Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж


-бап. Балалардың тең құқықтылығы



Pdf көрінісі
бет22/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   100
Байланысты:
Эл.портф. Бузаубакова Бупетаева ПОСЛ ВАР 1 курс 2018-2019

4-бап. Балалардың тең құқықтылығы 
1. Тегіне, нәсіліне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтік және мүліктік 
жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне, денсаулық 
жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдеріне қатысты өзге де мән-
жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие. 
2. Некеден және некесіз туған балалар тең әрі жан-жақты қорғауды пайдаланады. 
5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу 
1. Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген жағдайларды қоспағанда, 
баланың құқықтарын шектеуге болмайды. 
2. Баланың құқықтарын шектеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілер 
олардың қабылданған кезінен бастап жарамсыз болып табылады және олар қолданылмауға 
тиіс. 
2-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙТІН 
 МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ 
 
6-бап. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясаттың мақсаттары 
1. Қазақстан Республикасының балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясатының 
мақсаттары: 
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды 
кемсітушілікке жол бермеу; 
2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін негізгі кепілдіктерін нығайту, 
сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру; 
3) бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру, баланың 
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдар құру; 
4) балалардың дене бітімі, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан 
дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбітшіл сезімдерді 
тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесі, мемлекет 
халықтарының дәстүрлері, ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қол жеткізуі үшін 
мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу; 


35 
5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін 
қалыптастыру жөніндегі нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады. 
2. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат мемлекеттік органдар қызметінің 
басым саласы болып табылады және: 
1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге; 
2) балаларға толымды тәрбие беруді, олардың құқықтарын қорғауды, оларды қоғамда 
толымды өмір сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттік 
қолдауға; 
3) аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, балалардың өмірін жақсартуға 
бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеуге және сақтауға; 
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны, оған зиян келтіргені үшін 
лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына; 
5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге 
асыратын қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттік қолдауға негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет