33
Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асыруға
байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) баланың)
бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
2)
заңды өкілдері – ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы,
патронат тәрбиеленушісі, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың орнында
қамқорлық жасайтын, білім, тәрбие беретін, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын
адамдар;
3)
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының
шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп
танылуына, олар өлді деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп
танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-
анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан
жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен
алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де
жағдайларда жалғыз басты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;
4)
жетім бала – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған
бала;
5)
мүгедек бала – тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау
қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан,
кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегіз
жасқа толмаған адам;
6)
қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығымен мүддесін
қорғаудың құқықтық нысаны;
7)
қамқоршылық – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқығы мен
мүддесін қорғаудың құқықтық нысаны;
8)
патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкілетті мемлекеттік
орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам (патронат тәрбиелеушісі)
жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегі тәрбиенің
нысаны;
9)
баланың әлеуметтік бейімделуі – өмірлік қиын ахуалға тап болған баланың
қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеру және қабылдау
арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ
басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;
10)
бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
Достарыңызбен бөлісу: