113
іс-әрекеттерін бағалай алса, сонымен қатар өз бойындағы адами құндылықтарын
жоғалтпаса, біздің өміріміз қоршаған ортамен үйлесімді болар еді. Өмірімізде қызыққа
толы ғажайыптар көбірек болатын еді. Денсаулығымыз жақсарып, басқа адамдармен
қарым-қатынасымыз нығая түсетін еді. Біз өзімізді шығармашыл тұлға ретінде
қалыптастыратын едік. Осының барлығы біздің әсер етуімізсіз-ақ болатын еді.
1-жүргізуші: Тренингті бастамас бұрын көңіл-күйімізді анықтап алсақ.
«Ағаш» жаттығуы. (Оқушылардың көңіл күйін анықтау)
Жаттығу мақсаты: Топ оқушыларының көңіл күйін анықтау.
Нұсқау: «Көздеріңізді жұмыңыздар және өздеріңізді қандай да бір ағашпын деп
ойлаңыздар. Енді сіздер ойлаған ағаш қандай, айналадағы ауа-райы қандай, және сіздердің
ағаштарыңыз өздерін қалай сезініп тұрғаны туралы айтып беріңіздер.
2-жүргізуші: Қ.Нақысбеков
Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,
Жігіттің керек мұны аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның
Тіптен оңай адасып, сандалуы.
Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,
Әдептілік әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның кем болғанын көрмедім,
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.
Достарыңызбен бөлісу: