14.Қазақстанның жеті кереметі:
Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
Тайқазан
Айша бибі мазары
Тамғалы жартас суреттері
Алтын адам
Домбыра
Күлтегін ескерткіші
( 20,21,22 - слайд)
15.Өзге де Шығыс шайырлары тәрізді қазақ халқының ақындары жеті ғашықтың бәрін де жырға қосып, дастан етіп жырлаған. Олар: 1. Ләйлі- Мәжнүн. 2. Зылиқа –Жүсіп. 3. Фархад- Шырын. 4. Таһир- Зуһра. 5. Арзу- Қамбар. 6. Мәлік- Жамал. 7. Зияда- Бозжігіт.
(23 - слайд)
16.Тапсырмаларды орындау:
7 санынан басқа қандай тағы да қазақтың киелі сандарын білесіңдер?
( 3,9,12,40)
«Сатылай талдау технологиясы» бойынша сөзге фонологиялық талдау сызбасын қайталап 3,7,9,12,40 сандарына ауызша фонологиялық талдау жасау.
( 24,25,26- слайд)
«Қасиетті» сөзіндегі дыбыстарға сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жасау.
( интерактивті тақтада)
( 27-слайд)
17.Сандар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
1. Жеті рет өлшеп , бір рет кес.
2. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
3. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.
4. Мыңның жүзін білгенше,
Бірдің атын біл.
5.Бір жылға қоян терісі де шыдайды.
6. Бірінші байлық- денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық- он саулық.
7. Елуінде ер- дана,
Елуінде ел- жаңа.
(28,29,30- слайд)
IV.Сабақты қорытындылау. Оқушыларға топтық тапсырма беру.
( сыныпты үш топқа бөлу әр топ өзінің ережесін ұсынады және қорғайды)
Тапсырма: Әр топ мектеп оқушысының 7 тараудан тұратын ережесін құру.
18. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Қадыр Мырза –Әлі – сегіз қырлы, бір сырлы дарын. Табиғат перзенті – ақын, ал сол перзенттің қолдаушысы халық. Халық аман болса, ақын да аман, ақын да бақытты. ( 31- слайд)
Бақыт деген- досыңның табағында,
Бақыт деген- домбыра шанағында,
Бақыт деген- өзіңнің босағаңда,
Бақыт деген- халықтың қабағында.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: Өз беттерімен қазақтың қасиетті сандары туралы мағлұмат жинау.
Достарыңызбен бөлісу: |