Булгакова Д. А



жүктеу 1.67 Mb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата18.01.2017
өлшемі1.67 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

 
 
Булгакова Д. А. 
Истаев А. Ж. 
 
 
 
 
 
 
Мемлекет жəне құқықтың  
жалпы тарихы 
 
 
Оқу-əдістемелік құрал 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 
2004  

ББК 66.1+67.3я73 
Б 83 
 
 
Экономика жəне құқық академиясының  
Ғылыми Кеңесі ұсынған 
 
 
РЕЦЕНЗЕНТТЕР: 
з.ғ.д., профессор З. Ж. Кенжалиев 
з.ғ.д., профессор Б. Ж. Қуандықов 
 
 
 
Б 83 Булгакова Д. А., Истаев А. Ж. 
   Жалпы тарих (оқу-əдістемелік құрал).— Алматы: Заң 
əдебиеті, 2004.— 222 бет. 
 
ISBN 9965-620-34-2 
 
 Оқу-əдістемелік  құрал  «Мемлекет  жəне  құқықтың  жалпы 
тарихы»  курсының  оқу  бағдарламасына  сəйкес  дайындалған 
жəне  Ежелгі  əлемнің,  орта  ғасырлардың,  Жаңа  жəне  қазіргі 
заманның  мемлекеттік-құқықтық  жүйелерінің  пайда  болу, 
даму, қызмет етуінің кезектілігін сақтай отырып жазылған. 
 Құрал  заң  білімдерін  беретін  жоғары  оқу  орындары  мен 
факультеттерінің  сырттай  бөлімдерінің  жəне  заң  колледж-
дерінің студенттеріне арналған.  
 
 
 
 
ББК 66.1+67.3я73 
1202000000 
 
0
 
0(05)-04
Б      
                         © Булгакова Д. А., 2004. 
               
                                                 © Истаев А. Ж., 2004. 
                                                 © Заң əдебиеті, 2004. 
ISBN 9965-620-34-2 
 
2

КІРІСПЕ  
 
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің 
əртүрлі  жақтарын  зерттейтін  қоғамдық  ғылымдардың  бір  түрі 
болып  табылады.  Мемлекет  жəне  құқықтың  тарихы  мемлекет 
пен құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың пайда болуы мен 
дамуын  зерттейді.  Бұл  ғылым  əрі  тарихи,  əрі  заңдық  болып 
табылады.  Алайда,  егер  тарих  ғылымы  жалпы  қоғамның  даму 
жəне  қызмет  ету  үрдісін  зерттесе,  мемлекет  жəне  құқықтың 
тарихы  мемлекет  пен  құқықты  олардың  пайда  болу  сəтінен 
бастап қана зерттейді.  
Мемлекет  жəне  құқықтың  жалпы  тарихының  пəні  болып 
белгілі бір хронологиялық кезектіліктегі нақты тарихи жағдай-
лардағы жекеленген елдердің мемлекеті мен құқығының пайда 
болуы,  дамуы  мен  қызмет  етуінің  жалпы,  əрі  арнайы  заңды-
лықтары  табылады.  Бұл  пəнді  зерттеуде  төмендегідей  əдістер 
қолданылады: 
—  тарихи  əдіс,  мемлекет  жəне  құқықтың  пайда  болуы  мен 
дамуының нақты тарихи зерттеуін білдіреді; 
— салыстырмалы — тарихи əдіс, анықталған тарихи факті-
лерді басқа да ұқсас фактілермен салыстыруға мүмкіндік бере-
ді; 
—  жүйелік-құрылымдық  əдіс,  элементтердің  құрылымда-
рын,  оларға  тəн  ішкі  байланыстарды  зерттеуді  жəне  жүйенің 
біртұтастығын қамтамасыз ететін элементтерді анықтауды біл-
діреді; 
—  статистикалық  əдіс,  тарихи  үдерістің  сандық  жақтарын 
зерттеуде, зерттеу обьектісіне сандық көрсеткіштер тəн болған 
кезде қолданылады. 
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихын зерттеудің жоға-
ры кəсіби заңгерлерді дайындаудағы маңызы зор. Ең алдымен, 
мемлекет  жəне  құқық  тарихын  зерттеу  студенттерде  мемле-
кеттік-құқықтық  құбылыстарға  деген  тарихи  көзқарас  сезімін 
қалыптастырады, оларға жалпы қоғамдық өмірді, оның ішінде 
мемлекет  пен  құқықты  ғылыми  əдістемелік  түрде  тануына 
мүмкіндік  береді.  Мемлекет  пен  қоғамның  кезкелген  құбылы-
сын  олардың  қалыптасу,  даму  алғышарттарын  анықтағанда 
ғана,  бұл  құбылыстың  қалай  пайда  болғаны,  қалыптасу  бары-
 
3

сында  қандай  кезеңдерден  өткені  жəне  қандай  бағытта  дамып 
келе жатқаны зерттелген жағдайда ғана дұрыс түсінуге болады.  
Бұл  оқу  құралы  негізінен  сырттай  білім  беру  бөлімдерінің 
студенттеріне арналған. Мұнда негізгі төрт кезеңнің шегіндегі 
жекеленген  елдердің  мемлекеттік-құқықтық  құбылыстарының 
хронологиялық  тəртіптегі  тарихы  қысқаша  берілген,  ол  кезең-
дер: Ежелгі əлем, орта ғасырлар, жаңа дəуір жəне қазіргі заман. 
Бұл  оқу  құралының  шеңберінде  зерттеліп  отырған  мемле-
кеттердің  барлық  мемлекеттік-құқықтық  құбылыстары  мен 
оқиғаларын қамтып өту мүмкін емес, сондықтан «қоғамдық құ-
рылым», «мемлекеттік  құрылым»  түсініктері  арқылы  ашыла-
тын мемлекет пен құқықтың негізгі аспектілері (басқару ныса-
ны,  мемлекеттік  құрылым  нысаны,  билік  пен  басқарудың 
орталық  жəне  жергілікті  органдарының  құрылымы,  өкілеттік-
тері,  олардың  өзара  қарым-қатынастары)  мен  «құқық»  түсіні-
гінің  негізгі  аспектілері  (құқықтың  қайнар  көздері,  құқықтың 
негізгі  институттары:  меншік  құқығы,  міндеттемелік  құқық, 
отбасылық-некелік құқық жəне мұрагерлік құқық, қылмыс пен 
жаза, сот процесі) қарастырылып өтті.  
Бұл  оқу  құралын  дайындауда  К.И.Батыр,  П.Н.Галанза, 
Н.А.Крашенникова  сияқты  ірі  мемлекеттанушылардың  еңбек-
тері  жəне  төмендегідей  əдебиеттер  қолданылды: «Мемлекет 
жəне  құқықтың  жалпы  тарихы»,  К.И.Батырдың  редакциясы 
(1998  ж.); «Шетелдердің  мемлекет  жəне  құқық  тарихы» 
Н.А.Крашенникова  мен  О.А.Жидковтың  редакциясы (1998 ж. 
1,2  томдар); «Мемлекет  жəне  құқықтың  жалпы  тарихы», 
О.А.Омельченко (1998 ж. 1,2 томдар); «Мемлекет жəне құқық-
тың  жалпы  тарихы»  З.М.Черниловский (1996 ж.); «Мемлекет 
жəне  құқықтың  тарихы»  П.Н.Галанза  мен  Б.С.Громаковтың 
редакциясы (1990 ж.); «Орта ғасырлардың тарихы» Н.Ф.Колес-
ницкийдің жалпы редакциялығымен (1980).  
1, 2-тараудың  В-бөлігінің 1, 2-бөлімдері  жəне 2-пунктін 
Булгакова  Д.А.  дайындаған. 2-тараудың  В-бөлігінің 3, 4, 5, 6-
бөлімдері  мен 1, 3, 4-пункттерін  Истаев  А.Ж.  дайындаған. 
Түсіндірмелік сөздікті, барлық тарауларға арналған кестелерді 
жəне негізгі заң құжаттарының хронологиялық кестесін Истаев 
А.Ж. дайындады.      
 
 
4

ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК 
 
Ежелгі Египет 
 
Кенбет — 30 судьядан құралған Жаңа патшалық кезеңіндегі 
орталық сот. 
Ном — əкімшілік-аумақтық бірлік. 
Номарх — номның  басшысы,  перғауынға  тəуелді  лауазым-
ды тұлға. 
Патша-перғауын — Египеттегі мемлекет басшысы. 
 
Ежелгі Вавилон 
 
Авилум — тура мағынада «күйеу», «адам» — еркін халық-
тың жоғарғы тобы. 
Мушкенум — еркін халықтың төменгі бөлігі. 
Нубанда — жоғарғы  патша  шенеунігі — патша  сарайын 
басқарушы. 
Рабианум — қауымдық кеңестің басшысы. 
Энси — қала-мемлекеттің билеушісі. 
 
Ежелгі Үндістан 
 
Ахармадъякша — сот істері бойынша жоғарғы шенеунік. 
Веда — діни кітап. 
Вишас — селолық қауымдастық. 
Варна — каста — қоғамның жабық əлеуметтік бөлігі.  
Брахмандар варнасы — абыздар. 
Кшатрийлер варнасы — əскерилер мен билеушілер. 
Вайшалар варнасы — жер өңдеушілер. 
Шудралар варнасы — қаналушы батырақтар. 
Гана — төменгі аумақтық бірлік, қауымдастық.. 
Дхармашастра — діни-құқықтық ережелердің жиынтығы. 
Пурохита — патшаның басты кеңесшісі жəне абызы. 
Сенапати — əскер қолбасшысы. 
Чандал — шудра мен брахман əйелдің некесінен туған, қо-
ғамнан аластатылған тұлға. 
 
 
5

Ежелгі Қытай 
 
Ван — билеуші, артықшылықтарды иеленген топ. 
Гун — патшаның басты кеңесшісі. 
Тайвэй — империяның қарулы күштерінің қолбасшысы. 
Чжухоу — көсем-билеуші. 
Юйши дафу — бүкіл мемлекеттік аппараттың басшысы. 
Ежелгі Греция 
 
Спарта 
Апелла — халық жиналысы. 
Базилевс (Архагеттер) — патша. 
Герусия — ақсақалдар кеңесі. 
Илот — жаулап  алынған  аумақтардың  бағындырылған 
тұрғыны. 
Оба — спартиаттардың рулық бөлімшесі. 
Периэк — жеке  бас  бостандығы  бар,  алайда,  саяси  құқық-
тарды иеленбеген тұрғын. 
Ретра — заң актісінің атауы. 
Спартиат — толық құқылы азамат.  
Фила — спартиаттардың ірі рулық бөлімшесі. 
Эфорат — герусия мен архагеттерге бақылау жасайтын, бес 
адамнан құралған комиссия. 
 
Афины 
Архонт — сайланбалы лауазымды тұлға. 
Архонт — эпоним — архонттар алқасын басқарушы. 
Архонт-базилевс — абыздық функцияларды жүзеге асырған 
лауазымды тұлға. 
Архонт-полемарх — əскери  басшылықты  жүзеге  асырған 
архонт. 
Архонт-фесмофет — сот əділдігін жүзеге асырған архонт. 
Ареопаг — жоғарғы  сот  жəне  бақылаушылық  орган  (кеңе-
сулер өткен Арес тауының атауы бойынша). 
Геомор — жер өңдеуші. 
Гелиэя — жоғарғы сот органы. 
Демиург — қолөнерші. 
Демос — қолөнершілер жəне шаруалар. 
 
6

Метэктер — Афиныда өмір сүруші шетелдіктер. 
Навкрарий — округ, елдің округтық бөлінісі бойынша. 
Остракизм —  адамды мемлекеттен қуу.   
Сисахфия — қарыздық құлдықты жою бойынша реформа.          
Фет — кедей. 
Эвпатрид — Афиныдың еркін халқы. 
 
Ежелгі Рим 
 
Авгурлар — жануарлардың  əрекеттері, табиғат құбылыста-
ры  негізінде  адамдардың  жүріс-тұрыстары  туралы  өз  қоры-
тындыларын беретін дін қызметкерлері. 
Диоцез —  империялық  кезеңдегі  ірі  əкімшілік-аумақтық 
бірлік. 
Доминат — шексіз монархия режимі. 
Деликт — құқықбұзушылық. 
Курия —  Курион басқарған, 10 рудан құрылған əскери жə-
не діни бірлік. 
Квестор —  консулдың  арнайы  өкілеттіктерге  ие  емес  кө-
мекшісі. 
Конкубинат — некеден тыс бірге өмір сүру. 
Магистратура — басқару мен сот өндіріс органы. 
Төменгі магистрат — қылмыстарды тергеумен айналысты. 
Патрицийлер — римдік  қалалық  қауымның  толыққұқылы 
азаматтары. 
Понтификтер — халықтық  дəстүрлерді  түсіндіруші  жəне 
сақтаушы. 
Претор — консулдың көмекшісі, лауазымды тұлға. 
Плебейлік  трибуналар —  плебейлердің  мүдделерін  қорға-
ған трибун. 
Принцепс — өмір бойғы жəне төтенше билікке ие жоғарғы 
республикалық магистрат. 
Префектура —  диоцезамен  салыстырғанда  империялық 
кезеңдегі кішкентай əкімшілік-аумақтық бірлік. 
Сенат — əртүрлі кезеңдерде Ақсақалдар кеңесі, заңшығару-
шы жəне кеңесуші орган. 
Триба — 10 куриядан құрылған тайпа. 
Фециалдар — соғыс жариялау əрекеттерін жүзеге асырды. 
 
7

Центуриаттық комициялар — халық жиналыстарының түрі. 
Цензорлар —  азаматтарды трибаларға, разрядтарға, центу-
рияларға  бөлу  мақсатында  олар  үшін  ценздер  орнықтыратын 
лауазымды тұлғалар. 
Эдил — полициялық міндеттерді жүзеге асырушы лауазым-
ды тұлға. 
 
Франктардың мемлекеті жəне құқығы 
 
Аллод — мұрагерлік бойынша берілетін жерге жеке меншік 
құқығы. 
Бенефиций — жерді  əскери  қызметі  үшін  шартты  түрде 
өмір  бойғы  иелену,  кейін    жер  иелену  мұрагерлікке  берілетін 
болды, ол феод деген атқа ие болды.  
Коммендация — өзін феодалдың қамқоршылығына беру.  
Майордом — патша сарайын басқарушы. 
Маршал — атты əскердің қолбасшысы. 
Министериал —  патша сарайын басқарушы лауазымды тұлға. 
Прекарий — шаруаға  белгілі  бір  міндеттерді  орындағаны 
үшін жерді пайдалануға беру. 
Пага — округтың атауы. 
Патронат — ақсүйектердің шаруаларға қамқоршылығы. 
Пфальцграф — алғашқыда  құлдарға  қараушы,  кейін  патша 
сотын басқарушы. 
Тезаурарий — қазына мен байлықтарды сақтаушы. 
 
Францияның мемлекеті мен құқығы 
 
Бальяж — патша  доменінің  əкімшілік  бірлігі,  оны  балья 
басқаратын. 
Вилландар —  жеке бас бостандыққа ие, өз парцеллаларын 
сатуға  құқығы  бар  шаруалар,  олар  феодалдық  міндеттерден 
босатылды.  
Домен — патша иеліктері. 
Канцлер — басқа  лауазымды  тұлғалардың  жұмысын  бақы-
лап отырған лауазымды тұлға. 
Коннетабль — патша əскерінің қолбасышысы. 
Кутюмдар — əдет-ғұрыптар. 
 
8

Камерарий — патша қазынасын басқарушы. 
Легисттер — рим құқығын білетін заңгерлер. 
Сюзеренитет — вассалитет  қатынастары  —  сеньор  мен 
вассалдың арасында қалыптасқан қатынастар (қожайын — құл 
сипатындағы). 
Ордонанс, эдикт — патша билігінің актілері. 
Парцелла — шаруалардың иелігіндегі немесе пайдалануын-
дағы қожайын жерінің бөлігі. 
Превотаж — прево басқаратын округтар, олар патша доме-
нін құрады. 
Палатиндар — патша кеңесшілері. 
Сервалар — жеке  жəне  мұрагерлік  тəуелді  шарулар  (жағ-
дайы бойынша басыбайлы шаруаларға ұқсады). 
Цензива — мұрагерлік жер үлесі. 
Цензитарий — цензиваның иесі. 
 
Англияның мемлекеті мен құқығы 
 
Ассиздер — патшаның нормативтік актілері. 
Витанагемот (Уитанагемот) — Кемеңгерлер кеңесі, ертефе-
одалдық монархия кезеңіндегі атқарушы орган.  
Джентри — ұсақ  жəне  орта  феодалдардан  құралған  жаңа 
дворяндар (жағдайы бойынша буржуазияға ұқсас болып келді). 
Керлдар — шаруалар-қауым мүшелері. 
Камерарий — мүлік  пен  қаржы  үшін  жауап  беретін  лау-
азымды тұлға. 
Капеллан — патша кеңсесін меңгеруші. 
Копигольдерлер — басыбайлы  шаруалардың  ұрпақтары, 
ақшалай жəне заттай сипаттағы міндеттерді иеленді. 
Лэттер — бағындырылған  кельт  тайпаларының  жартылай 
тəуелді халқы. 
Маршал — атты əскердің қолбасшысы. 
Мисдиминор — теріс қылық. 
«Жалпы  құқық» — Вестминстерлік  патша  соттарының  сот 
тəжірибесінен туындаған құқық. 
«Əділдік  құқығы» — канцлерлік  сот  қызметінің  нəтиже-
сінде туындаған сот. 
Тэндар — қызмет етуші ақсүйектер. 
 
9

Тризна — мемлекетке немесе патшаға сатқындық (аса ауыр 
қылмыс). 
Фригольдерлер — жерлердің еркін иелері. 
Фелония — ауыр қылмыс. 
Эрлдар — ағылшын-саксондардың рулық-тайпалық ақсүйектері. 
Юстициарий — патшаның көмекшісі. 
 
Ортағасырлық Германияның мемлекеті жəне құқығы 
 
Курфюрст — ірі князь. 
Рейхстаг — империялық сейм, өкілдік орган. 
Чиншевик — ол  үшін  чинш  (оброк)  төлейтін  бөтен  жерді 
пайдаланушы. 
 
Византия 
 
Квестор — Мемлекеттік Кеңестің төрағасы. 
Консисторий — Мемлекеттік  кеңес,  мемлекеттік  басқару-
дың орталық органы. 
Колонат — белгілі  бір  салықтарды  төлегені  үшін  жəне 
міндеттерді атқарғаны үшін шартты жер пайдалану жүйесі. 
Колон — өзінің жер учаскесі бар жер өңдеуші. 
Преторий префекті — Византияның екі бөлігінің бірінің би-
леушісі. 
Протовестиарий — лауазымды тұлғалардың бірі, сарай қыз-
меткерлері туралы істерді қарастыратын. 
Параталассит — саудагерлер мен кеме иелеріне қатысты сот 
функцияларын атқаратын қаржылық ведомство шенеунігі. 
Сенаторлар — ірі жер иеленушілер. 
 
Болгарияның мемлекеті жəне құқығы 
 
Ұлы логофет — болгар патшасының бірінші министрі. 
Дука — облыс басшысы. 
Отроктар — басыбайлы шаруалардың төменгі санаты. 
Париктар — феодалдарға  жеке  тəуелді  шаруалар  (жағдайы 
бойынша басыбайлы шаруаларға ұқсас болып келді).  
Протовестиарий — қаржы министрі. 
 
10

Протостратор — Болгар  патшалығының  жоғарғы  əскери 
шендерінің бірі. 
Технатарийлер — қолөнершілер. 
 
Сербияның мемлекеті жəне құқығы 
 
Властелдер —  ірі рулық-тайпалық ақсүйектер. 
Властеличтер — властелдердің вассалдары. 
Влахтар — таулықтар,  халықтың  мал  шаруашылығымен 
айналысатын бөлігі. 
Жупа — бірнеше  тайпалардың  бірлестігі,  оның  басшысы 
жупан деп аталатын. 
Задруга — үлкен патриархалдық отбасы. 
Меропхалар — басыбайлы шаруалар. 
Отроктар — үй  шаруашылығында  пайдаланылатын  басы-
байлы шаруалар. 
 
Польшаның мемлекеті жəне құқығы 
 
Воеводство — əкімшілік-аумақтық бірлік. 
Коморник — патша  сарайын  қамтамасыз  ету  үшін  жауап 
беретін лауазымды тұлға. 
Каштеляндар — округтарды басқарған лауазымды тұлғалар. 
Можновладец-нобилдер —  ірі феодалдар. 
Маршалек — патша  мен  оның  жанындағылардың  қауіп-
сіздігін қамтамасыз ететін лауазымды тұлға. 
Подскарбий — мемлекеттің  қаржыларын  басқаратын  лау-
азымды тұлға. 
Скарбник —  əскерді  қамтамасыз  ету  жəне  тиын  шығару 
үшін жауап беретін лауазымды тұлға. 
Смердтар (Кметтар) — еркін шаруалар — қауым мүшелері, 
кейін феодалдық-тəуелді шаруаларға айналды. 
Шляхта — орта жəне ұсақ дворяндар (бұрын — рыцарьлар 
сословиесі). 
 
Чехияның мемлекеті жəне құқығы 
 
 
11

Владыкалар — қызмет  етуші  сословиеден  шыққан  феодал-
дар. 
Владырь — княздық иеліктерін басқарушы. 
Гость — салық төлей алмағаны үшін тəуелділерге айналған 
еркін шаруалар. 
Дедина — жер учаскесі. 
Дедич — мұрагерлік бойынша берілетін дединаны иеленген 
жеке басы тəуелді шаруа. 
Жупа  —  əкімшілік-аумақтық бірлік. 
Жупан — князь өкілдері.. 
Коморник — жоғарғы қазынаны басқарушы. 
Каштелян — қала  мен  облысқа  басшылық  жасаған  князь 
өкілі. 
Ловчий — князь аңшылығын басқарушы. 
Сарайлық жупан — князь сарайын басқарушы. 
Пандар — ірі жер иеленушілер. 
Рада — Кеңес, князьдың жанындағы кеңесуші орган. 
 
Араб халифаты 
 
Əдет — əдет құқығы.  
Бəдəуиндер — мал асыраушы көшпенділер. 
Вакуф (вакф)  — діни ұйымдардың жерлері. 
Диун — ведомство. 
Имамат — халифтің діни билігі. 
Икта — жерді əскери қызметі үшін шартты иелену. 
Иджтихад — соттың  шешім  шығарудағы  өзінің  еркін  қа-
лауы. 
Иджма — мұсылман  құқығының  басқа  қайнар  көздерімен 
реттелмеген мəселелер бойынша беделді ислам заңгерлері шы-
ғарған шешімдер. 
Құран —  діни-моральдық  сипаттағы  ережелерден  тұратын 
мұсалмандардың қасиетті кітабы. 
Мүлік — жеке меншік құқығы негізіндегі мұсылмандардың 
жер иеліктері. 
Сеид —  тайпалық көсем. 
Сүннет — Мұххамед пайғамбардың өмірі мен жүріс-тұрысы 
туралы хадистер жинағы. 
 
12

Фетва — қоғамдық  өмірдің  жекелеген  мəселелеріне 
байланысты  мемлекеттік  билік  шешімі  бойынша  жоғарғы  бе-
делді діни қызметкерлердің  жазбаша қорытындысы.   
Хиджаз — Мұхаммед  пайғамбар  өмір  сүрген,  ерекше  құ-
қықтық режимдегі жерлер. 
Шейх — тайпа басшысы. 
Шариғат — мұсылмандардың діни-құқықтық жүйесі. 
Əмірлік — халифтің мемлекеттік билігі. 
Ортағасырлық  кезеңдегі  Үндістанның  мемлекеті  жəне 
құқығы 
 
Үнділік князьдықтар 
Вишая — округ. 
Деша (бухти) — провинция. 
Махараджа — басты князьдар. 
Монтри-паришад — махараджаның кеңесшілері. 
 
Дели сұлтандығы 
Вакуф (вакф) — Дели сұлтандығындағы діни ұйымдарға ти-
есілі меншік. 
Заминдарлар — мұсылмандарға  бағынған  үндістік  феодал-
дар. 
Икта — Дели  сұлтандығындағы  феодалдық  жер  иеленуші-
лер — иктадарлардың жерлері. 
Мүлік — Дели  сұлтандығындағы  феодал  ақсүйектердің  
меншігі.. 
Паргана —  Дели  сұлтандығындағы  əкімшілік-аумақтық 
бірлік (аудан). 
Упарика — патшаның өкілі. 
Халиса — Дели сұлтандығындағы мемлекеттік жерлер. 
Шика — Дели сұлтандығындағы əкімшілік-аумақтық бірлік 
(облыс). 
 
Ұлы Моғолдар Империясы 
Гомашт — салық жинаумен айналысатын шенеунік. 
Джагира — Ұлы  Моғолдар  Империясында  шартты  түрдегі 
феодалға тиесілі əскери жалақы. 
Котвал — қала басшысы. 
 
13

Мир-Бакши — əскери ведомствоның басшысы. 
Мирсаман — шеберханалар  мен  қоймаларды  қарайтын  ла-
уазымды тұлға. 
Падишах — мемлекет басшысының титулы. 
Садр-уссудар — діни жəне сот басқармасының басшысы.  
Суюргаль — Ұлы  Моғолдар  Империясындағы  жеке  мен-
шіктегі жерлер. 
Фоуджи-дар — əскери  қолбасшы,  ол  облыста  хакімнен 
тəуелсіз тағайындалатын. 
Халиса — мемлекет жерлері. 
Хаким — падишахтың өкілі, облыс басшысы. 
 
Ортағасырлық Қытайдың мемлекеті мен құқығы 
 
Богдыхан — маньчжурлық  Цин  династиясы  император-
ларының титулы. 
Цзайсян — императордың көмекшісі. 
 
Ортағасырлық Жапонияның мемлекеті мен құқығы 
 
Бушидо (бусидо) — самурайлардың абырой кодексі, жүріс-
тұрыс  ережелері  мен  өмір  салтын  көрсетті,  самурайлардың 
қылықтарына, əрекеттеріне өлшем болып табылды. 
Синтоизм — Жапонияның  мемлекеттік  діні,  ата-бабаларға 
жəне табиғат күштеріне табыну. 
Сёгун — император əскерінің бас қолбасшысы. 
Самурайлар — əскери-дворяндық сословие. 
 
Жаңа  дəуірдегі  мемлекет  жəне  құқықтың  тарихы  (бур-
жуазиялық мемлекет жəне құқық) 
 
Жаңа дəуірдегі Ұлыбритания 
 
Виги — өнеркəсіптік  буржуазияның  мүдделерін  білдірген 
саяси партия, кейін либералдық партияға айналды. 
Гомрул (автономия) — кейін заң жобасында көрініс тапқан 
Ирландияның автономиясы туралы идея. 
 
14

Индепенденттік — пуританизмның  радикалдық  қанаты, 
орта буржуазия мен джентридің мүдделерін білдірді.. 
Контрасигнатура —  патша жарлығына сəйкес министр қол 
қойғаннан кейін ғана заңды күшіне енетінін білдіретін ереже. 
Протестантизм — хритсиан  дінінің    басты  үш  бағытта-
рының бірі, ол Реформация дəуірінде 16 ғ. бірінші жартысында 
пайда болды (16 ғ. Еуропадағы католик дініне қарсы қозғалыс). 
Петиция — патша  билігіне  белгілі  бір  талаптарды  қоя 
отырып, өтініш түрінде жазылатын құжат. 
Пуританизм — Англиядағы  антиабсолютистік  сипатты 
иеленген кальвинистік қозғалыс. 
Пресвитерианство — ірі  буржуазия  мен  жер  иеленуші 
ақсүйектердің мүдделерін білдірді, конституциялық монархия-
ны жақтады. 
Тори — помещиктер  мен  қаржылық  буржуазияның  мүд-
делерін  білдірген  саяси  партия, кейін  консервативтік  партияға 
айналды. 
 
Жаңа дəуірдегі Германия 
 
Бундесрат — одақтық  кеңес,  герман  мемлекеттерінің  өкіл-
дік органы. 
Ландтаг — герман  мемлекеттерінің  заңшығарушы  орган-
дары. 
Рейхстаг — германдық  империялық  парламенттің  төменгі 
палатасы. 
 

Каталог: repository -> history
history -> С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар
history -> Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева
history -> Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)
history -> Графикалық компьютерлік модельдеу
history -> Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет