Булгакова Д. А



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата18.01.2017
өлшемі1,67 Mb.
#2136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
75

3. Сербияның мемлекеті жəне құқығы 
Сербтердің бірінші тайпалары көрші қауымдардан құралған 
болатын,  бұл  қауымдар,  өз  кезегінде,  үлкен  патриархалдық 
жанұялардан — задругалардан  тұратын.  Бірнеше  задруга 
тайпаны  құраған,  ал  бірнеше  тайпа  жупаны  құраған,  жупаны 
жупан  басқарған.  Рулық-тайпалық  демократияның  негізгі 
органдары  болып  жупан,  ақсақалдар  кеңесі  жəне  халық  жина-
лысы табылған.  
Серб мемлекеті қоғамның даму нəтижесі ретінде белгілі бір 
заңдылықтарға  сəйкес  пайда  болды,  қоғамның  даму  нəтиже-
сінде феодалдық қатынастар қалыптасып, қоғам феодалдар мен 
шаруалар  табына  бөлінді.  Ортағасырлық  Серб  мемлекеті  ХІV 
ғасырдың  ортасында  Стефан  Душанның  тұсында  ерекше 
қуатты болды.  
Қоғамдық  құрылым.  Феодалдардың  жоғарғы  тобын  ерекше 
ақсүйектер — властелдер мен текті ақсүйектер — князьдар мен 
вельможалар  құрады.  Властелдер  жерді  баштина  құқығына 
(мұрагерлікпен,  еркін  берілетін  меншік)  сəйкес  иеленетін. 
Феодалдардың  келесі  бөлігі — властеличтер — жерді  өз 
властелдері — сюзерендерден  прония  құқығы  негізінде — 
əскери қызметтен өту шартымен уақытша пайдалануға алатын. 
Ақсүйек  феодалдармен  бірге  үстемдік  құрушы  тапқа  дін 
кызметкерлері де кірген.  
Халықтың  қаналушы  табының  арасынан  келесі  топтар 
бөлінді:  меропхалар — əртүрлі  міндеттерді  орындайтын  жəне 
феодалдарға, мемлекет пен шіркеуге салық төлейтін шаруалар; 
влахтар — катундар  деп  аталатын  ерекше  қауымдарда  өмір 
сүретін, таулы  аймақтардың  мал  бағумен  айналысатын  халқы; 
отроктар — негізінен  үй  шаруашылығында  пайдаланылатын 
құлдар, себралар — еркін қауым мүшелері; қала азаматтары.  
Мемлекеттік  құрылым.  Серб  мемлекетінің  басында 
сайланбалы  ірі  феодал-монарх  тұрған. 1217 жылы  серб 
монархы  Стефан  Неманич  алғаш  рет  рим  папасынан  патша 
титулын  алды,  бұл  оның  басқа  ірі  феодалдарға  билік  жүргізу 
деңгейін  анықтады.  Патша  əскердің,  мемлекеттік  аппараттың 
жəне  шіркеудің  басында  тұрды.  Серб  патшасының  билігі 
Собормен — ірі  ақсүйек  жəне  діни  феодалдардың  съездімен 
 
76

шектелді.  Собор  патшамен  бірлесе  отырып  маңызды  мəселе-
лерді  шешті:  архиепископтарды  сайлады,  патшаны  сайлады, 
маңызды  заңдарды  қабылдады.  Мысалы, 1349 жылы  Собор 
Скоплада  патшаның  феодалдарға  қатысты  билігін  шектейтін 
Стефан Душанның Законнигі қабылдады. 
Жергілікті басқару. Серб мемлекетінің бүкіл аумағы патша 
өкілдері  басқаратын  облыстарға  бөлінді,  ал  əрбір  облыс — 
басында  князьдар,  чельниктер  жəне  кегралиялар  тұратын  во-
лостьтарға бөлінді.  
1355  жылы  Стефан  Душанның  өлімінен  соң  мемлекетте 
феодалдар  арасындағы  қақтығыс-соғыстар  күшейе  түсті,  осы 
жағдай 1389 жылы  Сербияның  Түркияға  вассалды  түрде 
тəуелді  болуының  негізгі  себебі  болды.  Басқару  түрік  уəзір-
лерінің  қолына  көшті.  Мұсылман  құқығы  қолданысқа  енді. 
Сербия 1878 жылға  дейін  Түркияға  тəуелді  болды,  тек  осы 
жылы ғана ол Сан-Стефан бейбіт шартына сəйкес тəуелсіздікке 
ие болды.  
Құқықтың негізгі сипаттары. Алғашқыда Серб феодалдық 
құқығының негізін үстемдік құрушы таптың мүдделеріне тиісті 
түрде  бейімделген  əдет-ғұрыптар  құрады.  Алайда, 1349 жыл-
дан бастап Скоплада Собор қабылдаған соң құүқықтың негізгі 
қайнар  көзі  болып  Стефан  Душанның  Законнигі  саналады. 
Оның басым көпшілік баптары қылмыстық-құқықтық стипатта 
болып, дінге, жеке тұлғаға жəне меншікке қарсы қылмыстарға 
арналды.  Сот  өндірісі  айыптаушылық  сипатта  болды,  алайда, 
мұндағы тараптар еркін адамдар болуы тиіс еді. Ал еркін емес 
адамдар өз қожалары арқылы соттасатын.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
77

4. Польшаның мемлекеті жəне құқығы 
 
Польшаның мемлекеті мен құқығының кезеңдері: 
1 кезең — ертефеодалдық монархия кезеңі (ХІІ-ХІІ ғ.ғ.); 
2 кезең — феодалдық ыдыраушылық кезеңі (ХІІ ғ. ортасы 
— ХІV ғ. бірінші жартысы); 
3 кезең — сословиелік-өкілдік монархия кезеңі (ХІV ғ.— 
ХV ғ. ортасы); 
4 кезең — ХV ғ. екінші жартысы — ХVІІІ ғ. соңы — екі 
кезеңнен тұрады: 
а) шляхеттік демократия жəне  
ə) ірі магнаттар олигархиясы 
 
а) Ертефеодалдық монархия 
Қоғамдық  құрылым.  Польшадағы  феодалдар  тобын 
можновладец-нобильдер, рыцарьлар (болашақ шляха) жəне дін 
қызметкерлері құрады. Ал халықтың негізгі бөлігін алғашқыда 
смерд,  кейіннен  кмет  деп  аталған  еркін  шаруалар — қауым 
мүшелер  құрады.  Тəуелді  шаруалардың  саны  біртіндеп  өсе 
бастады,  олар  феодалдар  үшін  баршина  мен  көптеген  заттай 
салықтар төлеген. 
Мемлекеттік  құрылым.  Басқару  нысаны  бойынша  Польша 
бұл  кезеңде  монархиялық  мемлекет  болған.  Елдегі  жоғарғы 
билік  князьға  тиесілі  еді. 1025 ж.  Бірінші  патша  болып 
Ержүрек Болеслав (Болеслав Храбрый) сайланды. Бұл кезеңде 
польша патшалары заң шығару, сот, атқару жəне əскери билікті 
жүзеге  асырған.  Патшалардың  билігін  можновладецтерден 
құралған  Патшалық  кеңес  жəне  ірі  феодалдардың  съездері 
шектеген.  Басқарудың  орталық  аппараты  келесі  лауазымды 
тұлғалардан  құралған:  əскербасылар — патша  сарайының 
істерін,  əскерді  басқарған;  канцлер — патшаның  хатшылық 
қызметін  атқарған;  коморник — патша  сарайын  барлық 
қажеттіктермен қамтамасыз етуді жүзеге асырған; скарбник — 
тиын шығарумен жəне əскерді қамтамасыз етумен айналысқан. 
Жергілікті  басқару.  Бүкіл  мемлекет  округтарға  бөлінген, 
оларды  патшаның  өкілдері  басқарған.  Қалалық  округтардың 
əкімшілігінің  басында  сарайлардың  билеушілері  тұрған,  олар 
 
78

заң  шығару,  атқарушы  жəне  сот  билігін  қаланың  аумағында 
жүзеге асырған.  
 
ə) Феодалдық-ыдыраушылық мемлекет 
1138 жылы Болеслав Кривоустыйдың өлімінен соң Польша 
бірқатар князьдықтарға  бөлінді, оларды қайтыс  болған патша-
ның  ұлдары  өсиет  бойынша  басқаратын.  Кейінірек,  князьдар-
дың  билігінің  əлсірегенін  пайдаланған  ірі  феодалдар  толық 
саяси дербестікке жетіп, тəуелсіз билеушілерге айналды.  
Қоғамдық  құрылым.  Бұрынғыдай  үстемдік  құрушы  тап 
болып  діни  жəне  ақсүйек  феодалдар  сақталды.  Рыцарьлар — 
шляхтичтердің  көбеюі  байқалды,  олар  дружиналар  мен  басқа-
рудың  сарайлық  аппаратын  құрады.  Шаруалар  арасында  да 
біршама  өзгерістер  орын  алды:  феодалдық  тəуелді  шаруалар 
(смердалар)  да,  бостандыққа  ие  шаруалар  (кметалар)  да 
басыбайлылық мəртебесіне ие болды. Бұл кезеңде Польшаның 
қоғамдық  құрылымының  дамуының  аса  маңызды  жағы  болып 
сословиелердің  қалыптаса  бастауы  табылды:  ірі  магнаттар — 
пандар,  ұсақ  феодалдар — шляхталар,  қалалықтар  жəне  діни 
қызметкерлер.  
Мемлекеттік  құрылым.  Əрбір  князь  өз  иелігінде  мемле-
кеттік  билікті  толығымен  иеленді,  яғни,  ол  заң  шығару,  атқа-
рушы, сот жəне əскери биліктерді иеленді. Князьдар өз билігін 
өз  вассалдарынан  құралған  кеңестердің  көмегімен  жүзеге 
асырды.  Князьдың  жанындағы  басты  лауазымды  тұлғалар  бо-
лып  əскербасы,  коморник,  коморниктің  көмекшісі,  канцлер, 
канцлердің көмекшісі жəне скарбник табылды.  
Жергілікті басқаруда да біршама өзгерістер орын алды. Ок-
ругтардағы  жоғарғы  лауазымды  тұлғалар  болып  каштеляндар 
—  қала  билеушілерінің  өкілдері  табылды,  олар  өз  аумағында 
билікті  толық  көлемде  жүзеге  асыратын.  Каштелянияға  қала 
мен оған іргелес жатқан жерлер кіретін.  
 
б) Сословиелік-өкілдік монархия 
ХІV  ғасырдың  алғашқы  онжылдықтарында  князь  І  Вла-
дислав польшалық жерлердің басым көпшілігін біріктіре білді. 
І  Владиславтың  ұлы  Ұлы  ІІІ  Казимирдің  тұсында  Люблина 
сеймінде 1569 жылы  Польша  мен  Литва  Ұлы  князьдығының 
 
79

бірігуі  жүзеге  асады.  Осы  кезден  бастап  біртұтас  польша-лит-
валық мемлекетінің өмір сүруі басталады.  
Польшаның  біртұтас  мемлекетке  бірігуінде  ІІІ  Казимирдің 
реформаларының маңызы ерекше болды, бұл — əкімшілік, əс-
кери  жəне  заң  шығару  саласындағы  реформалар.  Əкімшілік 
реформа  орталық  жəне  жергілікті  басқаруға  байланысты  бол-
ды: орталық басқаруда жаңа лауазымдар бекітілді: подскарбий 
—  мемлекеттегі  қаржыларды  басқару  үшін  жəне  маршалек — 
патша  мен  оның  жанындағылардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
ету үшін; жергілікті жерлердегі басқару үшін староста лауазы-
мы  бекітілді,  оны  патша  өзі  тікелей  тағайындайтын.  Əскери 
реформаға сəйкес əскери қызметке барлық жер өңдеушілер мен 
шаруалар да тартылды. Патша əскеріне жіберілетін əскерилер-
дің саны жер иеліктерінің мөлшеріне сəйкес анықталатын бол-
ды.  Заңнама  саласында  ескі  сот  əдет  нормаларын  кодифика-
циялау  жүзеге  асырылып,  патша  билігін  күшейтуге  бағыттал-
ған бірқатар жаңа заңдар қабылданды.  
Қоғамдық  құрылым. 1370 жылы,  ІІІ  Казимирдің  өлімінен 
соң  негізгі  үш  сословие  толығымен  орнықты:  ірі  феодалдық 
магнаттар — пандар,  ұсақ  феодалдар — шляхта  жəне  дін 
қызметкерлері. Бұлар 1374 жылғы Кошица артықшылықтарына 
сəйкес  барлық  мемлекеттік  салықтар  мен  міндеттерден 
босатылған болатын. Қалалықтар сословиесінің құқықтары бір-
шама  шектелді,  ал  шаруалар  толығымен  өз  құқықтарынан 
айырылды.  
Мемлекеттік  құрылым.  ХІV  ғасырдың  соңынан  бастап 
польшалық феодалдар патша билігін шектеу мақсатында жаңа 
саяси  органдарды — пандар  мен  шляхталардың  съездін  құра-
ды.  ХV  ғасырдан  бастап  шляхтаның  рөлі  өсе  түсті,  олар 
“сеймиктерге” — жекелеген воеводстволар бойынша съездерге 
жиналатын.  Ал  ХVІ  ғасырдың  басында  Польшада  жалпы-
мемлекеттік  Вальдық  сейм  қалыптасады,  оның  екі  палатасы 
болады:  жоғарғы  палата — сенат  немесе  патша  кеңесі,  мұнда 
ірі  феодалдар  мен  патша  сарайының  жоғарғы  шенеуніктері 
жиналатын  жəне  төменгі  палата — елшілік  изба,  бұл  палата 
шляхтаның  депутаттарынан  құралған  болатын.  Осылай,  Валь-
дық  сейм  жəне  сеймиктер  магнаттар  мен  шляхтаның  өкілдік 
органдары болып табылды. Басқарудың орталық органы болып 
 
80

патша  сарайы сақталып  қалды. Əскердің  басында  патша  емес, 
ұлы гетман — магнаттардың өкілі тұрды.  
Жергілікті басқару. Бұл кезеңде негізгі аумақтық бірліктер 
болып  Польшада  воеводстволар,  Литвада  поветалар  табылды, 
олардың  басында  воевода  мен  каштелян  тұрды.  Олар  əскер-
басы да болып табылды. Сот билігі старосталар мен жергілікті 
судьяларға тиесілі болатын.  
Құқықтың негізгі сипаттары. Польшалық əдет құқығының 
негізгі  қайнар  көзі  болып  Польша  шындығы — Польшаның 
солтүстік  облыстарында  ХІІІ  ғасырдың  екінші  жартысында 
құрастырылған  жинақ  табылды.  Сонымен  қатар,  құқықтың 
қайнар  көздеріне  статуттар — заңдар,  канондық  құқық,  Сак-
сондық  шындық  жəне  Магдебургтық  қалалық  құқық  жатты. 
Соңғысы  немістер  өмір  сүрген  аймақтарда  ерекше  мəнге  ие 
болған.  
Меншік  құқығында  өндірістің  негізгі  құралы  болып  жер 
сақталып  қалды.  Феодалдар  мен  еркін  шаруларға  тиесілі  жер 
дедина деп аталды. Жерге меншіктің нысаны болып ұзақ уақыт 
бойы  аллод  табылды.  Феодализмнің  дамуымен  бенефициялар 
мен осадничество пайда болды. 
Польшадағы  міндеттемелік  құқыққа  мынадай  шарт  түрлері 
тəн  болды:  сату-сатып  алу,  займ,  жалға  алу,  несие  шарттары. 
Неке-отбасы  құқығында  тек  шіркеу  рəсімдері  арқылы 
бекітілген  неке  ғана  заңды  деп  саналды.  Ерлі-зайыптылардың 
теңқұқылығы  болмаған,  некені  бұзуға  тыйым  салынған. 
Қылмыстық  құқықта  қылмыстың  негізгі  түрлері  болып 
мемлекеттік  сатқындық,  қоғамдық  тəртіпті  бұзу,  адам  өлтіру, 
қарақшылық,  ұрлық,  өрт  қою,  зорлау,  денеге  жарақат  келтіру 
жəне  қорлау  табылған,  олар  үшін  жазалардың  төмендегідей 
түрлері көзделген: мүлікті тəркілеумен өлім жазасы, канды кек, 
айыппұл. 
 
 
 
 
 
 
 
 
81

5. Чехияның мемлекеті мен құқығы 
 
Чехияның мемлекеті мен құқығының тарихының кезеңдері: 
1 кезең — ертефеодалдық мемлекет (ІХ-ХІ ғ.ғ.); 
2  кезең — феодалдық-ыдыраушылық  мемлекет  (ХІ-ХІІІ 
ғ.ғ.); 
3 кезең — сословиелік-өкілдік монархия (ХІV-ХVІ ғ.ғ.); 
4  кезең — Чехия  Австрияның  билігінде (1627 жылдан  бас-
тап). 
 
а) Ертефеодалдық мемлекет 
Чех мемлекетінің пайда болуына ІХ ғасырдың басында Ұлы 
морав  мемлекетінің  құрылуы  əсер  етті,  бұл  мемлекет 906 
жылға  дейін  өмір  сүрді.  Оның  құрамына  Моравия,  сонымен 
қатар,  словак,  лужиц  тайпалары  өмір  сүрген  аумақтар  жəне 
Силезия  аймағы  кірді.  Ұлы  морав  мемлекеті  ертефеодалдық 
сипатты  иеленді.  Мұнда  қуатты  князьдық  мұрагерлік  билік 
орнықты.  ІХ  ғасырдың  соңында  Ұлы  морав  мемлекетінің 
əлсіреуі  байқалады,  бұл  əлсіреу  феодалдардың  өзара 
қақтығыстарының  нəтиже-сінде  жылдамдай  түсті. 906 жылы 
бұл  мемлекетті  словак  жер-лерін  жаулап  алған  венгрлер 
құлатып,  өздеріне  бағындырды.  Ұлы  морав  мемлекетінің 
құрамынан  екі  чех  княздықтары  бөлініп  шықты:  оның 
біріншісінің  басында  Пржемысловичтер  тегінен  шыққан 
князьдар тұрды, орталығы Прагада болды, екіншісінің басында 
Славниктер  тегінен  шыққан  князьдар  тұрды,  орталығы 
Либицада  болды.  Осы  екі  княздықтардың  арасындағы  билік 
үшін  күрестің  нəтижесінде  Пржемысло-вичтер  тегі  жеңіп, 
барлық  чех  жерлері  прагалық  князьдардың  қол  астына 
біріктірілді.  
Қоғамдық  құрылым.  Феодалдар  табы  рулық-тайпалық  ақ-
сүйектерден,  княздық  дружинниктерден  жəне  байыған  қауым 
мүшелерінен  құралды.  Феодалдар  шаруалардың  жерлерін  тар-
тып  алып,  оларды  өздеріне  тəуелді  адамдарға  айналдырды. 
Құлдық əлі де сақталып қалды. 
Мемлекеттік  құрылым.  Чех  ертефеодалдық  мемлекетінің 
басында  князь  тұрды,  оның  қолында  заң  шығару,  əкімшілік, 
 
82

сот  жəне  əскери  биліктері  жинақталды.  Басқарудың  орталық 
жəне жергілікті аппараттары да князьға бағынды.  
Барлық  ағымдағы  істерді  князь  Кеңестің — Раданың 
көмегімен  шешетін,  Раданың  құрамына  мыналар  енді:  сарай 
жупаны — патша  сарайын  басқарушы,  коморник — жоғарғы 
қазына  басқарушы  мен  сарай  судьясы.  Мемлекеттегі  барлық 
маңызды  мəселелерді  Сейм — діни  жəне  ақсүйек  феодал-
дардың съезді шешетін. 
Жергілікті  басқару.  Мемлекеттің  аумағы  аумақтық  бірлік-
тер — жупаларға  бөлінген  болатын,  олардың  басында  князь-
дың өкілдері — жупандар тұрды.  
 
ə) Феодалдық-ыдыраушылық мемлекет 
Қоғамдық  құрылым.  Феодалдар  табы  екі  сословиеден  құ-
ралды:  ақсүйек  жəне  діни  феодалдардан.  Ақсүйек  феодалдар, 
өз  кезегінде,  екі  топқа  бөлінді:  жоғарғы  топ — пандар — ірі 
жер  иеленушілер,  олар  вельможалар  жəне  барондар  деп 
аталды;  төменгі  топ — владыкалар — дружинниктер  мен 
рыцарьлардан  қалыптасқан  феодалдар.  Феодалдық-тəуелді 
шаруалар да бірнеше топқа бөлінді: дедичтер — мұрагерлікке 
берілетін  жерлері — дединалары  бар  жеке  тəуелді  шаруалар, 
жəне  госталар — алымды  төлей  алмағаны  үшін  жеке 
тəуелділікке мойын ұсынған еркін шаруалар.  
Мемлекеттік  құрылым.  Чехиядағы  феодалдық  ыдыраушы-
лықтың өзіндік ерекшеліктері болған. Біріншіден, мемлекеттің 
аумағының  негізгі  бөлігі  бөлініп,  ыдырамады,  осыған  сəйкес 
князь бірқатар билігін сақтап қалды, бұл ХІІ ғасырдың соңы — 
ХІІ ғасырдың басында І Пржемыслдың Чехияның мемлекеттік 
біртұтастығын  қалпына  келтіруіне  алып  келді.  Екіншіден, 
Чехия Қасиетті Рим империясының герман халқының құрамы-
на  енді,  осыған  сəйкес,  таққа  отырған  чех  князьдарын  герман 
императоры тағайындауы тиіс болатын. 1158 жылы чех князы 
ІІ  Владислав  императордан  мұрагерлік  патша  титулын  алды, 
сөйтіп, Чехия патшалыққа айналды.  
Орталық басқаруда біршама өзгерістер орын алды: жоғарғы 
лауазымды  тұлға — жупанның  орнына  бірнеше  сарай 
лауазымдары  пайда  болды:  сарай  канцлері,  сарай  судьясы, 
сарай  коморнигі,  стольник,  чашник  жəне  жоғарғы  ловчий. 
 
83

Сеймнің рөлі өсті, оның келісімінсіз князь жаңа заңдар шығара 
алмайтын  жəне  мемлекеттің  аумағынан  тыс  əскери  жорық-
тарға қатыса алмайтын.  
Жергілікті  басқаруда  да  бірқатар  өзгерістер  орын  алды. 
Краев,  краин,  волость  жəне  жупа  деп  аталатын  ірі  облыстар 
пайда болды. Əрбір облыстың орталығы болып қала табылды, 
оны князьдың өкілі — каштелян басқаратын. Каштеляндардың 
жанынан  бірнеше  жаңа  лауазымдар  пайда  болды:  облыстық 
судья,  князь  салықтарын  жинаушы,  князь  иеліктерін  басқару-
шы  (владырь),  ловчий  (князь  аңшылығын  басқарушы)  жəне 
орманшы.  
Сот. ХІІ ғасырда ІІ Пржемысл Оттокар патша тұсында сот 
реформасы  жүргізілді,  оның  мəні  мынада  еді:  жоғарғы  сот 
инстанциясы  ретінде  Жергілікті  сот  бекітілді,  бұл  мəртебені 
прагалық  облыстық  сот  иеленді,  ол  прагалық  бургграфтан, 
прагалық  коморниктен,  прагалық  судья  мен  хатшыдан  тұрды. 
Жергілікті  жерлерде  қылмыстық  істер  бойынша  сотты  попра-
вецтер,  ал  азаматтық  істер  бойынша  сот  əділдігін  крайлық 
судьялар жүзеге асырды. 
 
б) Сословиелік-өкілдік монархия 
Қоғамдық құрылым. Келесі сословиелер толығымен қалып-
тасты:  пандар  мен  владыкалардан  құралған  ақсүйек  феодал-
дардың  сословиесі,  дін  қызметкерлерінің  сословиесі  жəне 
қалалықтар сословиесі. Ал шаруалардың басым көпшілік бөлігі 
феодалдық-тəуелді шаруларға айналды. 
Мемлекеттік құрылым. Бұл кезеңде Чехия формальды түр-
де  Қасиетті  Рим  империясының  герман  халқының  құрамында 
қала берді, ал іс жүзінде ол дербес мемлекет болатын, оған ке-
лесі жағдай əсер етті: 1347 жылы чех патшасы, Люксембургтар 
тегінің  өкілі  І  Карлды  Қасиетті  Рим  империясының  герман 
халқының  императоры  ретінде  І V Карл  деген  атпен  сайлады. 
1356  жылғы  Алтын  Буллаға  сəйкес  чех  патшасы  империяның 
бірінші курфюрсты ретінде танылды жəне мемлекет ішінде де, 
сыртында  да  мемлекеттік  егемендікті  толығымен  иеленді. 
Династияның  тоқталуы  жағдайында  жаңа  патшаны  тек  Чех 
сеймы ғана сайлай алатын.  
 
84

Чех  сеймы  мемлекеттің  жоғарғы  өкілдік  органы  болып 
табылды жəне үш сословиеден құралды: өздері сеймге тікелей 
қатысатын  пан  сословиесі  жəне  сеймге  сайланбалы  өкілдері 
арқылы  қатысатын  владыкалар  жəне  қалалықтар  сословиесі. 
Пан  билігінің  органы  болып  бірқатар  жоғарғы  лауазымды 
тұлғалардан құралған Рада табылды. 
Жергілікті  басқару.  Жергілікті  жерлердегі  патша  əкімшілі-
гінің  өкілдері  болып  патша  тағайындайтын  крайылық  гетман-
дар табылды, олардың қолында əскери жəне полициялық билік 
болатын. 
 
в) Чехия Австрияның билігінде 
1526 жылы өз артына мұрагерлерді қалдырмаған чех патша-
сы  Людвигтің  өлімінен  соң  Чех  сеймі  түріктер  тарапынан 
жаулаудан  қорқып,  патша  ретінде  Габсбургтар  тегінің  өкілі 
австриялық  эрцгерцог  Фердинандты  сайлауға  мəжбүр  болды. 
Сайлау  кезінде  Фердинанд  Чехияның  барлық  əдет-ғұрыптары 
мен  сословиелерінің  құқықтары  мен  артықшылықтарын  сақ-
тауға  міндеттенді.  Чехия  мен  Австрияның  жеке  униясы 
орнықты, бұл кейіннен Чехияның Австрияға толығымен бағы-
нуына алып келді. Бұл сеймнің, өзін-өзі басқарудың жергілікті 
жəне  қалалық  органдарының  өкілеттіктерін  шектеуден  көрініс 
тапты,  Чех  патшалығының  дербестігі  жойылды. 1627 жылы 
қабылданаған  “Жаңартылған  жергілікті  жарғыға”  сəйкес  Че-
хияның  барлық  жерлері  Габсбургтардың  мұрагерлік  иелігіне 
айналды.  Патшаның  қолында  мемлекеттік  билік  толығымен 
сақталды,  неміс  тілі  чех  тілімен  теңестірілді  жəне  Чехия 
австриялық монархияның бөлігіне айналды.  
Құқықтың  негізгі  сипаттары.  Ертефеодалдық  кезеңде  құ-
қықтың негізгі қайнар көзі болып əдет-ғұрып табылды. Кейіні-
рек бірқатар құқықтық жинақтар жасалды, олардың ішінен чех 
заңгері  Викториан  Корнелиштің  “Чех  жерлерінің  құқығы 
туралы тоғыз кітап” шығармасын (ХVІ ғ.), чех жер құқығының 
ережелерін  (ХV  ғ.)  жəне  т.б.  атауға  болады.  Сонымен  қатар, 
құқықтың қайнар көздеріне чех патшаларының заңшығарушы-
лық  актілері,  жер  құқығы,  канондық  жəне  қалалық  құқық 
жатты.  
 
85

Меншік  құқығы  алғашқыда  екі  нысанда  көрініс  тапты: 
жерге  деген  мұрагерлік  рулық  меншік — дедина  нысанында 
жəне  шартты,  шектелген  жер  иелену — выслуга  нысанында. 
ХІІ ғасырдың соңынан бастап феодалдық меншік ер адамдарға 
мұрагерлікке беру нысанына көшті.  
Неке-отбасы  қатынастары  канондық  құқықпен  реттелді. 
Мұрагерліктің  негізгі  түрі  болып  заң  бойынша  мұрагерлік 
табылды, жəне мұрагерлікке тек еркек жынысты адамдар ғана 
тартылатын.  
Қылмыстардың  негізгі  түрлері  болып  шіркеу  мен  дінге 
қарсы қылмыстар, мемлекеттік қылмыстар, жеке тұлғаға қарсы 
қылмыстар,  меншікке  қарсы  қылмыстар  табылды,  олар  үшін 
төмендегідей жазалар көзделетін: өлім жазасы, түрмеге қамау, 
дене  мүшесін  зақымдау,  барлық  құқықтарынан  айыру,  мем-
лекеттен қуу жəне мүлікті тəркілеу.  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет