Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж


ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ 10 ИДЕЯСЫ



Pdf көрінісі
бет43/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   100
Байланысты:
Эл.портф. Бузаубакова Бупетаева ПОСЛ ВАР 1 курс 2018-2019

ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ 10 ИДЕЯСЫ 
Педагогикалық тәжірибе көпшілік және озық болуы мүмкін. Озық педагогикалық 
тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді. Өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің 
материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкіндіктерінің кеңеюімен 
педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болды. Сонымен бірге озық тәжірибе 
педагогика ғылымы мен практикасының қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы 
қызмет те атқарады. Озық педагогикалық тәжірибені жасау және таратуда мұғалімнің 
көзқарасы үлкен рөл атқарады. 
Озат тәжірибе - әдеттегі қалыпты деңгейден жоғары табыстарға жеткізетін 
педагогикалық іс-әрекеттердің кешенді жиынтығы, жалықпай шығармашылықпен еңбек 
етудің нәтижесі. 
Озат тәжірибе деп мұғалім мен оқушының еңбегін барынша жеңілдететін, оқыту мен 
тәрбиелеу саласында ерекше табыстарға жеткізетін жекеленген мұғалімдердің пайдаланған 
іс-тәжірибесін айтады. 
Озат тәжірибе - логикалық әдіс-тәсілі жағынан ерекше нәтиже беретін, жалпы мектеп 
қабырғасында қолдануға болатын ең тиімді тәжірибе. 
Озат тәжірибенің ең жоғары деңгейі - жаңашылдық. Озат тәжірибенің авторларын
жаңашыл мұғалімдер деп атайды. Жаңашыл мұғалімдер жаңа идеяны ұсынады, сондықтан 
оларды жаңашыл дейді. Олардың негізгі идеясы – ұстаздық қызметтестік, яғни ұстаз бен 
шәкірттің қызметестігі. Жаңашыл мұғалімдердің 10 идеясы бар: 
- Балаларға деген адамгершілік қатынас, әрбір оқушыны жеке тұлға деп қарау. 
- Оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат-мүддесін, ынтасын, қабілеттілігін, 
әлеуметтік жағдайларын танып білу. 
- Оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу, оларды оқу-тәрбие үрдісінің 
әріптесі, субъектісі қылу, баланың тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала отырып, танымдық 
іс-әрекетке араластыру. 


53 
- Оқушыларға үлкен мақсаттар қоя білу және оқушылардың сол мақсат–тарға жете 
алу сенімін нығайту. 
- Балалар ұжымына сүйену, ұстаз бен оқушылардың ұжымдық шығарма–шылығы. 
- Оқушыларға, мүмкін болған кезде, тапсырмаларды еркін таңдау құқығын бере алу. 
- Бағдарламалық материалдарды ірі блоктарға біріктіру, тірек сызбалар мен тірек 
конспектілерін пайдалану. 
- Оқушыларды ұжымдық және даралық өзін-өзі тани білуге үйрету. 
- Оқушыларды ұжымдық, қоғамдық шығармашылыққа үйрету. 
- Шығармашылық тұрғыда өзін-өзі басқару ( 1-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет