Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж



Pdf көрінісі
бет45/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   100
Креативтілік - пайдалы идеяларды туғызуға 
қабілеттілік: 
- соны идеялар тудыру; оларды шешуге қалыптан 
тыс тәсілдерді пайдалану
- белгісізге қарай табысты қадамдар жасау; 
- адамның қарапайым ойлауынан жоғары тұрған 
ойлау арқылы жаңа идеялар туғызу. 
Тұрғынбаева 
Б.А. Андрогогика. – 
Алматы: 
Алатау, 
2011. - 84 б. 
3.4. 
Креативтілік – ақпараттық, ағымдық процестерде 
байқалатын тұлғаның қасиеті: 
- ақпараттық ішкі құрылымдарға енуі арқылы 
пайда болатын тұлғаның сапасы; 
- гипотеза ұсынғанда шешімді іздегенде және 
оның дұрыстығын дәлелдеуге көрінетін қасиет. 
Тұрғынбаева 
Б.А. Андрогогика. – 
Алматы: 
Алатау, 
2011. - 85 б. 
«Креативті» ұғымы жаңа гуманистік психология бағытында жаңа мәнге ие болды 
деуге болады. Мысалы, Э.Фромм шығармашылықты талдауды оның өнімі тұрғысынан 
емес, сол әрекеттің адам үшін қаншалықты маңызы бар екендігі тұрғысынан қарауды 
ұсынады. «Кенеттен пайда болған шығармашылық әрекетте адам өзінің мәнін жүзеге 
асырады, өзінің заттар және адамдар әлеміндегі байланысын сезініп, іштей тұтастығын 
көрсетеді» - деген ой айтады. Бұл тұжырым креативтілік адамның тұтастығын қамтамасыз 
етіп, өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ашылмаған қасиеті деген қорытынды 
жасауға әкеледі ( 2-сурет). 
Қалыптан тыс 
ойлау 
Шығармашылық 
Жаңашылдық 
әрекет 


55 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет -2. Креативтілік ұғымының мәні 
Шығармашыл тұлға – ол жалпыадамдық және шығармашылық сапалары өзара тығыз 
байланыстағы біртұтас, дамушы, динамикалық жүйе. Адамның психологиялық-
физиологиялық ерекшіліктері мен тектілігі, яғни ішкі сапалары мен сыртқы факторлардың 
ықпалдастығы шығармашылық процесте бір-бірімен әрекеттесе отырып, тұлғаның жаңа 
сапалық деңгейге көтерілуіне әсер етеді. 
Адамның шығармашыл болу мәселесі барлық уақыттарда гуманитарлық 
ғылымдардың, әсіресе психологияның өзекті мәселесі болып келді. Дегенмен қазіргідей әр 
адамның өз тағдыры мен кәсіби және жеке бағыттары жетістіктері үшін өз жауапкершілігі 
артып отырған уақытта ішкі резервтерді іздеудің маңыздылығы арта түсті. 
Педагогика ғылымында педагогтың кәсіби өсуіне ерекше мән беріледі. Педагогтың 
кәсіби өсуі бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетте өзінің кәсіби 
біліктілігін көтеру бойынша жеткен жетістіктері, нәтижелі табыстарымен анықталынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет