24
2. Қатысушы мемлекеттер жарымжан баланың ерекше қамқорлыққа құқылы екенін
мойындап, жәрдем сұрап өтініш берген жағдайда және де егер, баланың денсаулығы мен
ата-анасы немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететін басқа адамдардың жағдайы
өтінішке сәйкес болған күнде бала мен оның қамқоршысына ресурс мүмкіндіктеріне қарай,
жәрдем беруді қолдап, қамтамасыз етеді.
3. Жарымжан баланың ерекше мұқтаждығы танылып, осы баптың 2-тармағына
сәйкес, көмек ата-анасының немесе балаға қамқорлықты
қамтамасыз ететін басқа
адамдардың қаржылық ресурстары ескіріліп, мүмкін болғанынша, тегін беріледі және
жарымжан баланың білім беру, кәсіби даярлық,
медициналық қызмет, денсаулығын
қалпына келтіру, еңбек етуге дайындау салаларындағы қызмет көрсетулерге колы жетуін
және мәдени дамуын қамти отырып, тұлғалық іріленуіне септігін тигізетіндей демалу
құралдарына қолын жеткізуді мақсат етеді.
4.
Қатысушы мемлекеттер халықаралық ынтымақтастық рухында профилактикалық
денсаулық сақтау және медицина саласында, жарымжан балаларды психологиялық дәне
функционалды емдеу саласына қатысты ақпараттармен алмасуға,
соның ішінде, қатысушы
мемлекеттердің осы саладағы мүмкіндіктері мен білімін жақсартып, тәжірибесін кеңейту
үшін реабилитация, жалпы білім беру және кәсіби даярлық тәсілдері жөніндегі
ақпараттарды таратуға және оған қол жеткізуіне ықпал етеді. Осыған байланысты дамушы
елдердің сұранысына ерекше көңіл аударылуға тиіс.
24-бап
1. Қатысушы мемлекеттер баланың неғұрлым жетілдірілген денсаулық сақтау
жүйелері қызметімен, науқастарынан емдеу мен
денсаулығын қалпына келтіру
құралдарымен пайдалану құқығын мойындайды. Қатысушы мемлекеттер бірде-бір бала
медицина жүйесінің мұндай қызметіне қол жеткізу құқығынан айырылып қалмауын
қамтамасыз етуге ұмтылыс жасайды.
2. Қатысушы мемлекеттер осы құқықтың толық жүзеге асуына қол жеткізуге күш
салады, соның ішінде:
а) нәрестелердің шетінеуі мен бала өлімінің деңгейін төмендету;
ә) алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға баса көңіл аудара отырып,
қажетті медициналық жәрдем көрсетуді және барлық балалардың денсаулығын сақтауды
қамтамасыз ету;
б) дертке және ашқұрсақтыққа қарсы күрес, соның ішінде алғашқы медициналық-
санитарлық көмек шеңберінде, қоршаған ортаның ластану қаупі мен қатерін ескере отырып,
оңай қол жететін технологияны пайдалану жолымен барынша құнарлы тағамдарымен және
таза ас суымен қамтамасыз ету;
в) бала туғанға және босанғаннан кейінгі кезеңдерде аналардың денсаулығын сақтау
жөнінде тиісті қызмет көрсету;
г) қоғамның барлық топтары, соның ішінде
ата-аналар мен балалардың, баланың
денсаулығы мен тамақтануы, баланы ана сүтімен емізіп асыраудың артықшылығы, баланың
қоршаған ортаның гигиенасы мен тазалығы және келеңсіз оқиғалардан сақтандыру жайлы
хабардар болуын, сондай-ақ білім алуға қол жеткізуін және осындай білімді пайдалануына
қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;
д) профилактикалық медициналық көмек және отбасы мөлшерін жоспарлау
саласындағы ағарту жұмыстары мен қызмет көрсетулерді дамыту.
3. Қатысушы мемлекеттер баланың денсаулығына теріс ықпал ететін дәстүрлі ем
тәжірибесін жою мақсатында кез келген тиімді және қажетті шараларды қабылдайды.
25
4. Қатысушы мемлекеттер осы бапта танылған құқықты толық жүзеге асыруға бірте-
бірте қол жеткізу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты ынталандыруға және оны
дамытуға міндеттелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: