Булгакова Д. А



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата18.01.2017
өлшемі1,67 Mb.
#2136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

 
 
 
 
86

Б. ШЫҒЫСТЫҢ ФЕОДАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТІ  
    МЕН ҚҰҚЫҒЫ 
 
1.
 
Араб халифаты 
 
Араб халифатының тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге 
болады: Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж.) мен алғашқы төрт 
халифтің ( Əбу  Бəкір (632-634 ж.ж.),  Омар (634-644 ж.ж.), 
Осман (644-656 ж.ж.),  Əли (656-661 ж.ж.))  билігі;  Омейядтар 
династиясының  билігі (661-750 ж.ж.);  Аббасидтер  династия-
сының билігі (750-1258 ж.ж.).  
VІІ  ғасырда  араб  тайпаларында  рулық-тайпалық  қатынас-
тардың ыдырауы басталды. Араб тайпаларының негізгі бөлігін 
малшы-көшпенділер  (бəдеуиндер)  мен  сулы  жерлерде,  қала-
ларда өмір сүрген жер өңдеушілердің аз бөлігі құрады. Аталған 
уақыттан  бастап  əлеуметтік  теңсіздікке  алып  келген  мүліктік 
теңсіздік  басталды.  Шейхтар  (тайпа  басшылары)  мен  саидтар 
(тайпа ақсақалдары) жақсы сулы жерлер мен малдың көптеген 
бөлігін  өздеріне  иемденіп  алды.  Рулық-тайпалық  ыдырау-
шылықты жеңу мен біртұтас араб мемлекетін құру талпынысы 
əртүрлі  уағыздаушылардың  көбеюіне  алып  келді.  Олардың 
ішіндегі  аса  əйгілісі — ислам  дінінің  негізін  қалаушы 
Мұхаммед пайғамбар болды. Мұхаммед барлық арабтарды бір 
дінге  жəне  пайғамбары — “жер  бетіндегі  жалғыз  құдайдың 
жердегі  елшісі”  басында  тұрған  теократиялық  мемлекетке 
(діни қауым түріндегі) бірігуге шақырды.  
VІІ  ғасырдың  ортасында  Аравияның  бір  исламдық  мемле-
кетке — халифатқа бірігуі аяқталды.  
Омейядтардың басқару жылдарында халифаттың қуатты əрі 
гүлдену  кезеңі  болды, көптеген  елдер  жауланып,  ислам  дініне 
тартылды.  
640 жылы арабтар Сирияны, Палестинаны, Египетті, ал 649 
жылы  бүкіл  Солтүстік  Африканы  жаулап  алды. 651 жылы 
Иранды  бағындырды. 658 жылы  Арменияны,  Грузияның  бір 
бөлігін,  Азербайжанды,  ал  Кавказдың  арғы  жағынан  Хазар 
жерлеріне  де  қол  жеткізді. 715 жылы  Хорезмді  толығымен 
жəне  Мауераннахрдың  (Сырдария  мен  Амудария  өзендерінің 
аралығы)  басым  көпшілік  аумағын  жаулап  алды. 751 жылы 
 
87

бүкіл  Орта  Азияны  өздеріне  бағындырды. 712 жылы  Үндіс-
танға басып кіріп, Синд қаласын жаулап алды. 711 жылы Испа-
нияны  өздеріне  бағындырды.  Арабтармен  жаулап  алынған 
ұлан-ғайыр аумақта халықаралық тіл болып араб тілі танылды. 
Ислам  құқығы — шариғат  жергілікті  əдет-ғұрып  нормалары 
мен  институттарына  еніп,  оларды  да  өзінің  бойына  сіңіре 
бастады. Ислам халифаттың бүкіл аумағында үстемдік құрушы 
дінге айналды.  
Халифаттың  мемлекеттік  құрылымы.  Мемлекеттік  билік 
орталықтандырылған  сипатта  болатын.  Мемлекет  басында 
жоғарғы  діни (имамат)  жəне  мемлекеттік  (эмират) билікті  жү-
зеге асыратын халиф тұрды. Мемлекеттік басқарудың орталық 
органдары ретінде диуандар (ведомстволар) қызмет етті: 
1)  диуан-əл-джунд — əскерді  қаруландыру  мен  жабдықтау 
бойынша ведомствосы; 
2)  диуан-əл-харадж — қаржылық-фискальдық  (салықтық) 
ведомствосы; 
3) диуан-əл-барид — жол жəне пошта бойынша ведомствосы. 
Жоғарғы  шенеунік  болып  уəзір  табылды,  ол  тек  халифтың 
алдында  ғана  есеп  беретін  болған.  Провинцияларды  əмірлер 
басқарған.  Кезкелген  империя  сияқты  халифатқа  да  бірнеше 
ұсақ  мемлекеттерге  бөлінуге  тура  келді,  оған  сонымен  қатар 
халифаттың  тұрғылықты  халықтарының  үздіксіз  көтерілістері 
де əсер етті. Жергілікті əмірлер қол астындағы əскери күштерін 
нығайтып, өздерін дербес басшы ретінде жариялауға тырысты. 
Мұндай жағдай Хорасандағы (Иранның бір бөлігі) тахиридтар-
да,  Орта  Азиядағы  саманидтарда,  Египеттегі  тулунидтарда, 
Армениядағы  жəне  Грузияның  бір  бөлігіндегі  багратидтарда, 
Ирандағы  буидтарда  кездесті.  Х  ғасырдың  басында  Аббасид-
тердің  қолында  иек  Араб  Ирагы  мен  орталығы  Бағдаттағы 
Батыс Иран ғана қалды, мұның алдында, VІІІ ғасырдың аяғын-
да  Испаниядағы  Кордова  əмірлігі  (астанасы  Кордова  қаласы) 
бөлініп  шықты.  Нəтижесінде  Аббасид  халифтері  саяси  билік-
тен айырылды, оларда тек қана діни билік сақталып қалды. 
Халифаттың құқығы. Шариғаттың діни ережелер жиынты-
ғы екенін ескере отырып, шариғатты құқық пен діннің тоғысуы 
ретінде  түсінуге  болады.  Шариғаттың  негізгі  қайнар  көздері 
болып мыналар табылған: 
 
88

Құран — діни-моральдық ережелерден құралған, мұсылман-
дардың басты қасиетті кітабы; 
Сүннет — Мұхаммед  пайғамбардың  өмірі  мен  жүріс-
тұрысы  туралы  хадистердің  (аңыздардың)  жиынтығы,  мұнда 
отбасылық-мұрагерлік  жəне  сот  құқығының  ережелері  көрініс 
тапқан,  ол  белгілі  бір  дəрежеде  сот  прецедентіне  ұқсас  болып 
келеді,  яғни,  Мұхаммед  пайғамбардың  белгілі  бір  істерге 
қатысты  шығарған  шешімдері  кейінгі  соған  ұқсас  істерге  үлгі 
ретінде қолданылатын; 
Иджма — беделді  ислам  заңгерлерінің  шығарған  шешім-
дері,  ол  жоғарыда  аталған  қайнар  көздер  қамтымай  өткен 
мəселелерге  қатысты  шығарылатын,  бұл  жағдайда  судьялар-
дың (иджтихад) дербес қалауы қолданылатын. 
Фетва — қоғамдық  өмірдің  жекелеген  мəселелеріне  қатыс-
ты  ақсүйектер  билігінің  шығарған  шешімдеріне  қатысты 
беделді жоғарғы дінбасыларының жазбаша қорытындысы.  
Шариғаттың  ережелері  жеткіліксіз  болған  жағдайда,  əдет 
құқығын  (əсіресе,  бағындырылған  жерлерде)  немесе  исламға 
қайшы  келмейтін  басқа  да  жергілікті  заңдарды  қолдануға 
рұқсат етілетін. Мұсылманның əрекеттері төмендегідей болып 
бөлінетін:  қатаң  міндетті  (орындауға  міндетті  діни  рəсімдер 
жəне  ережелер);  қалаулы  (діни  тұрғыдағы  жағымды  жүріс-
тұрыс);  рұқсат  етілген  (мысалы,  исламның  жауларын  өлтіру); 
қалаусыз,  алайда  жазаланбайтын  (мысалы,  əйелін  ұрып-соғу); 
тыйым салынған жəне қатаң жазаланатын (діни нанымға қарсы 
жəне  дінге  қарсы  басқа  да  қылмыстар).  Исламның  басты 
құндылықтары болып дін, өмір, сана, жеке меншік жəне отбасы 
табылған.  
Жауапкершілік  сипатына  қарай  барлық  қылмыстар  шартты 
түрде үш топқа бөлінген: 
1)  дінге,  отбасына,  жеке  меншікке  жəне  мемлекетке  қарсы 
қылмыстар,  олар  үшін  қылмыскер  дене  жазаларымен  немесе 
өмірімен  жауап  беретін.  Мысалы,  ұрлық  қолды  шабумен 
жазаланатын;  əйелдің  зинақорлығы,  құдайға  күмəн  келтіру — 
өлім жазасымен жазаланатын. Мұндай қылмыстар үшін нақты 
жазалар — хадд қолданылған; 
2)  жекелеген  тұлғаларға  қарсы  қылмыстар,  бұлар  үшін 
əдетте  айыппұл  немесе  құн  төлеу  (қан  үшін  төлем)  түріндегі 
 
89

жазалар  қолданылатын.  Қылмыстардың  бұл  түріне,  ең  алды-
мен,  қасақана  жəне  абайсызда  адам  өлтіру,  дене  жарақаттары 
мен зақым келтіру жататын. Қан үшін кек алу рұқсат етілетін, 
бірақ,  аса  кең  қолдау  таппаған — бұған  қарағанда  құн  төлеу 
жөн деп саналатын. 
3)  жазасы  соттың  қарауымен  тағайындалатын  (тазир)  қыл-
мыстар мен құқықбұзушылықтар. 
Шариғатта  міндеттемелік  құқық  жақсы  дамыған.  Шарттан 
шығатын  міндеттемелер  екі  топқа  бөліп  қарастырылады:  бі-
рінші  топқа — затты  біреудің  пайдалануына  берумен  байла-
нысты міндеттемелер, оған айырбас, қарыз, сыйға беру, жалға 
алу,  сату-сатып  алу  шарттары  жатады;  екінші  топқа — затты 
біреудің  пайдалануына  беру  міндеті  жоқ  шарттар  жатады,  ол 
сақтау, серіктестік жəне тапсырыс шарттары.  
Исламдағы  меншік  құқығының  өз  ерекшелігі  бар.  Мұнда 
меншік иесінің мүлікті  пайдалану жəне билік ету құқығы бар, 
ал иелік ету құқығы тек құдыретті құдайға ғана берілген. 
Отбасылық  қатынаста  шариғат  еркек  пен  əкенің  билік 
жүргізуін  толық  қолдаған.  Ер  адамдарға  заңды  некемен  төрт 
əйелге  дейін  жəне  саны  шектелмеген  некеден  тыс  əйелдерді 
алуға  рұқсат  берілген.  Мұрагерлік  қатынаста  мұра  беруші 
мүліктің  тек  үштен  бір  бөлігімен  билік  еткен,  сонымен  қатар, 
мұрагерлерге  мұра  қалдырушының  міндеттері  емес,  тек 
құқықтары ғана беріліп отырған, яғни, қайтыс болған адамның 
мүлкі барлық қарыздары өтелген соң ғана берілетін. Сонымен, 
мұраның  үштен  екі  бөлігі  заңға  сəйкес  мұрагерлікке  (заңды 
мұрагерлеріне)  жəне  үштен  бір  бөлігі  мұра  берушінің  тілегі 
бойынша (өсиет бойынша) берілетін.  
Жердің  құқықтық  режимі  де  мəртебесінің  əртүрлілігімен 
ерекшеленетін: 
1)  хиджаз — Мұхаммед  пайғамбар  өмір  сүрген  жерлер,  ол 
жерде тұратын мұсылмандардан ондық салық алынатын; 
2) вакуф — діни мұсылман ұйымдарына тиесілі жерлер; 
3) мүлік — мұсылмандардың жеке жерлері; 
4)  икта — қызметі  үшін  уақытша  берілген  жерлер,  бұл 
жерлерді пайдаланғаны үшін халықтан салық алынатын.  
Сот  өндірісі  кəсіби  судьялармен — кадилармен  жүргізі-
летін.  Судья  қатаң  іс  жүргізушілік  ережелерін  сақтамайтын. 
 
90

Исламдық іс жүргізуде прокурор мен адвокат болмаған. Судья 
барлық істерді өзі дербес шешетін. Осыған сəйкес кассациялық 
жəне  апелляциялық  инстанциялар  мұсылман  құқығында  орын 
алмаған. Дəлеледемелердің ішінде  ант беру, куəлардың көрсе-
тулері  мен  айыпталушының  мойындауы  ерекше  маңызға  ие 
еді.  Куə  ретінде  əдетте  ер  адам  ғана  қатыса  алатын,  əйелдер 
мен  басқа  дін  өкілдері  куə  ретінде  көрсету  бере  алмайтын, 
үкімнің  айыптылығын  анықтауда  ұқсастық  бойынша  талқы-
лауға  рұқсат  етілетін.  Анттар  қасиетті  кітапты  ұстай  тұрып 
берілетін,  жəне  əдетте  шынайы  болып  табылатын,  себебі,  бұл 
жерде  мұсылмандардың  құдайдан  қорқумен  сипатталатын 
дүниетанымы мен түсінігі көрініс табатын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
91

2. Үндістанның мемлекеті мен құқығы 
 
Үндістанның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері: 
1 кезең — Солтүстік Үндістан (V-VІ-ХІІ ғ.ғ.) мен Оңтүстік 
Үндістандағы (VІ-VІІ-ХІV  ғ.ғ.)  ертефеодалдық  қатынастар 
кезеңі.  Ірі  империялар — Гупта  империясы  (ІV-V  ғ.ғ.)  мен 
Харши  империясы (VІІ  ғ.)  бірқатар  ұсақ  феодалдық  князь-
дықтарға бөлінді; 
2 кезең — дамыған феодализм кезеңі (ХІІІ ғ.-ХVІ ғ. бірінші 
жартысы),  бұл  кезде  Үндістанда  ірі  феодалдық  мемлекеттер 
қалыптаса бастады: алдымен Дели сұлтандығы (ХІІІ ғ.), содан 
кейін Ұлы Монғолдар империясы (ХVІ ғ. басы); 
3 кезең — кейінгі феодализм кезеңі (ХVІ-ХVІІІ ғ.ғ.). 
VІ-ХVІІ  ғасырларда  Үндістан  көптеген  мемлекеттердің — 
княздықтардың  жиынтығы  түрінде  болған,  бұл  мемлекеттер 
өзара  экономикалық  тұрғыдан  байланысы  жоқ  болатын,  тек 
соғыс  кездерінде  ғана  ірі  князьдықтардың  (Харши  империясы 
мен  Гупта  империясы)  маңында  бірігетін.  Бұл  кезеңдегі  үнді 
мемлекеттері монархиялық басқару нысанында болған, оларды 
махараджа — басты князь басқарған. Махараджаға кеңесшілері 
—  монтри  паришад  көмектесетін.  Мемлекеттік  аппаратта 
маңызды орынды əскерилер мен салық жинаушылар иеленетін 
болған.  
Гупта  жəне  Харши  империялары  провинцияларға  (деша, 
бухти)  бөлінген  еді,  оларды  шекаралық  облыстардың  басшы-
лары  (гонтри)  мен  патша  өкілдері  (упарика)  басқаратын.  Про-
винциялар  округтарға  (вишая)  бөлінген.  Ең  төменгі  аумақтық 
бірлік болып селолық қауым табылған, оның басында староста 
— граминк тұрған. 
Бұл  кезеңде  де,  кейінгі  кезеңдерде  де  Үндістанда  касталық 
жүйе  (варналар)  сақталып  қалған  болатын,  олардың  ішінде  ең 
жоғарғысы брахмандар, ал төменгісі құлдар болатын.  
ХІІ  ғасырдың  екінші  жартысында  ауған  сұлтандарының 
жаулап  алу  жорықтары  басталды.  Екі  онжылдық  барысында 
Гуридтер  династиясының  сұлтандары  бүкіл  Солтүстік  Үндіс-
тан  аумағында  үстемдік  орнатты.  Жаулап  алынған  жерлер 
алдымен  Гуридтер  державасының  мемлекеттік  жерлерінің 
құрамына  енсе,  ХVІІІ  ғасырдан  бастап  Дели  сұлтандығы  деп 
 
92

аталған  дербес  мемлекет  болып  бөлініп  шықты. 1229 жылы 
Дели  сұлтандығын  бағдат  халифі  тəуелсіз  мемлекет  ретінде 
таныды.  Дели  сұлтандығындағы  барлық  мемлекеттік  жерлер 
екі  санатқа  бөлінді:  халиса,  бұларды  мемлекеттің  салық  сала-
сындағы  шенеуніктері  басқарды,  жəне  икта,  бұларды  феодал-
дар — иктадарлар  иеленген.  Феодалдық  жеке  меншіктің  де 
бірнеше нысандары болған: вакуф — мешіттердің, медреселер-
дің,  улемдердің  жəне  шейхтердің  меншігі;  мильк — əскери 
ақсүйектердің, саудагерлердің, ірі шенеуніктердің меншігі.  
Империяның саяси өмірі мен басқаруының орталығы болып 
сұлтан  сарайы  табылған.  Сарайдағы  басты  шенеунік  болып 
вакил-и-дар — сарай басшысы табылған, ол сұлтанның отбасы-
ның,  жақындарының  жəне  құлдарының  жағдайын  қадағалап 
отырған. Сарайда оған тең лауазымды əмір-хаюб — салтанатты 
іс-шараларын  жүргізуші  иеленген.  Сарайды  қамтамасыз  етуді 
карханахтар жүзеге асырған. 
Дели сұлтандығында екі басты ведомство болған: қаржылық 
жəне əскери. Қаржыларды реттеуді сұлтанның басты министрі 
—  уəзірдің  ведомствосы  жүзеге  асырған,  ол  диуан-ивазират 
деп  аталған.  Əскери  ведомствоны  арид-и-мамалик  басқарған. 
Диуан-и-инша арнайы ведомствосы сұлтанның хат-хабарларын 
алып-жөнелтумен, диуан-и-расалат ведомствосы діни істермен, 
диуан-и-кази сот істерімен айналысатын.  
Дели  сұлтандығы 23 провинцияға  бөлінген  болатын.  Ірі 
провинциялар  облыстарға — шикаларға,  ал  облыстар  аудан-
дарға — паргандарға бөлінген, паргандар бірнеше ауылдардан 
құралатын.  Провинциялардағы  билік  орталық  əкімшіліктегіге 
ұқсас болып келетін.  
ХVІ  ғасырда  Солтүстік  Үндістанды  Ферғананың  бұрынғы 
билеушісі Бабыр жаулап алады, ол 1526 жылы Ұлы Монғолдар 
династиясының  негізін  қалады.  Монғолдар  барлық  жаулап 
алған  жерлерін  халисе  қорына  өткізіп  отырған.  Тек  падишах 
қана  жерді  феодалдарға  шартты  əскери  ұсыну — джагир 
нысанында бере алатын. Жеке жер иелену сюргаль (мұсылман 
басшылары шейхтарға, дінді уағыздаушыларға беретін жерлер) 
жəне  заминдар  меншігі  (монғолдарға  бағынған  үнді  феодал-
дары) болған.  
 
93

Дели сұлтандығы сияқты Монғолдық Үндістан да деспотия-
лық  мемлекет  болып  табылған  жəне  Дели  сұлтандығына  тəн 
көптеген  мемлекеттік  инстиуттарды  таныған.  Ұлы  Монғолдар 
мемлекетінің  басында  падишах  тұрды.  Империядағы  басты 
ведомстволар  болып  əскери  жəне  қаржылық  ведомстволар 
сақталып қалды. Қаржылық ведомствоның басында бірінші ми-
нистр — диуан  тұрған.  Мир-бакши  əскери  ведомствоны  бас-
қарған.  Басты  төрт  министрлардың  құрамына  мирсаман — 
падишахтың шеберханалары мен қоймаларын басқаратын бас-
ты шенеунік жəне  садр-уссудар — діни жəне сот басқармасы-
ның басшысы енген.  
Монғол  империясы 15 облысқа  бөлінген,  оларды  падишах-
тың  өкілдері — хакимдер  басқарған.  Əрбір  облысқа  хаким-
дерден тəуелсіз фоуджи-дарлар — əскербасылар, гомашттар — 
салық  жинаушылар  жəне  қала  басшылары — котвалдар 
тағайындалған.  
Феодалдық  Үндістанның  құқықтық  жүйесіне  мұсылман 
құқығы  көптеген  өзгерістер  əкелген,  бұл  құқық  елге  мұсыл-
мандық  жаулап  алушылардың  жорықтарының  нəтижесінде 
енген.  Үндістанда  мұсылман  үстемдігі  орнатылғаннан  кейін, 
жергілікті  құқық — дхармашастрдың  қолдану  саласы  адамдар 
арасындағы  таралу  шегі  жəне  қоғамдық  қатынастарда  таралу 
шегіне  қарай  қысқартылған.  Дінге  тікелей  қатысы  бар  деген 
қатынастардың  барлығы:  неке  жəне  отбасылық,  мұрагерлік 
жəне діни қызметпен байланысты қатынастар мұсылман адам-
ға  қатысты  болса  мұсылман  құқығымен,  ал  индусқа  қатысты 
болса  индус  құқығымен  реттелетін  болған.  Дəл  осы  кезеңде 
нормалары  жаңа  жағдайларға  икемделген,  қазіргі  кездегі 
Үндістанда  да  индуизм  дініне  сенушілерге  де  қатысты  əрекет 
ететін  құқықтың  персоналдық  жүйесі,  яғни,  үнді  құқығының 
жүйесі қалыптасты. 
  
 
 
 
 
 
 
 
94

3. Қытайдың мемлекеті мен құқығы 
  
Қытайдағы  ортағасырлық  кезеңнің  басы 220 жылы  Хань 
империясының  ішкі  тұрақсыздықтың,  ең  алдымен  “сары 
белбеулілердің”  көтерілісінің  нəтижесінде  құлауымен  сиапт-
талды. “Күшті  үйлер”  деп  аталған  бірнеше  ақсүйек  тектерінің 
арасындағы күрес өрши түсті. Бұл күрестің нəтижесінде Цвинь 
жаңа династиясының (265-420 ж.ж.) негізін қалаған Сыма тегі 
алға  шықты,  бұл  кезде  Қытай  қайта  бірікті. 280 жылы  им-
ператор  Сыма  Янь  жаңа  жарлық  қабылдады,  оның  негізінде 
əрбір жер иеленуші (16 мен 60 жас аралығындағы) 120 му (6,6 
га)  жер  алатын,  оның 215-і  мемлекетке  кетсе, 3\5 бөлігі  жер 
иеленушіге  қалатын.  Салық  төлеуші  халық  жылына 20 күн 
мемлекет үшін тегін жұмыс істейтін. 
ІІІ — ғасырдың  соңында  Қытайға  ғұндар,  кейін  юн,  цян, 
жужан,  тобог  жəне  тибет  тайпалары  басып  кірді.  ІV-VІ 
ғасырларда Солтүстік Қытай нағыз соғыс алаңы болды. Жаулап 
алушылардың  арасынан  Солтүстік  Вэйдің  тоби  династиясы 
бөлініп  шықты,  олар V ғасырдың  соңында  өз  патшалығын 
орнатты. 477-485 ж.ж.  императордың  жарлығының  нəтиже-
сінде үлестіру жүйесі қайтадан енгізілді. Ол ауыл шаруашылы-
ғының  көтеруге  жəне  Оңтүстік  Қытайдағы  халықтың  қайтып 
келуіне  біршама  əсер  етті. VІ  ғасырдың  екінші  жартысында 
Солтүстік  жəне  Оңтүстік  Қытайдың  бірігуіне  қажеттік 
туындады. Себебі, VІ ғасырдың ортасында (551 ж.) Қытайдың 
солтүстік  шекараларына  қауіп  төндірген  аса  күшті  көшпенді 
мемлекет  Түрік  қағанаты  құрылды.  Бірігу  əскери  жолмен 
жүзеге асты. Қолбасшы Янь Цзюнь император жəне Суй (581-
618  ж.ж.)  династиясының  негізін  қалаушы  ретінде  жария-
ланды.  Бұл  династияның  тұсында  мемлекеттік  биліктің  ор-
талықтандырылуы  күшейе  түсті.  Императордың  билігі  шексіз 
болды,  ол  үлкен  бюрократтық  аппаратты  басқарды.  Импера-
тордың жанында жоғарғы шенеуніктерден құралған үш палата 
жұмыс істеді. Одан кейін алты ведомство (шендер, қаржылық, 
рəсімдік,  əскери,  сот  жəне  жазалау,  қоғамдық  жұмыс  ведом-
стволары)  болды.  Алайда,  шаруа  көтерілістері  мен  Когуремен 
(сол  кезде  Корей  түбегіндегі  мемлекеттердің  бірі)  ұтымсыз 
соғыс Суй династиясының құлауына жəне Тан династиясының 
 
95

(618-907  ж.ж.)  негізін  қалаушы  император  Ли  Юаньның 
билікке  келуіне  алып  келді. 624 жылы  шаруалар  үшін  жеңіл-
діктер орнықтырған декрет қабылданды, оған сəйкес шаруалар-
ға бау-бақша жерін өмір бойғы иелену құқығы берілді.  
Тан мемлекетіндегі жоғарғы жəне шексіз билік императорға 
тиесілі болды. Оның көмекшілері болып екі цзайсян табылды. 
Мемлекетті  басқару  үш  палата  арқылы  жүзеге  асырылатын: 
атқарушы,  заң  шығарушы  (империя  жарлықтарын  даярлау), 
салтанаттарды ұйымдастыру; одан кейін суй ведомстволарына 
ұқсас  алты  ведомство  тұрды.  Шенеуніктер  тоғыз  рангіге 
бөлінді  жəне  олардың  жалақылары  да  тоғыз  деңгейде  болды. 
Шаруалар “жақсы халық” жəне “жаман халық” болып бөлінді. 
Бірінші топты еркін шаруалар, екінші топты құлдар, малайлар, 
бөтен жерді жалға алушылар құрады.  
907-960  жылдары  өтпелі  кезең  орнады,  бұл  кез  “бес 
династия  жəне  он  патшалық”  кезеңі  деп  аталды. 960 жылы 
əскер император ретінде генерал Чжао Куаниняны жариялады, 
ол  Сун  династиясының (960-1271 ж.ж.)  негізін  қалады.  Бұл 
династияның  басқаруы  кезінде  мемлекеттік  құрылым  өзгер-
меді.  Қытайдың  солтүстік-батыс  шекараларында  тангуттар 
мемлекеті — Батыс Ся мемлекеті (982-1227 ж.ж.) құрылды, бұл 
мемлекет  Қытайдың  шекраларына  үнемі  шабуыл  жасап  отыр-
ды. 
1234 жылы Солтүстік Қытайды монғолдар жаулап алды, ал 
жарты  ғасырдан  соң  Оңтүстік  Қытай  да  бағындырылды. 
Монғол ханы Құбылай жаңа Юань династиясының (1271-1368 
ж.ж.) негізін қалады. Өз астанасы ретінде ол Пекинді таңдады. 
Ол  қытайдың  əкімшілік  жүйесін  өздеріне  негізге  алғанымен, 
монғолдар қытайларды биліктен аластатты. Осы жəне басқа да 
шаралар  шаруалардың  көтерілісіне  алып  келді. 1368 жылы 
шаруа  қолын  бастаушы  Чжу  Юаньчжанның  əскері  Пекинге 
басып кірді. Ол император болып, Мин династиясының негізін 
қалады. 1644 жылы Қытайды маньчжурлар жаулап алды, Мин 
династиясы  құлады.  Маньчжурлардың  басшысы  Абахай  Цин 
династиясының (1644-1911 ж.ж.)  негізін  қалады,  ал  оның  ұлы 
жаңа  династияның  алғашқы  “богдыханы”  болды  (император 
титулы). 
 
96

Қытайдың құқығы өзгешеліктерге толы болды. Мұнда Кон-
фуцийдың  ілімдері  негізге  алынды,  ол  бойынша  балаларының 
ата-анасына,  əйелінің  күйеуіне,  жауынгердің  басшысына, 
шаруаның  князьға,  халықтың  императорға  қатаң  түрде  бағы-
нуы уағыздалатын. VІІ ғ. император Ли Ши-Минның бұйрығы-
мен  қылмыстық  құқық  жинағын — “Қылмыстық  құқықтағы 
қылмыстардың  тізімін”  жасау  басталды.  Қылмыстардың  тізімі 
ауқымды  болды  жəне  олардың  басым  көпшілігі  өлім  жаза-
сымен жазаланатын, себебі, конфуций ілімі бойынша қылмыс-
керге  қатысты  дене  жазаларын  қолдануға  тыйым  салынатын 
болған.  Əкесін  өлтірген  бала,  басшысын  өлтірген  жауынгер, 
сюзеренін  өлтірген  вассал  қандай  да  болсын  жағдайға  қара-
мастан өлім жазасына тартылатын.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
97

4. Жапонияның мемлекеті жəне құқығы 
 
VІ-VІІ ғасырлардағы Жапония. 
Жапон  архипелагының  тұрғылықты  халқы  болып  мына 
тайпалар  табылды:  айналар,  кумасо  жəне  эбису,  кейіннен  бұл 
жерлерге  тунгус-маньчжур  тектес  тайпалар  да  көшіп  келді. 
Көпшілікпен  танылған  дін  болып  синтоизм  (ата-бабалар  мен 
табиғат  күшіне  табыну)  табылды. VІ  ғасырдың  басында  Сога 
тегінен  шыққан  ханзада  Сетокутайси (572-621 ж.ж.) 12 ранг 
туралы  иерархиялық  табель  жəне 17 баптан  құралған  заң 
қабылдады,  бұл  заң  буддизм  мен  конфуций  ілімінің  мемлекет 
пен монархтың билігі туралы догмаларына сүйенді.  
645 жылы таққа Сумераги тегінен шыққан Кару отырды, ол 
Котоку  атымен  билік  жүргізе  бастады.  Бірқатар  реформалар 
жүргізілді, енді мемлекет басында император отыратын болды, 
елді губерниялар мен уездерге бөлді, жер мемлекеттік меншік 
ретінде  жарияланды,  шаруаларға  тиесілі  жерлер  бөліп  берілді 
жəне олар өздерінің астығының бөлігін мемлекетке беріп оты-
ратын  болды.  Əскери  ақсүйектер — самурайлар  қалыптасты, 
олар “бусидо” (бушидо) деп аталатын ар кодексіне сəйкес қыз-
мет ететін. ХІІ ғасырдың соңында самурайлар дербес династия 
ретінде қалыптасқан Миномото князьдарын жақтады. 
ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы Жапония. 
ХVІ  ғасырда  Жапония  феодалдық  ыдыраушылық  жағдай-
ында  болды.  Феодал  Ода  Нобунага  Токугава  жəне  Такеда 
тегінің  князбдарымен  одақтасып, 1582 жылы  мемлекеттің 66 
провинциясының  отызын  өзіне  бағындырды,  оның  мирасқоры 
Хидэеси елдегі бүкіл билікті өз қолына біріктірді. Шаруаларға 
қару-жарақ  ұстауға  тыйым  салынды,  олар  өз  жерлерінен  кете 
алмайтын.  Князьдардан  құралған  өкілдік  алқалы  орган  құ-
рылды.  
Кореяға  қатысты  белсенді  жаулап  алушылық  саясат  жүр-
гізілді. 1598 жылы  Хидэесидің  өлімінен  соң  оның  үш  жасар 
мұрагерінің тұсында ірі феодалдардан құралған регенттік кеңес 
құрылды.  Ірі  феодалдардың  арасындағы  өзара  соғыстың 
нəтижесінде  Токугава  Иэясу  жеңіп  шықты. 1603 жылы  Току-
гава  сегун  (бас  қолбасшы)  болып  жарияланды.  Токугава  тегі 
Жапонияда ХІХ ғасырдың жартысына дейін билік құрды.  
 
98

Сегунат  режимі  императорды  биліктен  аластатты. 1615 
жылы  бүкіл  Жапония  біріктірілді.  Мемлекеттің  астанасы  Эдо 
(қазіргі  Токио)  қаласына  ауыстырылды.  Сегуннан  кейінгі 
екінші тұлға болып оның бірінші министрі жəне бас кеңесшісі 
табылды,  сегун  кəмелетке  толмаған  жағдайда  оны  регенттік 
кеңес  тағайындайтын.  Жоғарғы  кеңесуші  орган  болып  ақса-
қалдар  кеңесі  табылды.  Жергілікті  жерлерде  билікті  губерна-
торлар  жүзеге  асыратын;  сегунның  ерекше  шенеуніктері  жер-
гілікті  жерлерге  бақылау  жəне  тексеру  мақсатымен  жібері-
летін.  Тұрғылықты  халық  негізгі  төрт  сословиеге  бөлінді: 
самурайлар, шаруалар, қолөнершілер жəне саудагерлер, қайыр-
шылар  мен  көшпенді  артистер  ешбір  сословиеге  жатпйтын. 
Барлық  мемлекеттік  лауазымдарды  самурайлар  иеленді. 
Халықтың сексен пайызын құраған шаруалар жерді “мəңгілік” 
жалға  алу  құқығына  сəйкес  иеленетін.  Қолөнершілер  мен 
саудагерлер цехтар мен гильдияларға біріккен. 
 Жапондық  феодалдық  құқығының  дамуына  қытай  құқы-
ғының  əсері  ерекше  болды  жəне  мұнда  да  конфуций  ілімінің 
догмалары  көрініс  тапқан.  Қылмыстың,  азаматтық  деликтінің 
жəне əкімшілік теріс қылықтың аралары нақты ажыратылмаған 
болатын. 
Жапондық  “Жүз  заңдар” (1742 жылы)  феодалдық  жинағы 
азаматтық,  қылмыстық,  процессуалдық  құқықтардың  негізгі 
нормаларынан құралған, алайда, бұл нормалар құқық салалары 
бойынша  нақты  ажыратылмаған  болатын.  Ресми  доктринада 
адамның  жазылған  құқыққа  қатынасы  мына  формуладан  көрі-
ніс  тапқан: “білмесең  де,  орындауың  қажет”.  Сол  себепті,  жа-
зылған  құқықты  білетін  адамдардың  санының  шеңбері  аз 
болған.  Негізінен  конфуций  ілімінің  имандылық  жəне  жақсы 
(немесе жаман) жүріс-тұрыс ережелері басшылыққа алынатын. 
 
 
 
 
 
99


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет