Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқиды.
3. Сұрақ-жауап.
Қадыр Мырза-Әлі қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
« Жеті» өлеңінің авторы кім?
Неліктен қазақ халқы жеті санын киелі сан деп санаған?
( 5- слайд)
Қадыр Мырза-Әлі өмір бойы қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі.
( 6- слайд)
Ақын өзін « Өмірбаян орнына» өлеңінде:
Бәрін тез-тез болады деп кім күткен!
Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен.
Мырзалының
Үміт артқан өлгенше
Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен.
Жүз демеймін-
Түсінеді жөнді ұққан
Жалғыз едім мен бір ірі сомдықтан.
Жалғыз едім өспей қойған атадан,
Жоғалуға қақым жоқты сондықтан!
Өлең жаздым тоғыз тарау,
Жеті өрім.
Сездім соның жүректерге жетерін,- деген.
5.Сұрақ- жауап.
Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме?
Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17- ғасырда Тәуке ханның « Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болған. Қайтыс болған адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурызкөжеге де жеті тағам салып пісіреді.
(7.8.9 - слайд)
Достарыңызбен бөлісу: |