Cабақта қолданылатын стратегиялар



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата31.03.2023
өлшемі0,79 Mb.
#78053
1   2   3   4   5   6
Джигсо стратегиясы 


Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір 
адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды 
түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір 
шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа 
топқа барады. Бұдан кейін елші ӛз тобына қайтып оралып, 
білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір 
сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан 
құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс 
елшінің тілді қолдану шеберлігін кӛрсетеді, әрі белсенді 
тыңдаушылар тобын қалыптастырады.
Өкіл 


Радио жүргізушісі талқыланатын тақырыпты 
таңдайды. Студия қонақтарына (тӛрт оқушыға) рӛлдік 
карточка беріліп, олар сол карточкадағы рӛлдерін 
ойнайды. Тыңдаушылар аудиториясы (сыныптағы 
оқушылар) баға береді, сұрақ қою үшін «қоңырау 
шалады», ескертпелер жасайды және т.б. 
Тікелей радиоэфир (РАФТ) 


Бұл әдісті қолданудың әртүрлі жолдары бар. Айталық: 
қабырғаға немесе тақтаға пікірлер немесе сұрақтар жазылған 
бірнеше түрлі-түсті қағаз ілінеді, болмаса оларды үстелдің 
үстіне қоюға болады. Оқушылар оларды оқып, стикерлерге ӛз 
ойларын жазып қалдырады. Екінші жолы: 3/4/5 адамнан 
тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе ол 
жӛніндегі ӛз ойларымен бӛлісіп, талқылап, стикерге ӛз 
ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды. Оқушылар 
стикерлерде ӛз пікірлерін /эмоцияларын білдіре алады. 
Стикердегі диалог 


 Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың 
түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. 
Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ 
немесе ойдан шығарылған) де, олардан 
мәселені талқылау барысында барлық ой 
операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы 
қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте 
жүргізу сұралады. Бұл әдістің кӛздегені: 
осылайша мәселенің немесе ойдың барлық 
аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып 
топтарға бӛлініп, бір топқа бір түсті қалпақ 
беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет