Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, кестелер
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, кластер құру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ.
1.Ой шақыру.
Балалар , « Жеті» дегенде сендерге қандай ой келеді?
(3- слайд « Ой шақыру)
Жеті
2. Ал , енді , Қадыр ағамыздың « Жеті» өлеңіне көңіл бөлейік.
Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып шығуы.
( 4- слайд « Жеті» өлеңі)
« Жеті» .
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қабат көк жер үсті
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы- заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз- жеті жұрт,
Ағайынды жеті құт.
Өлеңнің түсінігін айту;
Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті саны қазақта киелі сан. Оны мына өлең сөздерінен де көруге болады. Жеті жасқа келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатады. Аспанымызда жеті жұлдыз қордаланып орналасқан жеті қарақшы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |