  деңгейін  төмендетуге  жəне  колониялық 
саясатты күшейтуге мəжбүр болды, ал бұл либерализмнің ескі 
қағидаларына қайшы келетін.  
Либералдық  кабинет  құлады  жəне  билік  басына  консерва-
торлар  келді.  Алайда,  либералдардың  билік  құру  жылдарында 
тред-юниондарға  сотқа  өз  өкілдері  арқылы  қатысуға  рұқсат 
беретін  заң (1871 жыл)  қабылданған  болатын. 1872 жылы 
құпия дауыс беру туралы заң қабылданды.  
1884-1885  жылдары  консерваторлардың  тұсында  кезекті 
сайлау  реформасы  жүзеге  асты:  қалалардағы  мүліктік  ценз 
жойылды. Сайлаушылардың саны екі есеге дейін өсті.  
Либералдардың  жүзеге  асырған  реформаларының  ішінде 
соттар  реформасын  ерекше  атап  өткен  жөн,  бұл  реформаның 
негізінде  Англияның  жоғары  соттары  Жоғары  соттан,  Апел-
ляциялық  соттан  жəне  Азаматтық  істер  бойынша  соттан  құ-
ралған Жоғарғы сотқа бірікті.  
1911  жылғы  Парламент  туралы  акт  мыналарды  орнықтыр-
ды:  қауымдар  палатасы  мақұлдаған,  алайда  лордтар  палатасы 
қайтарып  тастаған  кезкелген  қаржылық  емес  билль  лордтар 
палатасын  аттап  өтіп,  бірден  патшаға  бекітілуге  жіберілетін 
болды;  қаржылық  билльдер  лордтар  палатасының  келісімін 
тіпті  де  қажет  етпеді;  билльдің  сипатын  қауымдар  палата-
сының  спикері  анықтайтын  болды;  қауымдар  палатасының 
мүшелері  жалақы  алатын  болды.  Соңғы  шараның 1906 жылы 
құрылған  лейбористік  партия  (еңбекші  жұмысшылар  партия-
сы) үшін маңызы зор болды.  
 
109

 
БРИТАНДЫҚ КОЛОНИАЛДЫҚ ИМПЕРИЯ 
Британдық  колониалдық  империя  ХVІІ-ХVІІІ  ғасырларда 
қалыптаса  бастады.  Испаниямен,  Голландиямен,  Франциямен 
күресте Англия саудалық жəне теңіз үстемдігіне талпынды.  
ХVІІ ғасырда Англия Канададағы, Австралиядағы, Оңтүстік 
Африкадағы,  Үндістандағы  ірі  аумақтарды  жаулап  алды.  ХІІ 
ғасырдан бастап колонизацияланған Ирландия ерекше жағдай-
да болды. 1800 жылы Ирландия Ұлыбританиямен одақ құрды, 
бұл одақ ирландық автономияның қалдықтарын жойды. Ирлан-
дықтар  тəуелсіздік  үшін  күресті, ал  оның  ағылшындық  парла-
менттегі депутаттары гомрул идеясын (автнономия) жақтады.  
1886 жылы парламентке Ирландияға шектелген өзін-өзі бас-
қаруды  беру  туралы  заң  ұсынылды,  бұл  заңды  қауымдар 
палатасы кері қайтарып тастады. 1893 жылы Ирландияның ав-
тономиясы туралы заң лордтар палатасынан өтпеді. 1914 жылы 
гомрул  туралы  заң  қабылданды,  оған  сəйкес  Ирландияның 
автономиясы əдеттегі доминионның мəртебесінен төмен болды.  
Британдық  колониялар  екі  түрге  бөлінді:  жаулап  алынған 
(жабайы  адамдардың  көптігімен  ерекшеленді)  жəне  қоныс 
аударылған  (Англиядан  шыққан  халықтардың  көптігімен 
ерекшеленді).  Жаулап  алынған  колонияларда  саяси  құқықтар 
шектелген  сипатты  иеленді  жəне  оларды  генерал-губерна-
торлар  басқарды.  Қоныс  аударылған  колониялардың  басқа-
руында саяси құқықтар көбірек болды (метрополия олар АҚШ-
тағы сияқты тəуелсіздік үшін күрес бастайды деп қорықты). 
1867  жылы  Канаданы  басқару  жаңа  негіздерге  сəйкес 
өзгертілді,  Канаданың  төрт  провинциясы  Канада  доминионы 
деген  атқа  ие  болған  конфедерацияны  құрады.  Бұл  процесс 
“Британдық Солтүстік Америка туралы актіде” рəсімделді.  
Оңтүстік  Африкадағы  иеліктерден  өзін-өзі  басқаруды 1854 
жылы Кап жері, ал 1856 жылы Наталь иеленді. 
1900  жылы  Австралиядағы  жекелеген  өзін-өзі  басқарушы 
колониялар  Австралиялық  одаққа  бірікті. 1900 жылғы  Кон-
ституция  Австралияны  федеративтік  мемлекет  ретінде  жария-
лады.  Заң  шығару  билігін  сенат  пен  өкілдер  палатасынан  құ-
ралған  екіпалаталы  парламент  жүзеге  асыратын  болды.  Атқа-
рушы билік генерал-губернаторға тиесілі болды.  
 
110

Жаңа Зеландияда 1854 жылы Конституция қабылданды. 
Үндістанда  саяси  буржуазиялық  партия  Үндістандық  ұлт-
тық  конгресс 1885 жылы  құрылды.  Бұл  парияның  негізгі  бағ-
дарламалық  талабы  болып  үндістерге  мемлекетті  басқаруға 
рұқсат ету болды. 1892 жылы “Үнді кеңестері туралы” заңмен 
үндістандық буржуазияның өкілдері заңды талқылаушы кеңес-
терге  жіберілді. 1906 жылы  үндістерге  атқарушы  органдарда 
қызмет етуге рұқсат етілді. Алайда, тəуелсіздікке Үндістан тек 
1947 жылы ғана жетті.  
Колониялардың  метрополиямен  қатынастарын  реттеу  үшін 
1887  жылдан  бастап  тұрақты  түрде  “колониалдық  конферен-
циялар” жүргізіле бастады, олар 1907жылы “империялық коло-
ниалдық конференциялар” деген атқа ие болды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет