Bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»


Keywords: Alchemy, Chemistry, iron, phosphorus, gold, metal, powder, elixir, Philosopher's Stone, the transmutation.  ӘӨЖ 373.1.013:37.033/.035



Pdf көрінісі
бет19/21
Дата09.03.2017
өлшемі2,17 Mb.
#8503
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Keywords: Alchemy, Chemistry, iron, phosphorus, gold, metal, powder, elixir, Philosopher's Stone, the transmutation. 
ӘӨЖ 373.1.013:37.033/.035 
Х И М И Я Н Ы  О Қ Ы Т У  Ә Д І С Т Е Р І  М Е Н  Т Ә С ІЛДЕР І 
Өнербаева З.О. - доцент, п.г.к, uner_68@mail.ru 
Абай атындагы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы 
Макалада окыту үрдісінде кез-келген пәнді, мысалы химияны окыту әдістемесін окытудағы әдістер мен тәсілдер 
және олардын жіктемелері арасындағы ғалымдардын көзкарастары мен пікірлері карастырылады. Сондай-ак, 
«Химияны окыту әдістемесі» пәні педагогикалык ғылым, әрі жоғары оку орындарында окытылатын пән болып 
табылатындыктан, ондағы көптеген үғымдар мен көзкарастар педагогикадан алынып, химияға катысты ерекшелік-
термен толыктырылған. 
Ғалъімдардын берген аныктамаларынын әр түрлілігіне карамастан, олардын көзкарастарын жакындастъфатын жайт 
- олардын окыту әдісін окушылардын оку- танымдык кызметін үйымдастыру амалы деп есептеулері келтірілген. 
Педагогика да, химияны окыту әдістемесінде де окыту әдістері әртүрлі критерийлер бойынша жіктелген. 1960-
жылдары калыптаскан әдістер жүйесін алғаш рет толык сипатталған Е.Я. Голант болды. Кейін дидактика бойынша 
жүмыстар^інда әдістерді жіктеуге катысты өз ойларын М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер, Б.П. Есипов, М.А. Данилов және 
казакстанын көрнекті әдіскері профессор И.Н. Нүғыманов және т.б. ортаға салды. Әдістердін барлык жіктелістерін 
тыщылыкты шолу жасап, өзінін әдістерін жіктемесіне үсынған И.Н. Нүғыманов пен А.М. Мырзабаев болды. 
Педагогикалык ғылымдардын бірі - химияны окыту әдістемесіндегі «окыту әдістері» атты аса манызды катего-
риясынын ерекшеліктері. «Қалай окыту керек?» сауал^іна ғал^імдард^ін, әдіскерлер мен практик мүғалімдердін 
жауаптары. «Әдіс» сөзінін бүрынғы кезде пайдаланылып келген баламасы - «методика» үғымымен байланысы, 
онын этимологиясы жайлы түсіндіріледі. 
Түйін сөздер: окыту үдерісі, ок^іту әдісі, окыту тәсілі, ок^гту әдістерінін эволюциясы, окыту әдістеріне жіктеу, 
окушылардын оку-танымдык кызметі, танымдык белсенділік денгейлері, оку іс-әрекеттері, күтілетін нәтижелері. 
«Окыту әдісі» айтарлыктай күрделі, әрі көп мағыналы үғым. Педагогикалык ғылымдардын бірі -
химияны окыту әдістемесіндегі «окыту әдістері» атты аса манызды категориясынын ерекшеліктері. 
«Қалай окыту керек?» сауалына ғалымдардын, әдіскерлер мен практик мүғалімдердін жауаптары. «Әдіс» 
сөзінін бүрынғы кезде пайдаланылып келген баламасы - «методика» үғымымен байланысы, онын 
этимологиясы жайлы түсіндіріледі. «Окыту әдісі» үғымынын аныктамалары. Төрт топ аныктама-
ларындағы негізгі ойлар: 1-топтағы авторлардын (И.Ф. Харламов т.б.) «мүғалімнін к^ізметі - бірінші 
орында» деп пайымдауы, 2-топтағылардын (Ю.К. Бабанский т.б.) мүғалімнін к^ізметі (ок^іту) окушынын 
к^ізметімен (окумен) тығыз байланыстына екеніне басты назар аударуы; 3-топтағылардын (Н.В. Савин 
т.б.) «үйымдастыру кызметінде екі тарап тен күкылы әрі олардын манызы бірдей» деген принципке 
сәйкес ой корытуы; 4-топтағылардын (Т.А. Ильина т.б.) мүғалімнін басты міндеті - окушыны оку 
118 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
процесіне тартып, оған өзінің оқу қызметін ұйымдастыруға көмектесу деп білуі [1]. Оқыту әдістерінің 
эволюциясына келетін болсақ, адамзаттың дамуына, оқыту мақсаттарының өзгеруі мен қоғамның жалпы 
мәдениетінің жоғарлауына қарай өзгеруіне тоқталайық. Оқыту мақсаттарына өндірістік күштердің даму 
деңгейі мен өндірістік қарым-қатынастар сипатының ықпалы. Оқыту әдістері эволюциясының кезеңдері: 
еліктеу — сөзбен түсіндіру — догмалық оқыту — көрнекі оқыту — оқушының оқуға деген ынтасын 
күшейту — проблемалық оқыту — дамыта оқыту деп бөлінеді. Оқыту әдістемесінде педагогикадағы 
оқыту әдістеріне қатысты жетістіктердің пайдаланылуы. Көрнекі оқыту әдістері арқылы қол жеткізілген 
мүмкіндіктер. Оқыту нәтижелілігін арттырудағы оқушылардың оқуға деген ынтасын күшейту бағыты. 
Білім беруді ізгілендіру үрдісі, адамгершілікке негізделген әдістер. Проблемалық оқыту әдістері, оларды 
қолданудан күтілетін нәтиже. Дамыта оқыту әдістерінің гуманитарлық, психологиялық негізі. «Дамыта 
оқыту әдістері» ұғымына бірігетін әдістер. Нәтижелілігі жоғары, оқушылардың тұлғасын жан-жақты 
дамытуға бағытталған оқыту әдістерін пайдалану мүмкіндіктерінің оқу әдебиетінде (оқулықтары мен 
ОӘК-лерінде) қарастырылуы - құр бос әңгіме емес, керісінше, өмірдің өзі қойып отырған талап деп 
айтуымызға болады. 
Оқыту әдістерін жіктеуге келетін болсақ, оқыту әдістерін, соның ішінде химияны оқыту әдістерін 
жіктеудің әртүрлі критерийлері. Е.Я. Голант, М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер, Б.П. Есипов, М.А. Данилов 
және т.б. ғалымдардың әдістерді жіктеуге қатысты ортаға салған ойлары. Ю.К. Бабанскийдің оқыту 
әдістерінің барлық жіктелістеріне тыңғылықты шолу жасап барып, ұсынған жіктелісі. Оқыту әдістерін 
жіктеу критерийлері: оқушылар белсенділігінің деңгейіне қарай (пассивті, активті), өнімді (шығарма-
шылық) қызметке қатысу деңгейіне қарай (түсіндірмелі-иллюстрациялық, репродуктивті, проблемалық, 
ішінара-ізденушілік, зерттеу), білім көздеріне қарай (сөздік, көрнекі, практикалық), дидактикалық мақсат-
тарына қарай (жаңа білімді игеру, білік-дағдыларды қалыптастыру мен білімді пратикада пайдалану, 
ББД-ларды тексеру), ұйымдастырушылық жіктеліс (оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру, адамдардың 
арасындағы қарым-қатынас тәжірибесін жинақтау, эмоциялық және шығармашылық қызмет, оқу-әдісте-
мелік қызмет нәтижелілігін бақылау). М.Н. Скаткин мен И.Я. Лернердің оқыту әдістерін өнімді 
(шығармашылық) қызметке қатысу деңгейіне қарай жіктеуі: репродуктивті әдіс, проблемалық оқыту әдісі, 
зерттеу әдісі. Репродуктивті, проблемалық және зерттеу оқыту әдістерінің мазмұны, оларды қолдану 
кезіндегі оқытушының және оқушының қызметі. Е.И. Перовский мен Д.О. Лордкипанидзе ұсынған оқыту 
әдістерінің қарапайым жіктелісі: сөздік, көрнекі, практикалық әдістер [2]. 
Химияны оқыту тәсілі туралы түсінік, профессор И.Н. Нұғымановтың жіктеуі бойынша. 
«Оқыту тәсілі» ұғымы. Оқыту тәсілдерінің оқыту әдістерімен тығыз байланысынан, бұл педагогика-
лық категорияға қатысты көзқарастардың әр алуандылығы. Химияны оқыту әдістемесіндегі оқыту тәсіл-
дерінің ерекшеліктері. Оқыту тәсілдеріне И.Н. Нұғыманов пен Н.Е. Кузнецова, т.б. әдіскер ғалымдардың 
берген анықтамалары. Оқыту тәсілдерінің белгілі бір оқыту әдістері «аясында» практика жүзінде қалай 
қолданылатынын нақты мысалдар арқылы көрсету (мысалы, 8-сыныптағы «Таза заттар және қоспалар» 
әртүрлі тәсілдермен түсіндіруі т.б.). Оқыту әдістері мен оқыту тәсілдерінің аражігін бөліп ала білудің 
болашақ химия мұғалімі үшін маңызы зор. Осыдан оқыту құралдары, олардың түрлеріне мән берсек. 
Оқытудың немесе оқу қызметінің құралдары. «Оқушылар-оқыту құралдары-оқудағы ақпарат». Оқыту 
құралдарын оқу процесіне (химияны оқытуға) енгізу жолдары: 1) мұғалімнің оларды «таза күйінде» 
қолдануы, 2) сабақ үстінде белгілі бір теориялық тапсырманы шешу барысында оларды оқушылармен 
бірге құрастыру. Оқыту құралдарын әзірлеу, құрастырып барып қолданудағы әдіскерлердің үш 
позициясы: 1-позиция - оқыту құралдары - бұл көрнекіліктер мен бақылау құралдары, олар қолайлы, 
алайда оларсыз да оқуға болады; 2-позиция - оқыту құралдары - оқудағы мақсатқа жетуді қамтамасыз 
ететін басты, жалғыз жол. Қалған компоненттер оқыту құралдарына сәйкес болып, олардың ерекше-
лігінен туындауы керек; 3-позиция - оқыту құралдары мұғалім мен оқушы қарым-қатынастарының 
жүйесінде қарастырылуы керек. Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, И.П. Калошина сияқты алғыңғы 
қатарлы ұстаздардың тәжірибесі мен эксперименттік зерттеулері қарастырылады. Оқыту құралдарының 
түрлері: материалдық және саналы (вербалды, материалданған). Оқыту әдістемесінде оқыту құралдарын 
қолдану жағдайы. 
Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері ең алдымен сабақта 
шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріліп, тереңдетіледі. 
Сабақ - химияны оқыту формасы. Бүкіл оқу-тәрбие беру жүйесі, оқу мен тәрбие берудің мазмұны мен 
әдістері компоненттерінің күрделі кешені сабақ барысында жүзеге асады [3]. 
Оқытудың негізгі формасы - сабақтың мән-мағынасы. «Сабақ» ұғымына берілген анықтамалар. 
119 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
М.Н. Скаткиннің анықтамасы (1969 ж.). Сабақ қызметтері: білім беру, тәрбиелеу, ынталандыру, дамыту, 
өздігінен білім алу. Сабақ қызметтерін оңтайлы жүзеге асыру үшін қажетті әдістемелік жағдайлар: әр 
сабақтың білімділік, тәрбиелік және дамыту мақсаттарын нақты анықтау; сабақтың мазмұны мен оқу 
материалының көлемін оңтайлы белгілеу, негізгі және елеулі деген бөліктерін бөліп қарастыру; оқушы-
лардың танымдық қызығушылығын қамтамасыз ететін оқытудың мейлінше тиімді әдістері мен тәсілдерін 
іріктеу; сабақты тиянақты ұйымдастыру (уақтылы бастау, жұмысты логикалық тұрғыда келісті істеу, 
сабақты толығымен аяқтау, сабақ өткізудің белгілі бір қарқынын сақтау); көрнекі құралдарды оңтайлы 
пайдалану. Сабақтың негізгі құрылымдық бөліктері (компоненттері). 
Дәстүрлі сабақ пен технологиялық тұргыда уйымдастырыглган сабақ (блокты-технологиялық сабақ) 
құрылымдарының салыстырмалы сипаттамасы. Технологиялық тұрғыда ұйымдастырылған сабақтың 
артықшылығы. Оны өткізу жолдары. Сабақты жоспарлау. Дәстүрлі сабақ жоспарының міндетті 
компоненттері: сабақ өтетін күн, сабақтың тақырыптық жоспарға сәйкес реттік нөмірі; сабақтың тақыры-
бы; сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаттары; сабақ құрылымы, яғни сабақтың негізгі бөліктері мен кезеңдерін, 
оларға бөлінетін уақытты белгілеу; сабақ мазмұны (оқу материалын бірқатар мағыналық бөліктер -
«адымдарға» бөлу); сабақтың әрбір бөлігі бойынша оқушы мен мұғалім жұмысының әдістері мен 
тәсілдері; сабақтың әрбір кезеңіне арналған құрал-жабдық; үй тапсырмасы. Технологиялық тұрғыда 
ұйымдастырылған сабақты жоспарлау. Сабақтың технологиялық карталар мазмұны: күтілетін нәтиже; 
игерілетін білімнің оқушы үшін маңызы; сабақ алгоритмі; оқыту әдісі, ұйымдастыру формасы, оқушы іс-
әрекетін (логикалық, танымдық, жаттықтыру және білімді есепке алу, интеллектуалдық) ұйымдастыру 
жолдары, ақпарат көздері, негізгі ұғымдар, сабақты бағалау, үй тапсырмасы [4]. 
Сабақ түрлері. Педагогика мен химияны оқыту әдістемесінде сабақтың түрлерін ажыратудағы әртүрлі 
критерийлер мен пікірлер бар. Сабақтың дидактикалық мақсаттарына қарай ажыратылатын түрлері: 
аралас сабақ, жаңа материалды меңгеру сабағы, қайталау сабағы т.б. Химияны оқыту әдістемесінің 
классиктері Н.Е. Кузнецова мен С.Г.Шаповаленьконың пікірі бойынша сабақтың келесі химиядан 
өтілетін материалдың сипатына қарай ажыратылатын типтері: 
1) жаңа білім мен білікті игеру; 
2) теориялық білім мен білікті жетілдіру және қолдану; 
3) білімді қорыту және жүйеге түсіру; 
4) бақылау - есепке алу; 
5) аралас сабақ мазмұндағы сабақтар. 
Осы жіктелістердегі сабақтар түрлерін қазіргі оқу бағдарламаларына сәйкес химиядан жоспарлау 
мүмкіндіктері. Химияны оқытуда оның мазмұндық ерекшелігіне қарай бөлетін сабақ түрлері (көбіне 
қолданылатын жіктеліс): зертханалық сабақ, сарамандық сабақ, топсеруен, дәріс, семинар. Қазіргі кезде 
сабақты технологиялық тұрғыда ұйымдастыру (интенсивтендіру, интеграциялау) жағдайында сабақ-
тарының таза күйінде немесе аралас (үйлестірілген, кешенді) түрінде өткізілу жағдайы. Мұғалімнің 
аралас сабақтың құрамындағы әртүрлі іс-әрекеттерге (зертханалық тапсырмалар, сарамандық жұмыс т.б.) 
қойылатын талаптарды жете білуі, оларды толыққанды сақтауының маңызы бар. Мәселен, жоғарыда 
аталған сабақтың кең қолданыстағы түрлеріне тоқталсақ. 
Зертханалық сабақ - химияны оқыту формаларының бірі, оның ерекшеліктері, маңызы. Зертханалық 
сабақтардың тақырыптары бағдарламалық минимум). Зертханалық сабақтың құрылымы (нақты 
мысалдар). Зертханалық жұмысқа қойылатын талаптар. Зертханалық жұмыстың зерттелетін материалдың 
мазмұнына қарай ие болатын сипаты (иллюстрациялық, зерттеу немесе аралас) болып ажыратылады [5]. 
Мектеп дәрісі (лекциясы) - химияны оқыту формаларының бірі, оның ерекшеліктері, маңызы. Мектеп 
дәрісіне қойылатын талаптар. Оқыту практикасында қолданылатын мектеп дәрісінің түрлері: кіріспе, 
ағымдағы және қорытынды. Мектеп дәрісінің құрылымы, осы формада өткізілетін тақырыптар мысал-
дары. Дәрістің семинар сабағымен байланысы. 
Семинар - жоғары сынып оқушыларының білім-білікті меңгеру формаларының бірі, оның ерекше-
ліктері, маңызы. Семинар сабағына қойылатын талаптар. Топсеруен - химияны оқыту формаларының 
бірі, оның ерекшеліктері, маңызы. Мұғалім білуге тиіс топсеруен ережелері. Топсеруен сабағының оқу 
процесінде пайдалану уақытына қарай (кіріспе, ағымдағы, қорытынды) және мазмұнына қарай ажыраты-
латын түрлері. Химиядағы топсеруен сабақтарының саны көрсетіледі. 
Химияны оқытуды күнтізбелік (перспективалық) және тақырыптық жоспарлау. Химияны оқытуды 
жоспарлау түрлері: күнтізбелік немесе перспективалық (жылдық) жоспар, тақырыптық жоспар. Күнтіз-
белік жоспарды жасауда көзделетін мақсаттар. Күнтізбелік жоспардың әдеттегі бөлімдері: реттік нөмірі, 
120 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
121 
тарау мен тақырып, сағат саны, өтікізілетін уақыты, орындалғандығы туралы белгі. Күнтізбелік жоспар-
дың өзге (п.ғ.к. А.Т. Темірболатованың ҚР БҒМ бекіткен мұғалімнің жұмыс дәптерлеріндегі) нұсқасының 
бөлімдері: реттік нөмірі, өтікізілетін күні, сағат саны, сабақ түрі, сабақ әдісі, сабаққа керекті құрал-
жабдықтар, пәнаралық байланыс, пайдаланылған әдебиеттер, үйге тапсырма, ескертпе. Күнтізбелік 
жоспарға толықтырулар мен өзгертулер енгізу жағдайлары, тәртібі. Күнтізбелік жоспардың тақырыптық 
жоспармен байланысы. Дәстүрлі сабаққа арналған тақырыптық жоспар <— сабақтың технологиялық 
карталары. Дәстүрлі сабаққа арналған тақырыптық жоспардың мазмұны: сабақ мақсаты, сабақтың түрі, 
сабақтың әдісі, керекті құрал-жабдықтар, пайдалынған әдебиеттер, сабақтық құрылымы, үйге тапсырма. 
Химия курсының 8-сыныптағы алғашқы тарауындағы - «Таза заттар мен қоспалар» тақырыптық 
жоспары ұсынылады. Заттың қасиеттерін зерттеу таза зат және қоспа ұғымдарына әкеледі. 
«Ұғым» сөзінің түсінігі. Н.Е. Кузнецова мен С.Г. Шаповаленьконың химия пәніндегі ұғымдарды топ-
тастыруы: ғылыми, қарапайым-күрделі-жалпы химияның арнайы ұғымдары. Химия пәнінің құрылымын 
құратын басты химиялық ұғымдар. Химиялық ұғым түрлері. Ұғымдардың біртіндеп күрделенуі. 
Қарапайым ұғымдардың күрделі ұғымдарға айналуы, арнайы химиялық ұғымдар, олардың ерекшеліктері. 
Жалпы химиялық ұғымдар, олардың қалыптауы. И.Д. Зверев, Б.Д. Комиссаров және т.б. әдіскерлердің 
ұғымдарды маңыздылығына қарай жіктеуі. І деңгейдегі химиялық ұғымдар: «жай зат», «күрделі зат», 
«қоспа», «таза зат». ІІ деңгейдегі химиялық ұғымдар: атом, элемент индексі, коэфицент т.б. ІІІ дейгейдегі 
химиялық ұғымдар: химиялық элементтерінің салыстырмалы атомдық массалары, заттың салыстырмалы 
молекулалық массасы, химиялық формула бойынша есептеулер. Әр деңгейдегі ұғымдар арасындағы 
байланыстың маңызы, оның материя біртұтастығын көрсетіледі.Оқушыларда химиялық ұғымдарды жас 
ерекшелігіне қарай күрделендіре отырып қалыптастыру жолдарын ескеруіміз керек. 
Химиялық ұғымдардың оқушылардың жас ерекшелігіне қарай берілуінде реттіліктің маңызы. Күрделі 
химиялық ұғымдардың («Атом-молекулалық ілім деңгейдегі түсініктер», «Атом - құрылысы теориясы 
және периодтық заң мен жүйе тұрғысынан қарастырылатын түсініктер», «Электролиттік диссоциация 
теориясы туралы түсініктер») химияның соңғы курстарда берілуінің, ал «зат», «молекула», «зат қасиеті» 
сияқты ұғымдардың пәннің алғашқы курстарында оқытулуының мәні қарастырылады. Осыдан кейін, 
химияны оқыту барысында білім-білікті багалау жолдары баяндалады. 
Мұнда оқушылардың химияны меңгеру нәтижесін тексерудің маңызы не, олардың оқу материалы 
бойынша игеруге тиіс білім-біліктері мен оқу бағдарламасы. Химия пәнінен оқушылардың алған білім-
білігін тексерудің әр алуан түрлері. Қамтылатын оқу материалының көлемі мен өткізілу уақытына қарай: 
оқушылардың білім-білігін ағымдағы (сабақ сайын), тақырыптық (мезгіл-мезгіл, немесе аралық) және 
қорытынды тексеру түрлері. Тексеру әдісіне қарай: жеке және фронтальді ауызша, жазбаша, графикалық, 
практикалық және тестілік тексеру түрлері. Мылқау сурет, терминологиялық және графикалық диктант, 
кесте арқылы тексеру, сигналдық карточкалар, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс, пікірталас т.б. 
Ұлттық бірыңғай тестілеу мен тестілеу әдісі [6]. 
Қорыта келе, оқыту әдістері мен тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктері, мұғалімдер 
қызметіне ұсыныс-нұсқаулар ретінде едәуір дәрежеде көмегін тигізеді. Оқушылар білім-білігін 
бағалаудағы объективтілік пен субъективтілік және бағалауға қатысты мұғалімнің кәсіби әдебінің 
нормалары ажыратылады. 
1. Нұгыманұлы И. Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі. - Алматы: print-s, 2005. - С. 354 
2. David R. Lide. Methods and techniques in teaching chemistry. //CRC Handbook of Chemistry and Physics, 87th 
Edition. - 2006-2007. - 2388 р. 
3. Мырзабайұлы А. Оқыту әдістерін жіктеу негіздері. Химия мектепте. №2. - 2003. - Б. 22-29. 
4. Өнербаева З.О. Химия сабақтарындагы оқыту әдістерін жүйелеудің педагогикалық негіздері. Химия 
мектепте. №4. - 2009. - Б.12-19. 
5 Құрманәлиев М.Қ. «Қазіргі педагогикалық технологиялар: оқу құралы». - Алматы, 2010. - 242 б. 
6. Кузнецова Н.Е. Методика преподавания химии. -М.: Просвещение. - 1984. - 336 с. 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
Резюме 
Унербаева З.О. - доцент, к.п.н., uner 68@mail.ru 
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
Методы и приемы в обучении химии 
В статье рассматриваются взгляды и мнения ученых на примере методики преподавания химии методы и 
приемы, а также их систематизация в учебном процессе. Так как дисциплина «Методика преподавания химии» 
является педагогической наукой, а также преподаваемой дисциплиной в ВУЗе, многие понятия и взгляды изъяты из 
педагогики и дополнены химическими особенностями. 
Несмотря на разные определения дидактиков, объединяющие все взгляды факт - методы обучения приведены 
как путь организации учебно-познавательной деятельности. А также подводя их итог приводим их определения. 
В педагогике, а также в методике преподавании химии методы обучения классифицируются по разным 
критериям. Е.Я. Голан впервые полностью охарактеризовал систему методов сформированный в 1960 г. 
В дальнейшем по результатам работ дидактики в классификации методов свои взгляды выдвинули 
М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер, Б.П. Есипов, М.А. Данилов, а также казахстанские видный методист И.Н. Нугманов. 
И.Н. Нугманов и А.М. Мырзабаев проделав подробный обзор классификации всех методистов предложили свою 
классификацию методов. 
Методы обучения в методике преподавании химии одна из педагогических наук как важнейшие особенности 
категории. Приведены ответы ученых, методистов и учителей практиков на вопрос «Как необходимо учить?». 
Дается объяснение связи и этимологии понятии «Метод» с давно используемым альтернативным словом 
«Методика». 
Ключевые слова: процесс обучения, метод обучения, приемы обучения, эволюция методов преподавания, 
классификация методов обучения, учебно-познавательная деятельность учащихся, уровни познавательной 
активности, учебная деятельность, ожидаемые результаты. 
Summary 
Unerbaeva Z.O. - Docent, Cand. Ped. Sciences, uner 68@mail.ru 
Kazakh National Pedagogical University named after Abai 
Methods and techniques in teaching chemistry 
In the article looks and opinions of scientists are examined on the example of method of teaching of chemistry methods 
and receptions, and also their systematization in an educational process. Because discipline «Method of teaching of 
chemistry» is pedagogical science, and also taught discipline in Institute of higher, many concepts and looks are withdrawn 
from pedagogics and complemented chemical features. 
In spite of different determinations of didaktikov, uniting all looks fact - teaching methods are resulted as a way of 
organization of educational-cognitive activity. And also working out their total bring their determinations over. 
In pedagogics, and also in a method teaching of chemistry teaching methods are classified on different criteria. 
E.Ya. Golan first fully described the system of methods formed in 1960. 
In future on results works of didactics in classification of methods the looks pulled out M.N. Skatkin, I.Ya. Lerner, 
B.P. Esipov, M.A. Danilov, and also Kazakhstan visible methodist I.N. Nugmanov. I.N. Nugmanov and A.M. Myrzabaev 
doing the detailed review of classification of all methodists offered the classification of methods. 
Teaching methods in a method teaching of chemistry one of pedagogical sciences as major features of category. Are the 
answers of scientists, methodists and teachers of practical workers resulted for a question «As necessary to teach?». 
Explanation of connection and etymology is given concept «Method» with an a long ago in-use alternative word «Method». 
Keywords: teaching process, teaching method, receptions of teaching, evolution of teaching methods, classification of 
teaching methods, educational-cognitive activity of student, levels of cognitive activity, educational activity, expected results. 
122 

Абай атындагы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
ӘОЖ 54.001.76 
Б И Л И Н Г В А Л Д Ы  О Қ Ы Т У - Х И М И Я Н Ы  О Қ Ы Т У Д Ы Ң  Ж А Ң А  Ә Д ІС І  Р Е Т І Н Д Е 
Қобланова О.Н. - х.г.к., доцент, Жетісай қаласы, «Сырдария» университеті, 
koblanova. o. n@mail. ru, 
Назарқұлова А.О. - ІІ-курс магистранты, Жетісай қаласы, «Сырдария» университеті, 
bekjan@mail.ru 
Абдуразова П.А. - PhD докторант, Шымкент қаласы, М. Әуезов атындагы ОҚМУ. 
abdurazova-p@mail. ru, 
Райымбеков Е.Б. -І-курсмагистранты, Шымкент қаласы, М.Әуезов атындагы ОҚМУ. 
eplusr@bk.ru, 
Еліміздегі білім саласын жетілдіру ен алдымен оку пәндерінін сапасын арттырумен байланысты. Осы орайда 
билингвалды білім беру манызды рөл аткарады. 
«Билингвалды окыту» үғымы белгілі бір пәнді окъгту және пәндік білім алуды кос тілдін (ана тілі және баска) 
өзара байланысы негізінде окытуды карастырады. 
Қазіргі танда Қазакстанда коғамнын жанаруы, әлемдік және еуропалык мәдениет және білім беру салаларынын 
интеграциялануы кезінде жана шарттарға сәйкес келетін билингвалды білім берудін тәжірибесі пайда болып, осы 
мәселеге катысты ғылыми және әдістемелік орталыктар ашылуда, мемлекеттін және аймактын мәдени-үлттык 
ерекшеліктерін айкындайтын, билингвалды білім берудін және полимәдениеттілік тәрбие берудін әртүрлі әдіс-
тәсілдерін үйымдастыруда тәжірибесі бар осындай үйымдарға кызығушылык артып отыр. Билинвалды білім берудін 
саяси-коғамдык мәні коғамнын және экономиканын жаһандануы, халыкаралык кат^інастард^ін н^іғаю^імен 
сипатталатын Еуропадағы және әлемдегі геосаяси мәселелердін орын алуына байланысты артып отыр. 
Билингвалды окытудын негізгі максаты - әлемдік тәжірибеге сүйене отырып үздіксіз билингвалды білім берудін 
теориялык-әдіснамалык және дидактика-әдістемелік негіздерін жасау. Осы максатка жетуде мынадай міндеттерді 
айкындап отырмыз: 
- билингвизмді көпөлшемдік пәнаралык феномен ретінде оны теориялык негіздеу және педагогикалык 
ерекшелігін айкындау; 
- орта мектеп химия курсында билингвалды білім берудін әдістемесін жасау және тиімділігін тәжірибе жүзінде 
аныктау. 
Макалада окытудын жана технологиясы-химияны билингвалды окытудын теориялык аспектілері, оны үйымдас-
тыру және оку үрдісіне енгізу жолдары карастырылды. Окушылардын танымдык кабілеттерін, сөздік корын молайту 
максат^інда, сонымен катар билингвалды окытудын химиядағы орнын көрсету максат^інда 8-с^ін^іптағы «Сутегі» 
такырыбына билингвалды окытудын әдістемесі жасалынды. Сабак әдістемесінде химиялык лабиринт, артығын тап, 
бірізді аударма, сөзжүмбак келтірілген. Окушылардын сабак нәтижесі туралы ой-пікірлерін саралау үшін кері 
байланыс әдісі ретінде инсерт кестесі дайындалды. Сонымен катар, химияны билингвалды окыту барысында 
мүғалімге койылатын талаптар, окытушынын іс-әрекеттері, окушымен жүмыс жасай алу жағдайлары келтірілген. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет