Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Киелі сандар сырын ашу, сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып оқушылардың білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.
Тәрбиелік:Оқушыларға өз елін қастерлеуге, Н.Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы «7» санын қастерлеп көрсеткенін айта отырып, халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.