Bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»



Pdf көрінісі
бет21/21
Дата09.03.2017
өлшемі2,17 Mb.
#8503
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Резюме 
Есенгабылова А.К. - PhD докторант 
Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан 
Омаров К.М. - к.п.н., старший преподаватель, 
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
Природные предпосьшкиразвития лечебно-оздоровительного туризма в Казахстане 
Данная статья направлена на оценку природных предпосылок отечественной сферы лечебно-оздоровительного 
туризма, в том числе рынка курортных услуг. В статьерассматриваются перспективы развития лечебно-
оздоровительного туризма на основе анализа лечебно-оздоровительной системы рекреационного потенциала 
Казахстана. Оценка рекреационных ресурсов лечебно-оздоровительного туризма является необходимой 
предпосылкой для оптимизации природопользования и развития курортного дела. Проводя для этих целей оценку 
природных рекреационных ресурсов нескольких регионов Кахастана,было сделано районирование сцелью 
сравнения рекреационного потенциала местностей. В ходе проведения в данных регионах анализа 
бальнеологических и климатических ресурсов,выделены 20 гидроминеральн^іх районов для оценки их 
рекреационной привлекательности и возможности развития лечебно-оздоровительного туризма. На основе 
сделанных анализов была составлена карта-схема природных рекреационных ресурсов Казахстана. Кроме этого, 
были приведены количественные и качественные характеристики рекреационных ресурсов гидроминеральных 
районов. В результате, гидроминеральные районы Казахстана были сгруппированы на 4 группы согласно очень 
высокому и высокому, среднему и низкому рекреационному потенциалу. Представленные результаты исследования 
позволят определить проблемы, препятствующие развитию сферы лечебно-оздоровительного туризма и 
сформулировать предложения по развитию конкретных районов с высоким лечебно-оздоровительным потенциалом, 
но малоосвоенных, с точки зрения социально-экономических рекреационных ресурсов. 
Ключевые слова: лечебно-оздоровительный туризм, лечебная грязь, минеральная вода, рекреация, санаторий. 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
Summary 
Yessengabylova - PhD candidate of Eurasian national university named after L. Gumilyov, 
Omarov K.M. - Kazakh National Pedagogical University named after Abai 
Natural prerequisites of development of health-improving tourism in Kazakhstan 
This article is directed to an assessment of natural prerequisites of the domestic sphere of health-improving tourism, 
including the market of resort services. Prospects of development of health-improving tourism on the basis of the analysis of 
health-improving system of recreational capacity of Kazakhstan are consideredin article.The assessment of recreational 
resources of health-improving tourism is the necessary prerequisite for optimization of environmental management and 
development of resort business. Division into districts for the purpose of comparison of recreational capacity of districts was 
made after carrying out an assessment of natural recreational resources of several regions of Kakhastan for these purposes.20 
hydromineral areas for an assessment of their recreational appeal and a possibility of development of health-improving 
tourism are allocatedduring the analysis of balneological and climatic resources in these regions.The schematic map of natural 
recreational resources of Kazakhstan was made on the basis of the made analyses.Besides, quantitative and qualitative 
characteristics of recreational resources of hydromineral areas were provided.As a result, the hydromineral regions of 
Kazakhstan were grouped on 4 groups according to very high and high, average and low recreational potential.The presented 
results of research will allow to define the problems interfering development of the sphere of health-improving tourism and to 
formulate offers on development of the concrete areas with a high health-improving potential but low-developed from the 
point of view of social and economic recreational resources. 
Keywords: health-improvingtourism, therapeutic mud, mineral water, recreation, sanatorium. 
ӘОЖ 338.012 
А Л М А Т Ы  О Б Л Ы С Ы Н Ы Ң  Ш И П А Ж А Й Л Ы Қ - К У Р О Р Т Т Ы Қ 
Қ Ы З М Е Т Т Е Р  Н А Р Ы Ғ Ы Н  Т А Л Д А У 
Омаров Қ.М. - Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ага оқытушысы, п.г.к. 
Алматы қаласы, Қазақстан, kairat62@bk.ru, 
Есенғабылова А.Қ. - Л.Н. Гумилев атындагы Еуразия ұлттықуниверситетінің PhD докторанты, 
Астана қаласы, Қазақстан, aiman_13_90@mail. ru 
Бұл мақалада автор Алматы облысының шипажайл^іқ-курогртт^іқ қызметтер нарығын талдай отырып, аймақтағы 
осы саланың даму жағдайына баға береді. Атап айтқанда, Алматы қаласы және жалпы Алматы облысы аймағында 
орналасқан шипажайлық-курорттық мекемелердің қызмет көрсету ерекшеліктеріне тоқталып өтеді. Сонымен қатар 
емдік-сауықтыру туризмінің нысаны болып табылатын шипажайлық-курорттық мекемелердің іс-әрекетін талдау 
барысында демалушылар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында демалушылардың 
қандай әлеуметтік топқа жататындығы, шипажайлық-курорттық қызметке деген көзқарасы анықталды, сонымен 
қатар шипажай демалушылары тарапынан мекемелер ұсынатын қызметтерге баға берілді. Шипажайлық-курорттық 
мекемелерге келушілер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы аймақта шипажайлық-курорттық 
қызметтерге деген сұраныс деңгейі анықталып, саланың дамуын тежейтін негізгі мәселелер мен емдік-сауықт^іру 
туризмі нарығын дамытудың басты бағыттары қарастырылды. 
Түйін сөздер: емдік-сауықтыру туризмі, шипажай, профилакторий, курорт, әлеуметтік сауалнама. 
Емдік минералды ресурстар тарапынан Алматы облысының аймағы республикадағы ең қолайлы 
аймақтардың бірі болып табылады. Алматы облысында кең қолданысқа ие минералды сулар мен емдік 
балшықтар базасында шипажайлар, профилакторилер, сонымен қатар демалыс үйлері мен сумен емдеу, 
балшықпен емдеу орталықтары жұмыс істейді. Қазіргі таңда Алматы облысында 16 шипажайлық-
курорттық мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 10 мекеме Алматы қаласының аймағында орналасқан. 
Сонымен қатар, 7 балалар шипажайы және 8 рекреациялық аймақтарда көптеген демалыс үйлері мен 
базалары орналасқан. Алматы облысында туризмді дамытудың мастер-жоспарына сәйкес кластер 
шеңберінде 2018 жылға дейін 150 орындық «Албан-Арасан» шипажайлық-курорттық кешенінің 
132 

Абай атындагы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
133 
күрылысы жоспарлануда, сонымен катар казіргі танда Алакөлдін жағалауында сауыктыру мекемесінін 
күрылысы жүргізіліп жатыр [1]. 
«Алматы Resort» клиникалык шипажайы, «Алатау» емдік-сауыктыру кешені, «Ак кайын» 
медициналык-сауыктыру кешені, «Altyn Kargaly» отель-шипажайы, «Көктем» шипажайы, «Қазакстан» 
шипажайы, «Қарғалы» пансионаты, «Ак бастау» сауыктыру пансионаты, «Каменское плато» 
туберкулезден емдейтін шипажайы және «Саумалы Перзент» саумалмен емдеу орталығы Алматы 
каласынын аймағында орналаскан. Шипажайлык-курорттык мекемелер көбінесе бальнеотерапияға, 
климатотерапияға және пелоидотерапияға маманданған, сонымен катар фитотерапия, парафинді-
озокеритті емдеу, спелеотерапия, апитерапия, гирудотерапия, терренкур, саумалмен, кымызбен және 
шүбатпен емдеу сиякты емдік поцедуралар көптеген шипажайларда колданылады. 
«Жаркент-Арасан» медициналык сауыктыру кешені, «Керімағаш» шипажайы, шипажай-
профилакторий «Қаратал», шипажай-профилакторий «Текелі», «Ак бүлак» шипажайы, «Алакөл-Арасан» 
емдік-сауыктыру орталығы Алматы облысы аймағында орналаскан. Бүл емдік-сауыктыру мекемелерінде 
кимыл-тірек аппаратынын, жүйке және кан айналым жүйелерінін, дем алу органдарынын және ас корыту 
мүшелерінін, канайналым және эндокриндік, зәр шығару жүйелерінін аурулары, инфекциялык және 
паразитарлык аурулар, психикалык ауыткулар, кимыл, тамактану және зат алмасудағы ауыткулар сиякты 
көптеген ауру түрлерін емдейді. Шипажайға жолдама бағалары тәулігіне 5000-25500 тенге аралығында 
болып табылады. Емдеу барысында шипажайларда балшыкпен емдеу, минералды ванналар, емдік душ, 
су астында омыртканы созу, ішек пен өт жолдарын тазалау, фитотерапия, массаж, канды тазалау, сүлік-
пен емдеу, инемен емдеу, психотерапия, жарыкпен емдеу, биоптрон, ингаляция, оттегі-озон терапиясы, 
түз шахтасы, мануалды терапия, емдік дене шыныктыру, диетотерапия және кымбат шетелдік күрылғы-
ларда диагностика мен ем жасаудын баска да жана әдістері колданылады [2]. 
Алматы облысы түрғындары арасында сауалнама жүргізу барысында жауап берушілер арасында 
Алматы облысынын Жаркент-Арасан, Текелі және Қаратал шипажайлары аса сүраныска ие екені белгілі 
болды. 
Шипажайлык-курорттык кызметтердін аймактык нарығын жетілдіру және демалушылардын кажетті-
ліктерін аныктау максатында Алматы облысынын 5 шипажайлык-курорттык мекемелерінде әлеуметтік 
зерттеу жүргіздік. Зерттеулер «Жаркент-Арасан» медициналык сауыктыру кешенінде, «Керімағаш» және 
«Ак бүлак» шипажайларында, «Қаратал» және «Текелі» шипажай-профилакторилерінде, «Алакөл-
Арасан» емдік-сауыктыру орталығында жүргізілді. Демалушылар арасында жүргізілген арнайы сауал-
нама нәтижесінде олардын 60%-ын әйелдер, 40%-ын ер адамдар күрайтыны аныкталды. Жас ерекшелік-
теріне келетін болсак, 25 жаска дейінгі адамдар 2,6% күрайды, 26 мен 35 жас арасындағылар - 8%, 36-45 
жас арасындағылар - 5,4% , 46-55 жас арасындағылар - 21%, жасы 55-тен жоғары адамдар  6 3 % күрай-
ды.74% жауап берушілердін отбасылары бар, 26% үйленбеген немесе түрмыс күрмаған. Қызмет 
аткаратын саласын карастыратын болсак, 15,8% жауап берушілер мемлекеттік мекемелерде кызмет 
аткарады, 15,7% жеке секторда жүмыс істейді, жауап берушілердін 13,2%-ын жүмыссыздар мен үй 
шаруасындағы әйелдер күрайды, 2,6% окушылар мен студенттер және 52,7% зейнеткерлер болып 
табылады. Осыдан көріп отырғанымыздай, шипажайларда демалушылардын көп бөлігін жасы 55-тен 
жоғары, зейнеткер, отбасылы, әйел адамдар күрайды. Орташа айлык табыстары жауап берушілердін 
79%-ын да 20000-100000 тенге аралығында болып табылады. 7,9% демалушылардын орташа айлык 
табыстары 20000 тенгеден төмен, тек кана 13,1% жауап берушілердін айлык табысы 100000 тенгеден 
астам соманы күрайды[3]. 
Шипажайлык-курорттык мекемелерде демалудын жиілігіне катысты 44,7% жауап берушілер жыл 
сайын демалатынын, 26,3% мүндай мекемелерге алғаш келгенін, 5,3% демалушылар шипажайларға 
жылына 2 рет келетінін жеткізді, калған жауап берушілер 2-5 жылда мүмкіндік туған жағдайда ғана 
демалатынын атап өтті. 36,8% жауап берушілер жаз мезгілінде, 47,3% күзде демалғанды калайтынын 
білдірді, калғандары үшін жылдын кай мезгілінде демалу манызды емес. Демалушылардын 65,8% бөлігі 
шипажайлык-курорттык мекемелерге жолдаманы 10 күнге және 28,9%-ы 15 күнге алғанды калайтынын 
жеткізді. Шипажайлык-курорттык мекемелердегі демалушылардын 52,5% бөлігінін негізгі максаты 
емделу, денсаулыкты нығайту болса, 47,2% демалушы емделу мен демалуды үйлестіруді калайды [4]. 
Шипажайды тандаудағы себептерге байланысты демалушылардын көзкарастары бөлінді. 1-суретте 
шипажайлык-курорттык мекемені тандаудағы демалушылардын негізгі себептері көрсетілген. 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
3% 3% 
• медициналык кызметтін жоғарғы сапасы -  3 1 % 
• • шипажайдын колайлы орналасуы - 34% 
• минералды ресурстар мен • үсынылатын 
кызметтердін кен аукымы -  2 0 % 
төмен бағалар, кәсіподак жолдамалары - 9% 
• • шипажайдын имиджі - 3% 
34% 
өзге себептер - 3% 
Сурет 1 - Шипажайлыц-курорттыц мекемені таңдаудагы демалушылардың негізгі себептері 
Ескерту: Зерттеу негізінде автормен цүрастырылды 
Диаграммадан көріп отырғанымыздай, шипажайлык-курорттык мекемені тандау барысында адамдар 
ен алдымен медициналык кызметтін жоғарғы сапасы мен шипажайдын колайлы орналасуын ескереді. 
Келесі себептерге минералды ресурстардын болуы мен үсынылатын кызметтердін кен аукымы 
жаткызылды. Шипажайлык-курорттык мекемені тандау кезінде жолдама бағасы да үлкен әсер етеді. 92% 
жауап берушілердін пікірінше, шипажайға жолдаманын бағасы оларды канағаттандырады, себебі Алматы 
облысынын шипажайлык-курорттык мекемелеріндегі жолдаманын орташа бағасы Алматы каласынын 
шипажайларына карағанда төменірек болып табылады. Жауап берушілердін арасында жолдаманы 
кәсіподактардан арзандатылған бағамен алғандар аз болмады. Көптеген мемлекеттік мекемелердін 
кәсіподактары жергілікті шипажайлардан жолдамаларды толык бағамен сатып алып, өз кызметкерлеріне 
женілдетілген бағамен үсынады. Бүл шаралар, бір жағынан аймакта шипажайлык-курорттык саланын 
дамуына септігін тигізсе, екінші жағынан жергілікті халыктын денсаулығы мен өмір сүру жағдайынын 
жаксаруына алып келеді. 89% демалушылар осы шипажайларға болашакта кайта демалуға келетінін және 
79% жауап берушілер өз таныстарына осы шипажайлык-курорттык мекемелерге келуді үсынатынын 
білдірді [5]. 
Зерттеудін келесі бөлімінде әлеуметтік сауалнама аркылы Алматы облысынын шипажайлык-
курорттык мекемелерінде үсынылатын кызметтердін сапасына баға берілді. Ол үшін әр демалушыға 
шипажайда көрсетілетін кызметтердін сапасын 5-баллдык жүйемен бағалау үсынылды. Сауалнама 
нәтижелері 2-суретте диаграмма түрінде көрініс тапкан. 
134 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
максималды көрсеткіш Алматы облысының шипажайлық-курорттық мекемелерінің көрсеткіштері 
Қарсы алудың 
ұйьімдастьірьглуьі, тіркеу 
Ағарту жұмыстары 
Орналастыру 
Мәдени-бұқаралыі 
қызмет көрсету 
46  І Л М е д и і г и н а л ы қ қызмет 
көрсету 
қызмет 
Сурет 2 - Шипажайда көрсетілетін қызметтердің сапасын багалау 
Ескерту: Зерттеу негізінде автормен цүрастырылган 
Демалушылардың бағалауы бойынша, Алматы облысының шипажайлық-курорттық мекемелерінде ең 
алдымен медициналық қызметтердің сапасы мен тамақтандыруды ұйымдастыру қанағаттандырады. 
Мәдени-бұқаралық шараларға, емдік дене шынықтыруға және ағартушылық жұмысына ең аз балл сәйкес 
келді. Бұл отандық шипажайлық-курорттық мекемелердің қызметіне мәдени-бұқаралық шараларға 
ерекше көңіл бөлетін шетелдік курорттардың тәжірибелерін ендіру қажет деген мағынаны білдіреді [6]. 
Төменде Алматы облысының шипажайлық-курорттық мекемелерінің қызметін жетілдіру бойынша 
демалушылардың ұсыныстары келтірілген. 55-75% жауап берушілердің пікірінше, шипажайларда тіркеу 
үрдісін жылдамдату қажет, медициналық персонал көбірек сыпайылық танытуы керек, сонымен қатар 
мәдени-бұқаралық шаралардың бағдарламасын барынша толықтырып, әр демалушыға жеке көңіл бөлу 
қажет. Демалушылар медициналық персоналға әр түрлі ауру түрлерінің алдын алу және шипажайлық ем 
барысында пайдаланылатын табиғи минералдық ресурстардың пайдалылығы туралы ағартушылық 
жұмыс жүргізуді ұсынады. 
Қорытындылай келе, шипажайлық-курорттық мекемелерге көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту, 
Алматы қаласы мен облысының туроператорларымен тығыз байланыс орнату, емдеу мен қалпына 
келтіру бойынша арнайы бағдарламалар қалыптастыру қажет екендігін атап өткен жөн. Барлық 
шипажайлық-курорттық мекемелерге өз инфрақұрылымын демалушылар үшін максималды ыңғайлы етіп 
қалыптастыруы қажет. Осы және көптеген басқа да шаралар демалушылардың шипажайларда немесе 
демалыс үйлерінде өткізетін уақытын ұзарта түсуге және жаңа туристерді тартуға мүмкіндік береді. 
1. Алматы облысының туризмін дамытудың мастер-жоспары. - Алматы облысының Туризм басқармасының 
сайты. - Электронды ресурс. - http://turizm-zhetysu.gov. kz/?p=317 
2. «Жаркент-Арасан» медициналық сауықтыру кешенінің сайты. - Электронды ресурс. - http://www.zharkent-
arasan.kz/ 
3. «Керімагаш» шипажайының сайты. - Электронды ресурс. - http://www.kerimagash.kz/ 
4. «Қаратал» шипажай-профилакториініңсайты. - Электронды ресурс. -http://www.sanatori-karatal.kz/ 
5. «Текелі» шипажай-профилакториініңсайты. - Электронды ресурс. -http://www.proftekeli.ru/ 
6. «Ақ бұлақ» шипажайының сайты. - Электронды ресурс. -http://www.sanatoryakbulak.kz/ 
135 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
136 
Резюме 
Омаров К.М. - старший преподаватель, 
Казахский национальный педагогический университет имени Абая, 
Есенгабылова А.К. - PhD докторант, 
Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева 
Анализ рынка санаторно - курортных услуг Алматинской области 
Анализируя рынок санаторно-курортных услуг Алматинской области, в данной статье автор дает оценку 
состоянию развития отрасли в регионе. Стоит отметить что, автор отмечает особенности функционирования 
санаторно-курортных учреждении, расположенных в городе Алматы и в целом на территории Алматинской области. 
Кроме этого автором проводился социальный опрос среди отдыхающих во время анализа деятельности санаторно-
курортных учреждении, которые являются объектами лечебно-оздоровительного туризма. В ходе проведения опроса 
были определены к какой социальной группе относятся отдыхающие санаториев и их предпочтения в отношении 
санаторно-курортных услуг, а также отдыхающими дана оценка услугам, предоставляемым данными учреждениями. 
Посредством проведения социального опроса среди клиентов санаторно-курортных учреждении был определен 
уровень спроса на санаторно-курортные услуги в регионе, а также были рассмотрены проблемы, препятствующие 
развитию отрасли и пути развития лечебно-оздоровительного туризма. 
Ключевые слова: лечебно-оздоровительный туризм, санаторий, профилакторий, курорт, социальный опрос. 
Summary 
Omarov K.M. - Kazakh National Pedagogical University named after Abai 
Yessengabylova A.K. - PhD candidate of Eurasian national university named after L. Gumilyov 
Market analysis of sanatorium servicesof Almaty region 
Analyzing the market of sanatorium services of Almaty region, in this article the author gives an assessment to a condition 
of development of branch in the region. It should be noted that, the author notes features of functioning sanatorium 
establishments, located in the city of Almaty and in the territory of Almaty region in general.Besides,the author conducted 
social survey among vacationers during the analysis of activity sanatorium establishment which are objects of health-
improving tourism. During the surveywere defined what social group are vacationers of sanatoria and their preference 
concerning sanatorium services,and also vacationers gave an assessment to the services provided by these establishments.By 
means of a social survey among clients of sanatorium establishmentsit was determined the level of demand for the market of 
resort services in the region, and also the problems interfering development of branch and a way of development of health-
improvingtourism were considered. 
Keywords: health-improving tourism, sanatorium, dispensary, resort, social survey. 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
Шілдебаев Жұмәділ Бәйділдәұлы Алматы облысы Жаркент өңірі, Қоңырөлең елді мекенінің тумасы. 
1946 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Бәйділда шаруа адам болған. Арабша хат таныған 
сауатты, діни көзқарастағы софылық дәстүрді ұстанған молда. Өмірінің соңына дейін мал шаруашы-
лығында жұмыс істеп өмір сүрген. Шешесі Сәбира - қарапайым үй шаруашылығындағы қазақ әйелі, 
бала-шағасын еңбекке, білім алуға тәрбиелеп өмірден өткен. 
1966 жылы Қоңырөлең орта мектебін ойдағыдай бітіріп Абай атындағы Қазақ педагогикалық 
институтының Жаратылыстану-география факультетіне оқуға түсті. Студент кезінен бастап ғылыми-
зерттеу жұмыстарымен айналысып жақсы нәтижелерге жеткен. Ғылыми жетекшілері: б.ғ.к., доцент 
Ә.Хусайынов және б.ғ.д., профессор М.Нұрышевтың басшылығымен «Қазақстанның жыландары» атты 
тақырыпта диплом жұмысын қорғаған. Осы кезден бастап өзінің ғылымға құштарлығын таныта білген 5 
курс студентін «Зоология» кафедрасының шешімімен ассистент етіп институтқа қалдырған. Кафедраның 
жұмысына белсене араласып факультет деканы профессор И.М. Төленбек және профессорлар 
М.И. Исмагилов, М.Нұрышев және доцент Ә.Х. Хусайновтың ұсынысымен 1974 жылы факультеттің 
Ғылыми Кеңесінің шешімімен ҚР ҰҒА, Зоология институтына аспирантураға түсуге жолдама алды. 
1974 жылы аталған ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасына оқуға түсіп, 1978 жылы 
ойдағыдай бітіріп шығады. Аспирантурада ғылыми жетекшілік жасаған зоология ғылымдарының атақты 
профессоры П.И. Мариковский мен б.ғ.к. Р.Б. Асанованың мектебінен білім алған жас ғалым ғылымның 
қиында қызығы мол өмір жолын бастай отырып Қазақстанның табиғатын, экологиясы мен фаунасын 
зерттеуге біржола қызығушылықпен ден қояды. Жас ғалымның ғылымға деген құштарлығын шыңдай 
түскен зоология институты сияқты ғылым ордасының үлкен әсері болды. Себебі, ҚР ҰҒА-ның Зоология 
институты бұрынғы КСРО-да дүние жүзіне аты мәлім ғылым орталығы болды. Бұл мекемеде 
академиктер Е.А. Галузо, Е.В. Гвоздев, А.А. Слудский, С.Б. Балмұханов, Т.Н. Досжанов, А.Б. Бекенов, 
А.М. Дубицкий, профессорлар П.И. Мариковский, Н.Д. Митяев, А.Ф. Ковшарь, С.Т. Рыскулова, 
Р.Т. Ахметбекова және т.б. жұмыс істеген. Әсіресе, Мәскеу, Новосибирск, Санкт-Петербург, Киев 
қалаларындағы ғылыми орталықтан жыл сайын білікті ғалымдар қатысқан ғылыми-практикалық 
конференцияларға қатысу, дәріс алу жас ғалым үшін білімін көтеру мен есею мектебі болды. 
Ж.Шілдебаевтың білімі мен туған өлкесінің табиғатын, географиясын жақсы білуін байқаған ғалымдар 
ұжымы оны 10 шақты жыл ғылыми экспедицияларды басқартты. Яғни, 1974-1985 жылдар аралығында 
КСРО ғалымдары қатысқан ғылыми зерттеу экспедицияларына жетекшілік жасап Қазақстанның барлық 
аймақтарын дерліктей аралап шығып қыруар көп ғылыми материалдар жинақтады. Сол кезеңдерде жас 
ғалым «Қазақстанның сирек кездесетін жан-жануарлар әлемі және табиғат қорғау», «Пайдалы және 
зиянкес жәндіктер», «Зиянкес организмдермен биологиялық күрес», «Арамшөптер және биологиялық 
ЖҰМӘДГЛ  Б Ә И Д І Л Д А Ұ Л Ы  Ш І Л Д Е Б А Е В 
(Биографиялық очерк) 
137 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
138 
күрес» атты іргелі ғылыми-зерттеу жобаларына катысып ғылыми макалалар мен енбектер, 
монографиялар жазуға катысты. Нәтижесінде, 17 ғылыми макала, 3 оку күралын жазып 3 іргелі ғылыми 
жобанын жауапты орындаушысы болды. 1985 жылы дисертациялык жүмысын корғап 1989 жылы аға 
ғылыми кызметкер - доцент (СНС) атағын алды (ВАК, Мәскеу). 
1990 жылы арнайы шакырылып өзінін бүрын білім алған Қарашанырағы Абай атындағы ҚазПУ-ге 
келіп доцентік кызмет аткарды. Бүл жылдары Университетте білім беру саласында он өзгерістер болып 
жаткан еді. Атап айтканда академик А.С.Бейсенованын үйымдастыруымен жанадан география-экология 
факультеті ашылып Қаз¥ПУ КСРО елдерінде бірінші болып экология мәселесі көтеріліп маман дайындау 
колға алынған болатын. Көреген ғалым болашакты болжай отырып «Көпшілікке үздіксіз экологиялык 
білім мен тәрбие берудін стратегиялык жоспары» үлттык бағдарламанын авторынын бірі ретінде бүкіл 
ғалымдар мен педагогтарды осы проблеманы шешуге жүмылдыра білді. Әсіресе, сол кезде академиялык 
ғылыми-зерттеу институттарында кызмет аткарып жүрген практик мамандарды шакыру (Ж.Шілдебаев, 
Д.Жүсупова, К.Бакирова, Ғ.Ділімбетова, Б.Мынбаева және т.б. бәріде ғылым кандидаттары болды) Әлия 
Сәрсенкызынын «Ғылымды білімге айландыру» аркылы болашак білікті мамандарды дайындаудын 
сындарлы стратегиялык жоспары еді. Ол өз нәтижесінде берді. Осы жана бастама Қазакстанда эколог 
мамандарын дайындаудын бүгінгі күнге дейінгі үйыткысына айналды. 
Жас ғалым Ж.Шілдебаев барлык күш жігерін болашак мүғалімдер даярлау ісіне жүмсады. Жетекші 
биолог әрі эколог ретінде «География-экология», «Экология», «Биология-Экология», «Химия-экология» 
мамандарын даярлаудын мемлекеттік стандарты, үлгілік оку жоспары, окулык пен оку-әдәстемелік 
кешендер жасауда аянбай енбек етті. Оку жоспарына сәйкес ана тіліндегі алғашкы арнайы оку курстары 
мен оку күралдары, оку-әдістемелік нүскаулар жарык көрді. Атап айтканда «Табиғат корғау және корык-
тар ісі», «Биосфера туралы ілім», «Жалпы экология», «Экологияны окыту әдістемесі», «Экомониторинг», 
«Экологиялык сараптама», «Экологиянын теориялык негіздері» және т.б. арнайы курстардын алғашкы 
типтік бағдарламалары мен кыскаша курстарын жасауда Ж.Шілдебаев негізгі рөл аткарды. 
1990-2003 жылдары аралығында академик А.С.Бейсенова мен бірлестікте «Қазакстан Республика-
сында көпшілікке үздіксіз экологиялык білім мен тәрбие беру Түжырымдамасы» жасалды. Түжырымда-
манын негізінде «Экологиялык білім бағдарламасы» кабылданды. Бүл күжаттарды сол кездегі 
Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясынын Ғылым Кенесі сараптап он баға берген. Сонын нәти-
жесінде, Қазакстанда алғаш рет ҚР Білім және ғылым министрлігінін бекітуімен орта және арнайы 
мектептерге арналған «Экология» (5-10 сыныптарға арналған оку бағдарламасы), «Экология» (окулык), 
«Экология» (әдістемелік нүскау), «Экология» (жүмыс дәптері), «Экология» (хрестоматия) оку-әдістемелік 
кешені 2003 жылы казак, орыс, үйғыр тілінде жарык көрді. Қазір арнайы мектептерде бүгінге дейін 
колданыста (авторлары А.Бейсенова, Ж.Шілдебаев). 
Ж.Шілдебаев орта мектептерге арналған «Биология» (9,11 сыныптар үшін) окулык пен оку-
әдістемелік кешенінін негізгі авторларынын бірі және ғылыми редакциясын баскарған. Атап айтканда 
«Биология» (9-сынып). Окулык, «Биология» (Дидактикалык материалдар), «Биология» (Әдістемелік 
нүскау), «Биология» (Жүмыс дәптері), «Биология» (11-сынып). Окулык «Биология» (Дидактикалык 
материалдар), «Биология» (Әдістемелік нүскау), «Биология» (Жүмыс дәптері) атты оку-әдістемелік кешен 
казак, орыс және үйғыр тілінде 2003 жылдан бері колданыста. 
1991-2003 жылдар аралығында мектеп окушыларына окулык жазу үшін Ж.Шілдебаев мектеппен және 
Алматы калалык, Алматы облыстык мүғалімдердін білімін жетілдіру және кайта дәріс даярлау институт-
тарымен тығыз байланыста болып оку-әдістемелік семинар, оку курстарын үйымдастыруға белсене 
катысып және онын түракты лекторы болды. 
1993-2005 жылдар аралығында (А.С.Бейсеновамен бірлестікте) Дж.Сорос атындағы кордын халыкара-
лык конкурсынын, 2004 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған «Қазакстан Республика-
сында көпсатылы оку жүйелерінде үздіксіз экологиялык білім берудін ғылыми-методологиялык және 
практикалык негіздері» ғылыми жобанын женімпазы және жауапты орындаушысы болды. Сол сиякты 
Университет ректоры жариялаған «Ғылым жетістіктері мен жаналыктарын биологиялык білім беру 
кеністігінде акпараттандырудын педагогикалык әдістемелік негіздері» атты ғылыми жобалар 
конкурсынын иегері (2013, 2014). 
1990-2010 жылдары аралығында Ғылыми Экспедицияларда жүріп жиналған материалдарынын коры 
негізінде Ж.Шілдебаев Республиклык «31 канал», «Қазакстан-1», «Алатау» атты телеканалдарда «Біз 
және табиғат», «Қүралай», «Экология-Ел тағдыры» атты авторлык бағдарламасын жасап Қазактын 
«Дроздовы» атанды. Осы кезенде профессор Ж.Шілдебаев Қазакстаннын табиғатын, экологиялык 
жағдайын насихаттауда үлкен енбек аткарды. Аталған такырыптағы бағдарлама аптасына 1 рет 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
139 
(30 минуттан) көрсетіліп көпшіліктің көңілінен шықты. Шын мәнінде Ж.Шілдебаевтың Қазақстанның 
табиғаты мен экологиялық проблемаларын көтеруі мемлекет тарапынан қызу қолдау көрсетіліп 10-12 
жыл бойы ұдайы телеарнадан түспеді. Әрбір хабардың саяси-экологиялық және әлеуметтік орны ерекше 
болды. Хабарға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері қатыстырылып іргелі проблемалар төңіре-
гінде сұхбат жүргізілді. Атап айтқанда, хабарға академиктер Ш.Есенов, И.Байтулин, М.Айтхожин, 
А.Бейсенова, С.Балмұханов, А.Бекенов, Т.Досжанов, мектеп және қоғам қайраткерлері: К.Салықов, 
М.Шаханов, О.Сабден, ғалым-профессорлар А.Бигалиев, Н.Торманов, Н.Мухитдинов, Н.Аралбай, 
Р.Сәтімбеков және т.б. шақырылып проблемалық экологиялық мәселелер көтерілді. Әсіресе, сұхбат 
барысында жетекші ғалымдардың ой-пікірлері нәтижесінде Қазақстанның қазіргі экологиялық ахуалы 
көпшілікке жетіп табиғат қорғау, экология мәселелерін шынайы ақпараттандыру дұрыс жолға қойылды. 
Көпшіліктің көңілінен шыққан материалдар республикалық «Экология жаршысы», «Атамекен», «Эко-
курьер» және т.б. басылымдарда үнемі жарияланып отырды. Әсіресе көпшілік Қазақстанның «Қызыл 
кітабы», Арал, Балхаш, Каспий мәселелері, Семей, Нарын, Азғыр, Тайсоған полигондары туралы шынайы 
шындықтар мен қорықтар жәйлі мәселелерге жаңаша мән беріп туған өлкесіне деген патриоттық сезімі 
мен сүйіспеншілігі жаңа сипаттағы қоғамдық көзқарас туғызды. Осы кезеңде көпшілікпен қатар жастар 
тәрбиесіне экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы өте зор болған еді. 
Ж.Шілдебаев орта мектептерге арналған биология және экология оқулықтары мен оның оқу-
әдістемелік кешенін жазумен білім беру саласына көп еңбек еткен ұстаз-ғалым. Оқушыларға экологиялық 
білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасымен жасай отырып оған ғылыми-теориялық және әдіснамалық 
қорытынды жасады. Нәтижесінде, 2007 жылы «Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің 
теориясы мен әдістемесі» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ж.Шілдебаевтың диссерта-
циясы жоғары бағаланып педагогика ғылымының 2 саласы бойынша (130001-педагоика және 130002-
оқыту әдістемесі) ғылыми дәреже берілді (Астана, 2007). 
Жоғары оқу орындарына арналған оқулықтармен оқу құралдарын жазуда да сіңірген еңбегі бір төбе. 
Биолог және эколог мамандықтары үшін және магистратура мен докторанттарға арналған 13тен астам 
оқулық пен оқу құралдарының негізгі авторы. Оның ішінде «Экология негіздері» (2012). «Эколоия және 
табиғатты тиімді пайдалану» (2004), «Экологияны оқыту технологиясы» (2014), «Экология және тұрақты 
даму» (2013), «Биогеография» (2012), «Биологияға кіріспе» (2016), «Биоэкология» Энциклопедиялық 
сөздік (2016) және т.б. атты еңбектерін ерекше атауға болады. Аталған еңбектердің көбісі ҚР БҒМ 
грифімен шыққанын айта кету керек. 
Ж.Шілдебаевтың жоғары оқу орындарында кәсіби білікті маман дайындаудағы үлесі де мол. Ғалым 5 
ғылым докторына кеңесші, 4 ғылым кандидатын, 2 РшЭ докторын шығарған, қазір 6 РшЭ докторына 
ғылыми жетекшілік етеді. Сол сияқты 1990 жылдан бастап 50ден астам магистаранттарды дайындап 
шығарды және шығаруда. 
Ғалымның ұйымдастырушылық және қоғамдық жұмыстарғада белсенді араласады. Бірнеше рет ҚР 
БҒМ ұйғаруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда МУ, А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық 
университеті, Оңтүстік Қазақстан мен мемлекеттік университеттерінде 6М060800-Экология, 6М060700-
Биология, 6М090200-Туризм, 6М011300-Биология, 6М011600-География, 6Д060700-Биология, 6Д011300-
Биология және осы мамандықтар бойынша бакалаврият мамандығын бітірушілердің біліктілігін 
анықтайтын Мемлекеттік аттестациялық коммисиясының бірнеше рет төрағасы болды. 
2008 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ге жаңа ректор тағайындалды. Жас келсе іске дегендей профессор 
С.Ж. Пірәлиев бұрыннан танымал, тәжірибесі мол, ҚР Ғылым және білім министрлігінде жауапты қызмет 
атқарған, Қыздар МПУ және А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде ректорлық 
қызметте болған білікті, өресі кең, парасатты азамат екені бірден байқалды. Келе сала білім сапасын 
көтеру үшін кадрларды іріктеу, оқу процесін жаңашыл үрдістермен қамтамасыз етуден бастады. 
Ұйымдастырудың қадамын ҚазПИ-дің бұрынғы кадрларынан пікірлесу, көпшілік ұжымының ойын-
пікірін тыңдау арқылы демократиялық жолмен шеше бастады. Соның бірі факультет декандарын 
сайлаудың демократиялық жолымен ашық және жабық дауыспен тағайындауы. Бұрын-соңды болмаған 
жаңа инновациялық үрдіс ұжымының көңілінен шықты. Міне, осы науқанның жемісі ретінде профессор 
Ж.Шілдебаевты айтуға болады. География-Экология факультеті ұжымының көңілінен шыққан 
қарапайым профессор 100% дауыс жинап факультет деканы болып сайланды. Осы жылдардан бастап 
Ж.Шілдебаев декан, одан соң кафедра меңгерушісі лауазымында университеттің оқу-тәрбие процесіне бір 
кісідей үлес қосты. 
Ж. Шілдебаев Университетаралық қарым қатынастың жаңа үлгісін көрсетті. Осы кезеңде ЖОО-на 
қойған талап бойынша университет арасында тәрбие алмасу кадр даярлау, қос дипломдық үрдіс, білік-

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
140 
тілік тағылымнамасынан өту және ғылыми жобалар бірлестігі т.б. мәселелерді дамыту күн тәртібінде 
тұрды. Атап айтқанда, жаңашыл, әрі тәжірибелі ректорлар академик С.Ж.Піралиевпен Қорқыт Ата 
атындағы Қызылорда МУ-нің ректоры, академик Қ.А.Бисенов бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген еді. 
Нәтижесінде, екі жоғары оқу орны арасындағы оқу-тәрбие процесінде үлгі боларлықтай іс-шаралар 
атқарылды. Мәселен: ғылыми жобалар бойынша облыстық әкім Қ.Көшербаевтың қолдауымен 
«Қызылорда облысының географиясы», «Қызылорда облысының өсімдіктер әлемі», «Қызылорда 
облысының жануарлар әлемі» атты 3 томдық ғылыми энциклопедиялық еңбек жарық көрді (Авторлық 
бірлестікте Ж.Шілдебаев, Н.Аралбай, Г.Сауытбаева, А.Байкенжиева, Р.Құрманбаев және т.б.), оқу 
процесіне арналған оқулықтар мен оқу құралдары «Экологиялық білім мен тәрбие беру», «Экология 
негіздері», «Экология және тұрақты даму» және т.б. (Авторлары Ж.Шілдебаев, А.Нұрғызарынов, 
Г.Сауытбаева және т.б.), кадрлар даярлауда Қорқыт Ата атындағы университетте қызметте жүрген білікті 
ұстаздар А.Байкенжиева, О.Айдаров, Г.Назарова, Ж.Избасарова және т.б. профессорлар 
К.Муханбетжанов пен Ж.Шілдебаевтың шәкірттері. Бұл фактілер екі оқу орнының ортасындағы бауыр-
лас екі факультеттің ғана қарым-қатынастың көрінісі. Бүгінде бұл игі бастама басқада ЖОО-ның алдында 
тұрған инновациялық тағлымдық үрдістердің үлгісі боса керек. 
2008-2016 жылдар аралығында Абай атындағы Қаз¥ПУ-де және А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік 
халықаралық университеттерінің жаратылыстану мамандықтары бойынша кандидаттық және докторлық 
диссертациялық Кеңестің мүшесі, ал 2013 жылдан бастап Абай атындағы Қаз¥ПУ-дегі жаратылыстану-
математика бойынша PhD докторанттардың диссертациялық Кеңесінің төрағасының орынбасары болып 
бекітілді. 
2013 жылы жоғары білім жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және мектеп пен жоғары оқу орын-
дарына оқулықтар жазудағы көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін Университеттің «Құрметті кфедра 
меңгерушісі» атағын беріп және «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. 
Ж.Шілдебаевтың Халықаралық, ТМД және республикалық басылымдарда 270-тен астам ғылыми-
әдістемелік мақалалары, оның ішінде 30-дан астам шетелдік басылымдарда жарияланған. Ол оқулық пен 
оқу қү-ралдарының ұзын саны 89. Сол сияқты қазақша-орысша және орысша-қазақша терминологиялық 
сөздіктің (Биология, Экология 2000) Биология (жаңадан толықтырылып шыққан, 2014) авторларының 
бірі. Мектепке арналған оқулықтардың бәрі 4 тілде (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек) жарық көріп 20 жылдан 
астам уақыт қолданыста «Мектеп» баспасынан шыққан және 19 авторлық куәліктің иегері. 
2014 жылы профессор Ж.Шілдебаев Университеттің Ардагерлер кеңесінің жалпы жиналысында 
бірауыздан оның төрағасы болып сайланды. Мұның өзі университет ұжымының Ж.Шілдебаевқа деген 
сенімі мен үлкен құрметі болса керек. Қазір профессор ағамыз білімгерлер мен жас мұғалімдердің, соғыс 
және еңбек ардагерлерінің нағыз білімгер қамқоршысына ие болып жаңа серпінмен жұмыс істеуде. 
2015 жылы университет басшысы мен Ғылыми Кеңестің шешімімен ҚР БҒМ жариялаған «Жоғары 
оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсына жолдама беріп қолдау көрсетті. Министрліктің конкурстың 
комиссиясы Ж.Шілдебаевтың еңбегін жоғары бағалап екінші рет «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік 
гранты мен атағын берді (2015). Марапаттау рәсімі 2015 жыл 20-қаңтар күні Астана қаласында өтіп 
профессор эксминистр А.Сәрінжіповтың қолынан мемлекеттік грант куәлігін алды. 
Ж.Шілдебаев көрнекті ғалым әрі педагог болумен қатар үгілі жанұя иесі, жұбайы Әкімгүл 
Акимбайқызы өзінің курстасы биолог-әдіскер, ағайын-туыс, дос-жарандардың арасында үлкен құрметке 
ие болған бақытты зейнеткер. Кезінде биолог ретінде жұбайының ғылымдағы жетістіктеріне көп 
көмегімен, ақыл-кеңесін берген білікті маман. ¥л-қыздары Ляззат, Талғат, Қуандық пен келіндері Айнұр 
мен Гульмира жоғары білімді қызметкерлер. Немерелері Нұрсара, Аблайхан, Бағжан, Аружан, Алина, 
Мәдина, Ален атасы мен әжесінің бақытты балапандары. 
Шын мәнінде, профессор Жұмәділ ағамыз өзінің жібектей жұмсақ мінезі мен асықпай жүріп аяғын 
нық басқан, білім мен ғылымға бар жүрегімен шынайы берілген, бар күш жігерін, бүкіл өмірін жастарға 
білім мен тәрбие беруге жұмсаған, кімге болсада қол ұшын беруге әзір, ешкімді өкпелетпейтін әрі өзіде 
өкпелемейтін жаны жаз, жасанды атақ пен даңққа, орынсыз қолпаштауға жол бермейтін, жүрегі кең, ары 
таза, жүзі жарқын, қолы таза, жоғары мәдениетті - Адам. 
Сөз соңында түйетініміз - таза еңбегімен мүмкіндігінше ғылым мен білім саласына бір кісідей үлес 
қосқан тәлімгер, педагог, жетекші әдіскер, эколог, тележурналист ағамыз 70-ші күзіне қалай жеткенін өзі 
де байқамай қалыпты. Бір байқағанымыз  ¥ л ы дала перзентінің бойындағы мол күш қуаты әліде болса 
ғылым мен білімнің асуларын алуды меңзеп тасып тұрғандай көрінеді. 
ХАБАРШЫ журналының 
«Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясының редакциялық коллегиясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет