C#-та қосу, азайту, КӨбейту, БӨлу амалдары



бет6/19
Дата14.10.2023
өлшемі0,94 Mb.
#115131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
КВАДРАТ ТЕҢДЕУІН ШЕШУ
Біз бүгін кез-келген квадрат теңдеуін шешетін бағдарлама құрастырамыз. Дискриминант пен екі бірдей түбірін табамыз. Бағдарламаны жасау үшін бізге:
Квадрат теңдеуінің формуласы:

Дискриминантты табу формуласы:

Егер дискриминант нөлден үлкен жағдайда түбірлерін табу формуласы:

Дискриминант нөлге тең жағдайдағы түбірлерін табу формуласы:

Керек болады.
Енді бағдарламаны жасауға көше беруге болады.
1. Келесі форманы жасауымыз керек

Мұнда 3-textBox, 2-label, 1-Button компоненттері қолданылған. Шешімін арнайы MessageBox-та жариялаймыз
2. Button батырмасын екі рет шертіп, айнымалыларды жариялаймыз
double a = Convert.ToDouble(textBox1.Text);
double b = Convert.ToDouble(textBox2.Text);
double c = Convert.ToDouble(textBox3.Text);
3. Дискриминантты жариялаймыз
double d = b * b - 4 * a * c;
4. Енді біз уақиғаның үш түрлі өрлеуі мүмкін екенін білеміз:
1) Егер дискриминант нөлден үлкен болса, оның екі түбірі болады
2) Егер дискриминант нөлге тең болса, бір ғана түбірі болады
3) Егер дискриминант нөлден кіші болса, мүлдем түбірі болмайды
5. Олай болса келесі шарттар орындалуы керек
if (d < 0)
{
MessageBox.Show("D<0. Түбірі жоқ");
}
if(d == 0)
{
double x=(-b/2*a);
MessageBox.Show("D=0. Түбірі "+x+".");
}
if(d > 0)
{
double x1 = ((-b - Math.Sqrt(d)) / 2 * a);
double x2 = ((-b + Math.Sqrt(d)) / 2 * a);
MessageBox.Show("D= " +d+ ". Бірінші түбірі= "+x1+". Екінші түбірі= "+x2+".");
}
6. Бағдарламаны жүктеп, оған мәндер беріп, тексеріп көрейік



C#-ТА ФИБОНАЧЧИ САНЫНЫҢ N-ШІ МҮШЕСІН ТАБУ
Жоғарыда біз Фибоначчи сандар тізбегін біз енгізген санға дейін шығаратын бағдарлама құрған болатынбыз. Енді тек қана, бізге керек N-ші мүшесін экранға шығаратын бағдарлама құрамыз.
Фибоначчи сандарын еске түсірейік:

Енді, қолданушы көргісі келетін элемент нөмірін алуымыз керек.
Ол үшін келесіні тереміз:
Console.WriteLine("Фибоначчи тізбегінін қандай мүшесін көргіңіз келеді?");
int number = Convert.ToInt32(Console.ReadLine());
Консольға біздің сұранысты шығарып, қолданушы енгізген мәнді string типінен int типіне конвертациялаймыз.
Int 32-разрядты бүтін сандар типі болғандықтан, оның диапазовны біршама кең, бірақ шексіз емес (-2 147 483 648 пен 2 147 483 647 аралығындағы сандар). Сондықтан, шексіз Фибоначчи санын көру үшін қоданушы енгізетін аралықты шектейміз. Ол аралықтан шықпайтын сан 48-ші сан болғандықтан if операторын қолданамыз:
if (number > 48)
{
Console.WriteLine("Кешіріңіз, бағдарлама Фибоначчи сандар тізбегін тек 48 мүшесіне дейін есептей алады");
}
Егер енгізген сан 48-ден үлкен болса, бағдарлама келесі хабарламаны шығарады:



Сонымен қоса, біз бірден кіші сандарды енгізуге тиым саламыз.
Жалпы бағдарламамызда үш шарт болады: егер енгізген сан 48-ден үлкен болса, егер енгізілген сан 1-ден кем болса және 1-48 арасындағы элементтер. Бұл жағдайларда if-else операторы қолданылады:
If(шарт 1)
{
Бірінші амалдың орындалуы;
}
else if (шарт 2)
{
Екінші амалдың орындалуы;
}
else
{
Үшінші амалдың орындалуы;
}
Осы қағида бойынша екінші шартты жазамыз:
else if (number < 1)
{
Console.WriteLine("Фибоначчи тизбегинде ондай элемент жок");
}
Консольда ол былай бейнеленеді:



Енді, бізге қажетті аймақтағы элементті есептеп шығаруға көшеміз:
else
{
int bir = 1;
int eki = 1;
int sum = 0;
int j = 2;
while (j <= number)
{
sum = bir + eki;
bir = eki;
eki = sum;
j++;
}
Console.WriteLine("Номерли болып " + number + " Фибоначчи тизбегинде турган сан " + bir);
}
Бастапқы екі элемент әрқашан 1-ге тең, sum-ға бірінші және екінші қосындысын енгіземіз, яғни bir пен eki. Оған қоса j-айнымалысын енгіземіз. Ол тізбектің элементтерін санауға, қажетті элементті анықтауға керек болады.
Console.ReadLine();
жолағын ұмытпаймыз.
Нәтижесінде келесідей болып консольға шығады:

Бағдарламаның толық листингісі:
using System;
using System.Collections.Generic;
using System.Linq;
using System.Text;
using System.Threading.Tasks;
namespace fibo
{
class Program
{
static void Main(string[] args)
{
Console.WriteLine("Фибоначчи тизбегинин кандай мушесин коргиниз келеди?");
int number = Convert.ToInt32(Console.ReadLine());
if (number > 48)
{
Console.WriteLine("Кешириниз, багдарлама Фибоначчи сандар тизбегин тек 48 мушесине дейин есептей алады");
}
else if (number < 1)
{
Console.WriteLine("Фибоначчи тизбегинде ондай элемент жок");
}
else
{
int bir = 1;
int eki = 1;
int sum = 0;
int j = 2;
while (j <= number)
{
sum = bir + eki;
bir = eki;
eki = sum;
j++;
}
Console.WriteLine("Номерли болып " + number + " Фибоначчи тизбегинде турган сан" + bir);
}
Console.ReadLine();
}
}
}


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет