Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж


Креативті педагогтың келбеті



Pdf көрінісі
бет46/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   100
 
2. Креативті педагогтың келбеті 
Креативті педагог ұдайы ізденісте болады, шығармашылығы қалыптасады, алынған 
нәтижелерді зерттейді, сұрыптайды, нәтижесінде өзінің дербес инновациялық іс-тәжірибесі 
қалыптасады, өз іс-әрекетіне талдау жасайды. 
Шығармашылықты дамыту үшін белгілі бір жағдайлар мен шарттардың қажеттілігі 
жайлы ойды Б.А.Оспанова жалғастыра отырып, шығармашылықтың дамуы үшін ашық 
пікір білдіруге болатын, жағымды ахуалдың болуы, сондай-ақ тұлғаның өзіндік бағасын 
арнайы педагогикалық әдістермен толықтырып отыру қажеттілігіне тоқталады. Ғалым 
тұлғаның шығармашылық қабілеттері интеллектуалдық, әлеуметтік, практикалық сияқты 
әртүрлі салада болуы мүмкіндігін айтады. Өзінің мазмұны жағынан ол біріншіден оқуға 
деген қабілеттілік, мәдениетті меңгере алушылық, «мектептік дарындылық» (кейбір 
балалардың өз қатарларынан озық тұруы), екіншіден «креативтілік» түрінде байқалуы 


56 
мүмкін. Ондай балаларға «жаңалық» ашатын өз шығармашылығынан, дайын материалды 
игеру әлде қайда қиынырақ екеніне тоқталады . 
Шығармашылықты жалпытұлғалық сапа деп тану позициясы Б.А.Тұрғынбаева 
да тән. Ол белгілі бір салада шығармашылықпен жүзеге асыратын адам ақиқатқа тұтас 
қарау үшін өзінің психикалық сапаларын бағыттауы тиіс деген ойын дәлелдейді.
3-суретте креативті педагогтың келбеті ашылды. 
Сурет-3. Креативті педагогтың келбеті 
Креативті педагог - жаңа технологияның қыр-сырын меңгерген, өз ісіне үлкен 
жауапкершілікпен қарайтын, педагогикалық процесті нәтижеге бағыттай алатын, әрбір 
шәкірттің жүрегіне жол табатын, оқушыларды шығармашылық ізденіске бағыттай алатын, 
ұдайы шығармашылық ізденістегі интеллектуалды тұлға, шебер мұғалім. 
Креативті педагогтың кәсіби өсуінің құрамды бөліктері болып табылатындар: кәсіби 
іс-әрекет; кәсіби мәдениет; кәсіби құзіреттілік; кәсіби шеберлік ( 4-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет